1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы



бет71/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті «Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы» арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы желтоқсандағы оқиға Қазақстандағы ұлтшылдықтың көрінісі деп бағаланды.1989 жылы мамыр-маусымда КСРО халық депутаттарының І съезінде дарынды ақын Мұқтар Шаханов «Желтоқсан оқиғаларына» әділ баға беруді талап етті. Желтоқсан оқиғаларына байланысты түпкілікті баға беру жөніндегі комиссия құрылды. Комитет төрағасы болып КСРО халық депутаты, ақын Мұхтар Шаханов тағайындалды.
Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы 1990 жылғы қыркүйектің 24-і күні қаулы қабылдап, онда қазақ жастарының 1986 жылы желтоқсанда Алматыда болған бой көрсетуі ұлтшылдық сипат алмағаны және бастапқы сатысында заңға қайшы болмағанын атап өтті. Осыдан кейін сол кездегі Қазақстан Орталық Партия Комитетінің бірінші хатшысы Н.Назарбаевтың тікелей араласуымен, ұсынысымен КОКП Орталық Комитетінің Қаулысындағы қазақ ұлтшылдары деген айыптау алынып тасталды. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Алматы қаласында 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-інде болған оқиғаға байланысты жағдайларға түпкілікті баға беру жөніндегі комиссияның тұжырымдары мен ұсыныстары Жоғарғы Совет Президиумының мәжілісінде қаралып, баспасөзде жарияланды. 1991 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқандары үшін жазықсыз сотталғандарды ақтау туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Осының нәтижесінде нақақ сотталған ақталды.
«Кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйеге тұңғыш демократиялық қарсылық 1986 жылы желтоқсанда Қазақ елінде, Алматы қаласында басталды» деп айтамыз .Желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызы зор болды. Желтоқсан көтерілісі Кеңес одағындағы демократиялық өзгерістерге жол ашып берді, қазақ халқының ұлттық рухы мен саяси санасының өрлеуңне алғышарт жасады,әлемдік қауымдастыққа қазақ деген халықтың бар екендігін паш етті,тотолитарлық жүйенің ыдырау процесін тездетті,қазақ халқының тәуелсіздігіне жол ашты.
54. ХХ ғасырдың аяғындағы Қазақстандағы ұлт-азаттық сананың өсуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет