1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайлары. Қазақстан халқының форумы



бет99/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

74.Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайлары. Қазақстан халқының форумы.
Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы — Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ең жоғарғы органы.
1992 жылы  28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Алматы қаласында Қазақтардың 1-ші Дүниежүзілік құрылтайы болды. Оған алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Германия, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия, жалпы 33 елден 800-ден астам өкіл қатысты.


Құрылтай күндері “Қазақтар: кеше, бүгін және ертең” деген тақырыпта ғылыми конференция болды. Конференцияда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев “Құшағымыз бауырларға айқара ашық” деген тақырыпта баяндама жасады. Қазақ халқының тағдыры, ата-баба мұрасы, тілі, бүкіл дүние жүзіндегі қазақтарды біртұтас ұлттық мемлекетіне біріктірудің құқықтық негіздері, т.б. мәселелер жөнінде баяндамалар тыңдалды.
Осы құрылтайда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерін талқылап, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды.


Дүниежүзі Қазақтарының 2-ші Құрылтайы 2002 жылдың күзінде Түркістан қаласында өтіп, онда тарихи отанына оралуды аңсап жүрген қандастарымыздың қатарының толығуы жайында сөз болды. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды.

2005 жылы 27-28 қыркүйекте 3-ші құрылтай Астанада өткізілді. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соның ішінде Ресей, Қытай, Аустрия, Чехия, Норвегия, Италия, Сингапур, Мысырдан 300-ден аса өкіл, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы, Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты. Құрылтайда шетелде тұратын қазақтарды Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тарихи отанына инвестициялар орналастыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды.

4-құрылтай 2011 жылдың 25-27 мамыры аралығында елордамызда өтіп, алқалы жиынға 35 таяу және алыс шет елден, Қазақстанның өңірлерінен, Астана мен Алматы қалаларынан 700-ден астам қонақ қатысқан болатын. Құрылтай барысында Нұрсұлтан Назарбаев қандастарымызға қолдау көрсетіп, қамқорлық жасаудың нақты жолдарын айқындап алуымыз керектігін атап көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет