1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы



бет18/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   126
Байланысты:
тарих ответы
1 trimester Unit 7, 1 trimester Unit 7, ДТ рефератт1
Қазан төңкерісі —  1917  жылы 24 қазанда Петроградта уақытша үкіметке қарсы Владмир Ильич Ленин бастаған большевиктер қарулы көтеріліс ұйымдастырды. 25 қазанда кеңестерді жақтаушылар қаланың негізгі нысандары вокзал,телефон станциялары,банкты басып алды. Уақытша үкімет құлатылып оның мүшелері тұтқындалды. Бұл мемлекеттік төңкеріс еді. 25 қазанда Ленин Ресей азаматтарына үндеу жариялады. 1917жылы 25 қазанда Смольныйда Кеңестердің Бүкілресейлік II сьезі ашылып онда Ленин жұмысшыларға,солдаттарға және шаруаларға үндеу оқыды. ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды. Сондайақ Ленин дайындаған кеңес үкіметінің Бітім және Жер туралы декреттер қабылдады. Алғашқысында 1914 жылы Басталған бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің үкіметтері мен халықтарына аннекциясыз  және контрибутциясыз демократиялық бітім жасау ұсынылса, Жер туралы декретте жерге жеке меншік жойылып, ол жалпы халықтық мемлекеттік меншік болып жарияланды. 1917 жылы 3 қарашада Ресей халықтары құқықтарының декоарациясы жарияланса 20 қараша Ресей және Шығыс мұсылман еңбекшілеріне үндеу жарияланып мұсылман халықтарының ұлттық және мәдени мекемелеріне салт дәстүрлеріне қол сұғылмайтындығы айтылды.
Петроградтағы қарулы көтеріліс,кеңес үкіметінің орнағаны туралы хабар Қазақ өлкесіне де жетті. 1917 жылы 30 қазанда Перовск (Қызылорда) кеңес үкіметі орнады. 1 қарашада қарулы көтеріліс нәтижесінде Ташкентте кеңестерт билігі орнады.
1 қараша қарулы күреспен Ташкентте орнады. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада (Тараз ), Түркістан Қазалы, Арал поселкесінде және Сырдария облысының басқа да ірі елді мекендерінде қан төгізсіз бейбіт жолмен орнады.Төңкеріс қарсыластарының күштері көбірек шоғырланғыан Орынбор,Орал,Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы көшті. Кеңес өкіметінің ең соңғы орнаған ауданы –  Орал  болды, онда жаңа өкіметтің билігі наурыз айында жұмысшылардың қолына көшті. Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылы наурыз айына дейін(6 айда) Кеңес өкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті. Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласында алғашқы өзгерістер енгізіле басталды. Олар :

  • ескі мекемелер, оның, ішінде уақытша өкіметінің комиссарлары, отарлау-шенеуіктік  әкімшілік қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сот жүйелері жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары кеңестерінің қолына өте бастады;

  • Ескі мемлекеттік аппараты қирату отарлау саясатына берілген үлкен соққы болды. Ол еңбекшілердің кеңес жұмысына белсене қатысуына жағдай жасады;

  • шіркеу мемлекеттен, мектеп шіркеуден ажыратылды;

  • ерлер мен әйелдер теңдігі іске асырылды,

  • төңкеріске қарсылар мен күрес жөніндегі төтенше комиссиялар, милиция құрылды;

  • кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдер ашылды;

  • кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет