1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегіндегі ұлттық тарихты зерделеу



бет112/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   126
Байланысты:
тарих ответы
1 trimester Unit 7, 1 trimester Unit 7, ДТ рефератт1
83.Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегіндегі ұлттық тарихты зерделеу.
Нұрсұлтан Әбiшұлының қаламынан туындаған еңбектерін атап өтер болсам: “Әдiлеттiң ақ жолы” (1991), “Тәуелсiздiгiмiздiң бес жылы” (1996), “Ғасырлар тоғысында” (1996), “Тарих тағылымдары және қазiргi Қазақстан” (1997), “Қалың елiм, қазағым” (1998), “Тарих толқынында” (1999), “Қазақстан-Ресей қатынастары” (1999), “Бейбiтшiлiк кiндiгi” (2001), “Сындарлы он жыл” (2003), “Евразия жүрегiнде” (2005),
Назарбаевтың 1999 жылы жарық көрген «Тарих толқынында» атты кітабында қазақ халқының өткені мен кеткенін ой елегінен өткізіп, өз болжамдарын, қазақтардың арғы төркіні мен шығу тегін, даму жолдарын әлемдік тарихи құбылыстар шеңберінде, солармен тығыз байланыстыра қарастырған. Кітаптың «Ұлттық келбетті ұлықтайық» деген алғашқы тарауында ұлтымыздың қасиетті сипаттары мен қастерлеуге тұрарлық құндылықтарын сараптап, жан-жақты талдайды. Аталған еңбегінде Н.Назарбаев ұлттық рухты қайта түлетудегі және дамытудағы қазақ зиялыларының ролін ерекше атап көрсетеді. Қазақ этносы – мыңдаған ғасырлардың жемісі, өз аумағының ежелгі тұрғыны дей келе Н.Назарбаев осы кітабында қазақ ұлтының қазіргі мекені, ол ежелден ата-бабамыздың бізге қалдырған мол мұрасы екенін атап көрсеткен. Кітаптың «Қазақ даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы» деген тарауы осыған қызмет етеді. Назарбаев қазақтың түркі тілдес халық ретінде оның ежелгі тарихын Евразия құрлығындағы көшпелі ұлы мемлекет – Түркі қағанатының тарихымен байланыстырады. Сондай-ақ аталған кітаптың үшінші «Мәдениет келешегі» деген тарауында Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте мәдениет қандай болу керек деген мәселе ерекше сөз болады. Бұл мәселе жөнінде ол « Қазақстандағы диаспоралардың өз мәдениетінен қол үзбеуімен қатар қазақ елінің жалпы ұлттық мәдениетін игеруге, оны өзі атсалысып, дамытып отырған ортақ мәдениет деп қарауға дағдылануы қажет дей келе Елбасы қазіргі жағдайда әлемде болып жатқан ақпараттық үлкен үрдіс кезінде, ағылшын тілінің экспансиясы шапшаң белең алып,тұрмыста күшті сұранысқа ие болып отырғанында, ертеңгі келер ғасырда қазақ мәдениетінің күні не болатынына, нарық дәуірінің мінез-құлқы мәдениет жасаушылардың жаңа буынына нендей ықпал ететініне де алаңдауын жасырмайды. Н.Назарбаев осы кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» тарауын қоғамдағы интеллигенцияның тарихи ролін пайымдауға арнаған. Бүгінгі қазақ зиялыларының бойында сонау бағзы заманнан келе жатқан парасаттылық дәстүрлері барлығын айрықша атап көрсетеді. Кітапта теориялық жағынан кең қарастырылған мәселе –ұлттық бірегейлік жайы. Елбасы баршаны бір тілге, бір идеологияға, бір мәдениетке көшіруге тырысудың өзіміз бастан кешірген сабағы бұл саясаттың зиянды болғанын алға тартады. Н.Назарбаев қазақтың өзіндік ұлттық өрлеуін қамтамасыз ете отырып, бірегей этникалық санасын қайта жаңғырта, түлете түсуді басты міндет ретінде алға қояды. Сонымен кітапта бірегейлендірудің бірінші деңгейі – біздің азаматтық әрі саяси бірлігіміз деген тұжырым жасайды. Бұл деңгейдің мәнін Н.Назарбаев «өзіміз азаматтық саяси тағдырымызды барша азаматтардың тағдырымен бірдей дәрежеде қорғайтын Қазақстан мемлекетімен ұштастыруда жатыр» деп түсіндіреді. Бірегейліктің екінші деңгейін ол қазақтардың өздерінің ұлттық бірегейлігімен байланыстыра қарастырады. кітаптың «Тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар» деген таруында Ұлттық идея сырттан танылмай, қоғамның өз ішінде пісіп жетіліп, ұлттың тұтастығының мәнін түсінуге қызмет етеді деп көрсетеді. Орталық Азия халықтарына, ежелгі замандағы сияқты, бірыңғай сыртқы экономикалық саясат,бірыңғай кеден, салық бақылауы, бірыңғай қауіпсіздік жүйесі қажет, сол тиімді, деп жазады Елбасы. Бұл аймақта интеграциялау үшін негізгі алғышарттардың бәрі бар. Соларды жете пайдалану – басты міндет. Бұл ойларын Н.Назарбаев кітаптың «Орталық Азияның мемлекеттері және тарих тағылымдары» деген тарауында кеңінен сөз етеді. Кітаптың қорытынды тарауы «Тарихтың шеңберлері және ұлттық зерде» деп аталады. Мұнда Н.Назарбаев Қазақстан тарихын он екі кезеңге бөліп қарастырады. Мұндай кезеңдерге тарихымызда бірінші рет ұсынылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет