1.XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы. XX ғасырдың басында-ақ Қазақстан көп ұлтты елге айналды да, ғасыр басында Қазақстанның негізгі территориясы алты облысқа бөлінді: Сырдария мен Жетісу облыстары Түркістан генерал-губернаторлығына (орталығы - Ташкент
қаласы), ал Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстары – Дала
генерал-губернаторлығының құрамына кіргізіліп, Ішкі (Бөкей)ордасының территориясы Астрахань губерниясына, ал Маңғыстау Закаспий облысына қаратылды.Осы кезеңде Ресей империясының ішкі губернияларынан көші-қон ағынының дамуы нәтижесінде Қазақстан халқының тез өскендігі де аңғарылды. Оған дәлел: Ресей империясының бірінші жалпыға бірдей санағынан кейінгі алғашқы екі онжылдықта (1897-1917 жж.) Қазақстан халқының саны 4147,7 мың адамнан 5045,2 мың адамға, яғни 25,7% көбейген. Ал, өлкенің демографиялық деректерінің табиғи өсу деңгейіне салыстырмалы талдау жасасақ, мынадай цифрлардыаңғаруға болады. Өлкенің сол кездегі негізгі алты облысы бойынша1897-1906 жылдарда жалпы алғанда бір мың адамға халықтыңтабиғи өсімі 11,3%, ал 1907-1916 жылдарда -15,3%; Ақмола облысыбойынша орыстар мен украиндардың үлес салмағы 1897 жылғы 33,0% 1917 жылғы 55,7% дейін өскен де, осы екі онжылдық ішінде
халықтың табиғи өсімі 38,9% болған.Ал, қазақтары басым облыстарда табиғи өсімнің едәуір төменболғандығы көрінеді: Жетісуда - 25,7%, Сырдарияда - 25,6%, Оралда – 20%, Семейде - 15,6%. Сөйтіп, Қазақстанның байырғы халқының
үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың,украиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкіаймақтарынан жаппай қоныс аударуының аңғаруға болады. XX ғасырдың басында Ресей патшалығының отары ретіндегі Қазақстанда негізінен өнеркәсіптің екі саласы, яғни таукен өндірісі мен кен-зауыт өнеркәсібі, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркәсіп жатқызылды. Әсіресе, тау-кен өнеркәсібі түсті металдар мен темірдің бай кен орындарын пайдаланып жатқан Алтай мен Орталық Қазақстанда өркендеді. Бірақ, ғасыр басында мыс, алтын, темір жөне басқа қазба байлықтарын шығаратын еліміздің таукен кәсіпорындары, негізінен, шетелдік акционерлікқоғамдардың қолына көшті.Мысалы, 1904 жылы Лондонда пайда болған Спаск мыс кендерінің ағылшын-француз акционерлік қоғамы Спаск-Успенск мыс кені мен заводын, Саран Қарағанды тас көмір кенін және рудниктерін түгелдей сатып алып, пайдаланды.Қазақ өлкесінің ғасыр басындағы тау-кен өнеркәсібінің басты салаларының бірі алтын шығару болды.Сонымен қатар, Екібастұзда, Қарағандыда, Саранда көмір кен орындары мол пайдаланылды. Өндірілген көмір темір жолмен және су жолдарымен Ресейдің Пермь губерниясына, Омбы мен Барнаулға, сондайақ, өлкенің Павлодар, Қызылжар және басқа да қалаларына жеткізіліп отырды.Осы кезеңде Батыс Қазақстан өңірі мен Орал-Ембі аймағында мұнай шығару өнеркәсібі де біршама дамыды.Бірақ, ол кәсіпорындар толығымен шетел капиталистерінің билігінде қала берді.Осындай себептерге байланысты, Қазақстанның кен өнеркәсібі бұл кезеңде жергілікті капитал негізінде өсіп шыққан жоқ.Оны сырттан келген орыс және шетел капиталы жасады. Оның өнімі түгелдей дерлік өлкеден тыс жерлерге әкетілді, ал пайда XX ғасырдың басынан бастап шетелге кетіп жатты.Осының бәрі кен өнеркәсібінің Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өсуіне ықпалын күрт кемітті.
Сонымен қатар Ембінің мұнай кәсіпорындарында 12сағатқа дейін, алтын өндірілетін кен орындарда 10-12 сағат,тұз өндірілетін кәсіпшіліктерде 14-16 сағатқа дейін созылды.Міне,осындай әлеуметтік теңсіздіктердің басымдылығын көрген және кәсіп иелерінің өздеріне алалаушылық жасап, құқықтарынан айыру шараларын
басынан өткізген қазақ жұмысшылары ерекше ауыр жағдайда болды.
Осының бәрі күрделеніп келіп, қазақ жұмысшыларын
өздерінің әлеуметтікэкономикалық және қоғамдық-саяси жағдайларын жақсарту мақсатындағы күреске итермеледі.