Кіріспе
Екі өткізгішті бір-біріне түйістірген кезде жылулық қозғалыстың
әсерінен электрондар бір өткізгіштен басқа өткізгішке өтеді. Егер түйісетін
өткізгіштер әртүрлі материалды болып келсе немесе олардың әртүрлі
нүктелеріндегі температуралары бірдей болмаса ,онда электрондар
диффузиясының екі жақты ағындары бірдей болмайды, осының нәтижесінде
бір өткізгіш оң, ал екіншісі-теріс зарядталып қалады. Сондықтан өткізгіштің
ішінде және өткізгіштер арасындағы сыртқы кеңістікте электр өрісі пайда
болады. Тепе-теңдік күйінде өткізгіштің ішінде диффузия ағындарының
айырмашылығын дәл компенсациялайтын өріс тұрақталанады.Осы электр
өрістерінің болуына өткізгіш-жартылай өткізгіш түйісулерінде пайда
болатын бірқатар құбылыстар негізделінген.
Жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігін зоналық теория негізінде
кванттық механика жан-жақты түсіндіріп бере алады.Жартылай өткізгіштер
мен диэлектриктерден принципиалдық айырмашылығы жоқ. Себебі бұл
екуінде де еркін зарядты тасымалдаушылар жоқ, оларды пайда ету үшін
кейбір энергия жұмсау керек. Бірақ егер бұл энергия диэлектриктер үшін өте
үлкен болса, ал жартылай өткізгіштер үшін ол аз болады.
Ғылыми абстракциялардың қалыптасу әдісі адамның танымдық іс-
әрекетінің жалпы бір әдісі болып табылады. Математикалық танымның өте
бір кең тараған түріне сәйкестендіру абстракциясы жатады.
Біртекті объектілер жиынын қарастыруда олардың әртүрлі жалпы
қасиеттері айқындалады. Бұл қасиеттерді таңдау зерттеу мақсатына сәйкес
жүргізіледі.
Бұл жағдайда, қарастырылып отырған жиынын объектілерінің
арасындағы маңызды емес қасиеттерге көңіл аудармай, олардың маңызды
ортақ қасиеттері зерттеледі. Осыдан соң ерекшеліп алынған қасиеттердің
көмегімен ажыратуға болмайтын жиын объектілері сәйкестендіріледі.
Өзара сәйкестендірілген объектілердің әрбір класы жаңа табиғатты
объект ретінде формаль тілдің белгілі бір термині немесе таңбасы арқылы
белгіленеді. Ол әрекетте, ерекшеленген қасиеттер жиынтығы бар осы
кластың барлық объектілерінің иелік өлшемінің негізі (бейнесі) болады.
Біртекті объектілер жиынын қарастырғанда ерекшеленген қасиеттер жаңа
үғымдардың мағынасының кері бейнесін кескіндейді және олар
сәйкестендірілген элементтер кластарымен және олардың көлемімен
одақтастырылады.
Сәйкестендіру абстракциясын қолдану нәтижесінде ерекшеленген
математика ұғымдарына (объектілеріне) қатысты, «олар абстракция әдісін
қолдану нәтижесінде алынған» – деп айтады
Жартылай өткізгіштер
— өзінің электрлік қасиеті
жағынан өткізгіштер мен диэлектриктердің арасынан орын алатын
элементтер (мысалы, германий, кремний). Металдармен салыстырғанда
жартылай өткізгіштер электр тоғын аз өткізеді, ол сәулелену кезінде жарық
энергиясының ағымымен өзгере алады. Радиолампалармен салыстырғанда
жартылай өткізгіштік құралдардың көлемі мен салмағы аз, электрлік және
механикалық беріктігі жоғары болады, олар ұзақ уақыт қызмет ете алады
және электр энергиясын аз пайдаланады. Осындай қолайлы қасиеттеріне
орай жартылай өткізгіштерді әскери радиотехникалык аппаратураларда жиі
қолданады.
Жартылай өткізгіштердің ерекшеліктері. Жартылай өткізгіштердің кәдімгі
температурадағы электрөткізгіштігі металдардың электрөткізгішітігі мен
салыстырғанда аз. Өте төмен температурада олар диэлектриктерге ұқсайды.
Жартылай өткізгіштердің электрөткізгіштігі температура мен жарық әсерінен
қатты өзгереді, яғни температура артып және жартылай өткізгіш неғұрлым
қатты жарықталынса, оның электрөткізгіштігі де соғұрлым жоғары болады.
Жартылай өткізгіштердің электрөткізгіштігі оның құрамына өте аз шамада
қоспалар енгізу жолымен басқарылады.
Студенттерге,берілген тақырыпта өткізгіштерден жартылай өткізгіштердің
айырмашылығы, олардың электр өткізгіштігінің температураға тәуелділік
сипатында болуы. Жартылай өткізгіштердің өткізгіштігінің механизмін,оның
ішкі құрылысы арқылы түсіндіруге болатыны туралы түсінік беру.
Ұйымшылдыққа,еңбекқорлыққа,жауапкершілікке,жан-жақты болуға,өз
бетімен жұмыс істеуге ,жұмыс нәтижесіне жетуге тәрбиелеу.