25. Металдардың өткізгіштігінің классикалық теориясы. Оның жетістіктері және кемшіліктері. Металдардағы тоқ деп еркін электрондардың реттелген қозғалысын айтады. Мұндай тұжырымды көптеген ғалымдардың жасаған тәжірибелері дәлелдейді. Сондай тәжрибелердің бірін неміс ғалымы Рикке жасады. Ол тізбектей қосылған үш металл цилиндрлерден бір жыл бойы тоқ жүргізді. Осы уақыт ішінде осы цилиндрлер арқылы Кл заряд өтті. Өлшеулер жүріп өткен тоқтың цилиндрлердің салмағына ешқандай әсерін тигізбейтіндігін көрсетті. Тіпті цилиндрлердің түйіскен жерлерін микроскоппен зерттеген күннің өзінде бір металдың екінші металға енбейтіндігі байқалады. Тәжірибенің қорытындысы зарядтың тасымалдануы атомдармен емес, металдың құрамына кіретін басқа бір бөлшектермен жүзеге асатындығын көрсетті. Бұл бөлшектерді Толмен “электрондар” деп атады. Мұны дәлелдеу үшін Стюарт және Толмен орам саны көп катушканы қатты айналысқа келтіріп кілт тоқтатқанда, электрондар инерция салдарынан қозғалу керек деген пікірді ұсынды. Катушканы гальванометрмен тұйықтап, тежелу уақытындағы тізбектен ағып өткен зарядтың шамасы өлшенген.
Айталық, жылдамдықпен қозғалған ұзындығы , көлденең қимасының ауданы S цилиндрлік өткізгіш кілт тежелсін7 Тежелу кезінде электрондардың кинетикалық энергиясы шамасына кемиді. Осы уақыт кезінде бөлінген жылу мөлшері Джоль-Ленц заңы бойынша:
бұдан , бұл теңдікті интегралдайтын болсақ:
(3.2.7.1)
Осы формуладан электрон зарядының массасына қатынасын табуға болады.
(3.2.7.1) формуласын пайдалана отырып Стюарт-Толмен мыс үшін екендігін анықтады.
Басқа тәсілдермен де, мысалы, электрондардың магнит және электр өрісінде ауытқулары бойынша -ге тең екендігі анықталды. Яғни, тәжрибелер қатынасының бірдей екендігін көрсетті. Сонымен, металдарда зарядты тасымалдаушылар электрондар болатындығы дәлелденді.