1929-1930жылдарғы халыктың барлық бой көрсетулері жеңіліске ұшырады. Мұның басты себебі көтерілісішлердін, нашар қарулануы мен жеткілікті ұйымдаспағандығында еді. Көтеріліс қозғалысының төмендеуіне 1930-1932 жылдардағы аштық та аз рөл атқарған жоқ. Әлсіреп, қалжыраған, аштыққа ұшыраған көшпелілер өз мүдделерін қолдарына қару алып қорғай алмады. Наразылықтың негізгі формасы - Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аудару болды.