1. Заманауи өнеркәсіптік өндіріс және технологиялық процестерді автоматтандыру басқару жүйелері. Жүйе туралы негізгі түсініктер


Математикалық модельдердің негізгі түрлер



бет18/40
Дата26.07.2022
өлшемі82,73 Kb.
#147761
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40
Байланысты:
АСУ ТП 75 сурак

32.Математикалық модельдердің негізгі түрлер
Қолданудың әртүрлі аспектілерін қанағаттандыратын жалпы универсалды модельді жасау мүмкін емес. Басқарылатын объекттің кейбір қасиеттерін қамтып көрсететін ақпаратты алу үшін модельдерді классификациялау қажет.
Классификациялаудың негізінде φ оператордың ерекшеліктері жатады. Уақыттық және кеңістіктік белгілері бойынша басқару объекттердің барлық түрлерін келесі кластарға бөлуге болады: статикалық немесе динамикалық; сызықты немесе сызықты емес; уақыт бойынша үздіксіз немесе дискретті; стационарлы немесе стационарлы емес; параметрлері кеңістік бойынша өзгеретін процестер және параметрлі кеңістік бойынша өзгермейтін процестер. Математикалық модельдер сәйкес объектілерді суреттейтін болғандықтан, оларға да осы кластарды қолдануға болады. Модельдің толық атауына айтылған белгілердің барлығы кіруі мүмкін. Осы белгілер модельдердің сәйкес типтер атауларының негізі болып табылды.
Жүйеде зерттелетін процестер сипаттарына сәйкес модельдердің барлығын келесі түрлерге бөлуге болады.
Процесте кез келген кездейсоқ әсерлер жоқ деп есептелсе, процесс детерминерленген (анықталған) деп аталады; осындай процестерді бейнелейтін модельдер – детерминерленген модель болады.
Ықтималдық процестер мен оқиғаларды бейнелейтін модельдер стохастикалық модель деп аталады; бұл кезде кездейсоқ процестің бірсыпыра іске асырылуы болжанып, орта сипаттамалары бағаланады.


33.АБЖ (АСУ) лингвистикалық қамтамасыз ету.
Кез келген өндірісте технологиялық процестер белгілі бір мәнде шектетілетін физикалық шамалармен сипатталады. Жабдықтардың жұмысы кезінде ол шамалар белгілі бір деңгейде тұрақтануы, не берілген программа бойынша өзгеріп отыруы тиіс.
Кез келген қондырғыда технологиялық процесстің бірқалыпты жүруі белгілі бір ереженің, қызмет алгоритмінің орындалуына байланысты болады. Осы қызмет алгоритмін орындау үшін белгілі бір сыртқы команданы орындайтын қондырғыны, не машинаны басқару обьектісі дейді.
Технологиялық процесті жүргізу үшін басқару обьектісіне әсер ететін тиімді ықпалды басқару дейді. Егер бұл басқару адамның қатысуынсыз жүзеге асса, оны автоматты, ал адамның қатысуымен болса қолмен басқару (ручное управление) деп атайды. Әр обьектіде физикалық шаманың берілген мәнін тұрақтандырып немесе оны белгілі бағытта өзгертіп отыратын басқарғыш құрылғысы болады. Басқару обьектісіне басқару алгоритміне сәйкес өзара әрекеттесе жұмыс жасайтын автоматты басқару құрылғысы мен басқару обьектісінің жиынтығы автоматты басқару жүйесі (АБЖ) деп аталады. Жұмыс барысында автоматты басқару жүйесіне әртүрлі ішкі және сыртқы әсерлер ықпал жасайды. Технологиялық жабдықтардың қай-қайсысы болмасын тұрақты (тағайындалған) режимде жұмыс істеуі керек. Бірақ нақты пайдалану жағдайында әртүрлі қоздырушы әсерлерге байланысты бұл режим ұдайы бұзылатындықтан, технологиялық процестің параметрлері өзгереді. Сол себепті өндірістік жабдықтарды (басқару обьектісін ) басқарып отыру қажет, яғни басқарылатын шама қоздырушы әсердің ықпалына қарамастан берілген ереже (программа) бойынша өзгеретіндей дәл есеппен басқарушы әсерді қалыптастыру керек.
Лингвистикалық қамтамасыз ету – жобаланатын объект, жобалау үрдісі және құралдары жөнінде ақпарат беру үшін АЖЖ-де пайдаланатын тілдер жиынтығы. Сонымен қатар, жобалаушы және ЭЕМ арасындағы сұхбатты және АЖЖ техникалық құралдары арасындағы мәліметтер алмасуды іске асырады. Табиғи тілдің терминдерін, анықтамаларын, қалыптастыру ережелерін, нығыздау және ашу әдістерін қамтиды.
АБЖ лингвистикалық қамтамасыз ету талаптары:

  • АБЖ-нің лингвистикалық қамтамасыз етілуі пайдаланушылардың әртүрлі категорияларының АБЖ автоматтандыруымен оларға ыңғайлы формада байланысуы үшін және АБЖ-да өңделетін ақпаратты түрлендіру процедураларын және машиналық бейнелеуді жүзеге асыру үшін жеткілікті болуы керек.

  • АБЖ-ның лингвистикалық қамтамасыз етілуі жүйенің жұмысының барлық режимдерінде пайдаланушылардың АБЖ техникалық құралдарымен байланысу ережелері түріндегі АБЖ-ны ұйымдастырушылық қамтамасыз ету құжаттамасында (нұсқауларда, сипаттамаларда) көрсетілуі керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет