Есептерді шығару:
1-есеп. Жасушада 2-ші жұп хромосомасының абсолюттік ұзындығы 11 мкм, үлкен иінінің ұзындығы 6 мкм.
1. Берілген хромосоманың иіндік индексі нешеге тең – 1,2
Шығару жолы – 11-6=5; 6/5=1,2
2. Берілген хромосоманың центромерлік индексі қандай – 45%
Шығару жолы – 5/11*100=45%
3. Хромосоманың типі – метацентрлі.
2-есеп. Жасушада 1-ші жұп хромосомасының абсолюттік ұзындығы 5,3 мкм, қысқа иінінің ұзындығы 2 мкм.
1. Берілген хромосоманың иіндік индексі нешеге тең – 1,65
Шығару жолы – 5,3-2=3,3; 3,3/2=1,65
2. Берілген хромосоманың центромерлік индексі қандай – 37%
Шығару жолы – 2/5,3*100=37%
3. Хромосоманың типі – метацентрлі.
3-есеп. Жасушада 4-ші жұп хромосомасының абсолюттік ұзындығы 4,2 мкм, қысқа иінінің ұзындығы 1,9 мкм. 8-ші жұп хромосоманың абсолюттік ұзындығы-3,7 мкм және қысқа иінінің ұзындығы 1,4 мкм
1. Берілген 4-ші хромосоманың иіндік индексі және центромерлік индексі нешеге тең – иіндік индексі =1,21, центромерлік индексі=45%
2. 8-ші хромосоманың иіндік индексі және центромерлік индексі нешеге тең - иіндік индексі =1,64, центромерлік индексі=38%
3. Хромосоманың типі – метацентрлі.
4-есеп. Жасушада 6-ші жұп хромосоманың абсолюттік ұзындығы 13,3 мкм, қысқа иінінің ұзындығы 5,3 мкм, гетерохроматинді бөлігінің ұзындығы 4,2 мкм.
1. Берілген хромосоманың иіндік индексі нешеге тең – 1,5
2. Берілген хромосоманың центромерлік индексі қандай – 40%
3. Гетерохроматин бөлігі берілген хромосоманың қанша ұзындығын алып жатыр (%) – 31,5%
Шығару жолы – 4,2/13,3*100=31,5%
4. Хромосоманың типі - метацентрлі.
5-есеп. Жасушада 7-ші жұп хромосомасының абсолюттік ұзындығы 8 мкм, қысқа иінінің ұзындығы 3,3 мкм, гетерохроматинді аймағының ұзындығы 2,6 мкм.
1. Берілген хромосоманың иіндік индексі нешеге тең – 1,42
2. Берілген хромосоманың центромерлік индексі қандай – 41%
3. Гетерохроматин бөлігі берілген хромосоманың қанша ұзындығын алып жатыр (%) – 32,5%
4. Хромосоманың типі - метацентрлі.
6-есеп. Жасушада 9-ші жұп хромосомасының абсолюттік ұзындығы 1,96 мкм, қысқа иінінің ұзындығы 0,83 мкм, гетерохроматинді аймағының ұзындығы 1,1 мкм.
1. Берілген хромосоманың иіндік индексі нешеге тең – 1,36
2. Берілген хромосоманың центромерлік индексі қандай – 42%
3. Гетерохроматин бөлігі берілген хромосоманың қанша ұзындығын алып жатыр (%) – 56%
4. Хромосоманың типі - метацентрлі.
Достарыңызбен бөлісу: |