1 Зертханалық жұмыс «Хромосомалардың морфологиясы» тақырыбынан алған білімдерін пысықтау, өзін-өзі тексеру, өз бетінше жұмыс істеу үшін тапсырмалар



бет1/2
Дата31.07.2020
өлшемі20,84 Kb.
#75896
  1   2
Байланысты:
Рахимжанов Ернур( Генетика) №1


Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі

С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университет

Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы кафедрасы


ЗТС

Тақырып: Хромосома морфологиясы

Тексерген: а. ш. ғ. қ, аға оқытушы Айдаркулова Рая Садуақасқызы

Орындаған: Рахимжанов Ернур ТППЖ 17-14 топ

Нұр-сұлтан – 2020

1 Зертханалық жұмыс
«Хромосомалардың морфологиясы» тақырыбынан алған білімдерін пысықтау, өзін-өзі тексеру, өз бетінше жұмыс істеу үшін тапсырмалар

1. Хромосома дегеніміз не?

2. Хромосомалар қандай қызмет атқарады?

3. Кариотип, кариограмма, идиограмма дегеніміз не?

4. Хромосоманың параметрлерін атаңыз.

5. Центромера, оның қызметі.

6. Хромосомалардың атқаратын қызметтеріне қарай қандай түрлерін білесіз?

7. Хромосоманың гетерохроматинді және эухроматинді бөліктері, айырмашылықтары.

8. Хромосоманың морфологиясына қарай типтері, айырмашылықтары.

9. Кариотип формуласын қалай жазуға болады? Хромосомаларды сипаттаудың шартты белгілерін атаңыз.

10. Иіндік және центромерлік индексті қалай есептеп шығарады?
Жауабы:

1. Хромосомалар – жасуша ядросында болатын, гендерді тасымалдайтын және организмдер мен жасушалардың тұқым қуалау қасиеттерін анықтайтын органоидтар.

2. Хромосомалар өздігінен көбейе алады, өзіндік атқаратын қызметі мен арнайы құрылымы бар және оны келесі ұрпақта сақтай алады.

3. Кариотип – дене клеткаларындағы хромосомалар санының түрлік тұрақтылығы, саны, ұзындығы, морфологиялық белгілерінің жиынтығы.

Кариограмма – жасуша ядросы хромосомаларының орналасу қатарының, санының, пішінінің және мөлшерінің, яғни жасуша ядросы кариотипінің графикалық көрінісі.

Идиограмма – хромосомалардың көлеміне, сандық қатынасына қарай кариотиптің жалпылама схемалық көрінісі.

4. Хромосомалардың мөлшері ірі қара малдың клеткаларында 2,24-8,48 мкм, қойда 0,95-7,9 мкм, Химиялық құрамы: ДНК - 30-45%, РНК - 10% және белоктардан тұрады: негізгі гистонды белоктар 30-50%, гистонсыз - 4-33%

5. Центромера – хроматидтері бір-бірімен жалғасатын хромосоманың бөлігі. Оның қызметі центромера әрбір хромосомада әртүрлі орналасады да, хромосоманы екі иінге бөліп тұрады.

6. Хромосомаларды үш түрге жіктейді:

1) Тең иінді, метацентрлі – буын хромосом денесін екі тең мүшеге бөледі.

2) Әр түрлі иінді, субметацентрлі дене ұзындығы әр түрлі екі мүшеге бөлінеді.

3) Бір иіні өте қысқа, акроцентрлі.

7. Хромосомаларды бояғанда эухроматинді және гетерохроматинді бөліктері байқалады. Эухроматинді бөлігінде белсенді жұмыс істейтін гендер жиі орналасады да, нашар боялады. Гетерохроматинді бөлігі қанық боялады, белсенділігі төмен гендер тығыз ораналасады.

8. Әдетте хромосомалар саны жұп болып келеді. Оны диплоидты деп атайды да, 2n деп белгілейді. Ал хромосомалар саны тақ болса, оны гаплоидты деп атайды да, n деп белгілейді.

9. Организнің әр түрлі белгілері хромосомалар санымен ғана емес, олардың формасы, көлемі және орналасуына қарай сипатталады. Оны диплоидты деп атайды да, 2n деп белгілейді. Ал хромосомалар саны тақ болса, оны гаплоидты деп атайды да, n деп белгілейді.

10. Ұзын иін ұзындығының қысқа иін ұзындығына қатынасын иіндік индекс деп атайды да, сол арқылы хромосома типтерін анықтайды. Берілген хромосоманың иіндік индексін (І b) анықтау үшін ұзын иін ұзындығын қысқа иін ұзындығының қатынасына бөледі.





Центромерлік индексін табу үшін берілген хромосоманың қысқа иін ұзындығын хромосоманың барлық ұзындығына бөледі, пайызбен өрнектейді (Іс).





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет