№1 Зертханалық жұмыс Жұмыстың тақырыбы



бет11/30
Дата18.02.2018
өлшемі14,41 Mb.
#37990
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30

5-тапсырма. Төменде берілген суретті фигуралардың көмегімен салыңыз.



WordArt объектісімен жұмыс. WordArt объектісін қою үшін Қою => WordArt (Вставка => WordArt) батырмасына басамыз (8.4-сурет).

8.4 – сурет. WordArt объектісі


WordArt объектісінің керек стилін таңдаймыз. Пайда болған WordArt мәтінін өзгерту (Изменение текста WordArt) сұқбат терезесінде мәтінді енгізіп Ok батырмасына басамыз (8.5-сурет).

8.5 – сурет. WordArt мәтінін өзгерту сұқбат терезесі


Жұмыс алағында өзгеріс енгізуге болатын WordArt пішімінде мәтін пайда болады.

Мәтінді пішімдеу немесе оған өзгеріс енгізу үшін оны ерекшелеп, лентада пайда болған WordArt объектісімен жұмыс => Пішім (Работа с объектами WordArt => Формат) орындаймыз (8.6–сурет) немесе жанама мәзірден WordArt объектісінің пішімі (Формат объекта WordArt) командасын таңдаймыз.

8.6–сурет. WordArt объектісімен жұмыс істеуге арналған құралдар


Жиі пайдаланылатын негізгі құралдарға сипаттама берейік:

- мәтінді өзгеріс енгізу;

WordArt объектісінің стилін өзгерту;

- объектіге көлеңке түсіру;

- объектіге көлем беру және т.с.с.
5- тапсырма. Егер x>0 болса, онда y=x+5 әйтпесе y=x2 функциясының блок схемасын сызыңыз.


9 Зертханалық жұмыс


Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Word мәтіндік редакторында диаграмма құру
Жұмыстың мақсаты: Microsoft Word мәтіндік редакторында диаграмма және SmartArt объектілерін (ұйымдастырылған диаграммалар) құруды үйрену.
Жұмыстың мазмұны:

Диаграммалар – мәліметтерді графикалық түрде кескіндеудің ыңғайлы түрі.



Диаграмма құру үшін Қою => Диаграмма (Вставка => Диаграмма) батырмасына басамыз. Жаңа құжатқа диаграмма құратын болсақ, онда жұмыс алаңына диаграмманың 11 типі бар Диаграмманы қою (Вставка диаграммы) сұқбат терезесі пайда болады. Диаграмманың әрбір типінің бірнеше түрлері бар (9.1–сурет).

9.1 – сурет. Диаграмма қою сұқбат терезесі


Мысалы дүкенде бір аптада кір жуатын ұнтақтардың сатылу деңгейлерін көрсететін диаграмма құрайық. Диаграмманың Сақиналы (Кольцевая) типін таңдап, ok батырмасына басамыз. Экранда 9.2 – суреттегідей терезелер пайда болады. Диаграмма құру үшін 9.3 – суретте көрсетілгендей MS Excel –де мәліметтерді енгізіп, осы терезені жабамыз.

9.2 – сурет.


9.3 – сурет. MS Excel –де диаграмма мәліметтерін енгізу


Терезенің жоғары бөлігіндегі лентада Диаграммамен жұмыс (Работа с диаграммами) пайда болады. Конструктор (9.4 – сурет) лентасында диаграмманың стилін, макетін таңдауға және диаграмманың мәліметтерін өзгертуге болады.

9.4 – сурет.


Макет (9.5–сурет) лентасында диаграмманың тақырыбына, легендасына өзгерістер енгізуге, диаграммаға мән немесе пайыз қоюға, сонымен қатар, диаграмманың фонын өзгертуге болады.

9.5 – сурет.


Пішім (Формат) (9.6–сурет) лентасында диаграмманы пішімдеуге болады.

9.6 – сурет.



Алынған нәтиже 9.7 – суретте көрсетілген.

9.7 – сурет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет