№1 Зертханалық жұмыс Жұмыстың тақырыбы



бет20/30
Дата18.02.2018
өлшемі14,41 Mb.
#37990
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30

1-тапсырма. Мәліметтерді кестеде берілгендей енгізіңіз. Мәліметтерді фамилия бойынша өсу қатарымен сұрыптаңыз. Сүзгіні пайдаланып 1 курс студенттерінің тізімін шығарыңыз. Мәліметтерді қатар бойынша топтаңыз.

14.7-сурет.


2-тапсырма. Мәліметтерді кестеде берілгендей енгізіңіз. Мәліметтерді авиакомпания бойынша кему қатары бойынша сұрыптаңыз. Ұшып келген ұшақтардың тізімін шығарыңыз. Сағат 6:05 дейінгі ұшақтардың тізімін шығарыңыз. Мәліметтерді қатар бойынша топтаңыз.

14.8-сурет.


3-тапсырма. Видеокассета прокат пункті берілген. Бағаналардың атын видеокассетаның аты, ұзақтығы, жанры, тақырыбы, шыққан жылы, шыққан жері, кинокомпания, басты актерлар деп енгізіңіз. Мәліметтер қорын 15 жазумен толтырыңыз. Мәліметтерге сұрыптау, сүзгі пайдаланыңыз.
4-тапсырма. Кинотеатр мәліметтер қоры берілген. Бағаналардың атын кинотеатрдың аты, кионтеатрдың адресі, фильмнің аты, фильмнің жанры, фильмнің бағасы, уақыты, күн деп енгізіңіз. Мәліметтер қорын 15 жазумен толтырыңыз. Мәліметтерге сұрыптау, сүзгі пайдаланыңыз.
5-тапсырма. Ресторан мәліметтер қоры берілген. Бағаналардың атын тағамның аты, тағамның бағасы, кухня түрі, категориясы (бірінші, екінші және т.б.; етті, балық, салат және т.б.), тағамның компоненттері деп енгізіңіз. Мәліметтер қорын 15 жазумен толтырыңыз. Мәліметтерге сұрыптау, сүзгі пайдаланыңыз.
6-тапсырма. Кітапхана мәліметтер қоры берілген. Бағаналардың атын кітаптың шифры, аты, авторы, шыққан жері, баспасы, беті, шыққан жылы деп енгізіңіз. Мәліметтер қорын 15 жазумен толтырыңыз. Мәліметтерге сұрыптау, сүзгі пайдаланыңыз.
15 Зертханалық жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Office PowerPoint бағдарламасы
Жұмыстың мақсаты:

  1. Microsoft Office PowerPoint 2007 бағдарламасының негізгі мүмкіндіктерімен танысу;

  2. Microsoft Office PowerPoint 2007 бағдарламасында презентация құруды үйрену;

  3. Microsoft Office PowerPoint 2007 бағдарламасында слайдқа мәтін, сурет, дыбыс, графикалық объектілер енгізуді меңгеру.


Жұмыстың мазмұны:

Microsoft Office PowerPoint 2007 бағдарламасы презентация дайындауға арналған. Microsoft Office PowerPoint 2007 көмегімен конференцияға, жиналысқа және семинарларға түрлі есептер мен баяндамаларды оңай дайындауға болады. PowerPoint файлы слайдтардан құралған. Слайдтарды мөлдір таспа, қағазда, 35-миллиметрлік слайдта бастырып алуға немесе монитордың экранында, не болмаса проектордың көмегімен тақтада көрсетуге болады. Сонымен қатар конспектілерді әзірлеп, материалдарды тыңдаушыларға таратуға мүмкіндік береді.


Сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Microsoft Power Point бағдарламасы қалай іске қосылады?

2. Microsoft Power Point бағдарламасының қандай мүмкіндіктері бар?

3. Автомазмұн шебері қалай іске қосылады?

4. Презентация деген не?

5. Автомазмұн шебері көмегімен құрылған презентацияны өңдеуге бола ма?

6. Бос презентация қалай құрылады? Шаблон көмегімен ше? Айырмашылықтарын ата.

7. Слайдпен жұмыс істеудің қандай режимдері бар?

8. Презентация мәтіндерін өңдегенде қай режимде жұмыс жасаймыз?

9. Слайд ауысуының қандай түрлері бар?

10. Шаблон суреттерін басқа бағдарламада пайдалана аламыз ба?

11. Слайдқа енгізілген суреттердің түрлерін өзгертуге бола ма?

12. Слайдтарды баспаға қалай береміз?

Слайдтарды қолмен басқару үшін ашылған сұхбат терезесінде Слайды ауыстыру=>қолмен (Смена слайдов=>вручную) әдісін таңдап, ок батырмасын басу қажет.



Слайдтарды уақыт өткен сайын автоматты түрде көрсету үшін Слайды көрсету=>Демонстрацияны баптау (Показ слайдов=>Настройка демонстрации) батырмаларын басып, сұхбат терезесінде Слайды ауыстыру=>уақытпен(Смена слайдов=>по времени) әдісін таңдау қажет. Презентацияны уақыт бойынша көрсету үшін әр бір слайдты көрсету уақытын жазып алу керек, ол үшін Слайды көрсету=>Уақытты баптау(Показ слайдов=>Настройка времени) батырмасын таңдау қажет.

Басқарушы батырмаларды қою үшін Қою=>Фигуралар=>Басқармалы батырмалар (Вставка=> Фигуры=>Управляющие кнопки) әмірін орындап, тізімнен қажет болатын батырманы слайдқа қою қажет. Мысалы, бірінші слайдтан екінші слайдқа өту үшін батырмасы қойлады.

Слайдқа дыбыс қосу үшін Қою=>Дыбыс (Вставка=>Звук) әмірін орындап, дыбыс орналасқан файлдың жолын көрсету жеткілікті.


2-тапсырма. Microsoft Office PowerPoint бағдарламасында ұшып бара жатқан ұшақтың және жерде қозғалып бара жатқан қоңыздың анимациясын жасаңыз.

Нұсқау: Microsoft Office PowerPoint бағдарламасының слайдына фон қоямыз (15.11-сурет):

15.11-сурет.


Бұл фонды Microsoft Office PowerPoint бағдарламасының мүмкіншіліктерімен немесе Paint бағдарламасының көмегімен салуға болады. Енді қоңызды салып болғаннан кейін, осы суретті белгілеп Анимация=>Анимацияны баптау (Анимация=>Настройка анимация) батырмаларын басып, Эффект қосу=>Ауысу жолы=>Пайдаланушы жолын салу=>Қисық (Добавить эффект=>Пути перемещения=>Нарисовать пользовательский путь=>Кривая) әмірлерін орындап, жүретін жолды салу қажет (15.12-сурет).

15.12-сурет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет