1 Зертханалық жұмыс Пәні: Басқару объектілерін модельдеу және идентификациялау Тақырыбы:«Жинақталған параметрлері бар объектілерді моделдеудің аналитикалық әдістері»


Simulink пакетінде объект моделінің блок-диаграммасын құру



бет2/5
Дата22.04.2023
өлшемі465,46 Kb.
#175148
1   2   3   4   5
Байланысты:
BIMO 1 zerthana

Simulink пакетінде объект моделінің блок-диаграммасын құру
Simuink пакеті сызықты және сызықты емес динамикалық жүйелер мен құрылғылардың функционалды блок-диаграммаларымен көрсетілетін математикалық моделдерін жасауға негізделген.
Моделденетін құрылғылардың функционалды блок-диаграммаларын құрастыру үшін MatLab жүйесінің Simulink пакетінде блоктық компонентерінің кеңейтілген библиотекасы және блок-диаграммаларды өңдеуге негізделген ыңғайлы редакторы бар. Стандартты элементарлы түйіндердің қосылуының диаграммаларын графикалық түрде жинап, зерттелетін жүйелердің сипаттамалары диалогты режімде енгізіледі.Нәтижесінде зерттелетін жүйенің моделі құрастырылады, ол Sмодель деп аталады. Моделдер mdl немесе slx кеңейтілуі бар файлдарда сақталады.
Simulink моделдеудің ең қиын қадамын автоматтандырады: берілген функционалды диаграмманы (моделді) бейнелейтін күрделі алгебралық және дифференциалдық жүйелерін құрастырады және шешеді, сонымен бірге пайдаланушы құрастырған виртуалды құрылғының жүріс-тұрысын ыңғайлы және көрнекі визуалды бақылауын қамтиды.
S-моделді жасау үшін Simulink библиотекасының блоктары қолданылады. Simulink блоктар библиотекасы визуалды объекттер жиыны болып табылады, оларды қолданып қажетті құрылымды жасауға болады. Әр блок үшін блоктар көшірмелерінің керекті санын алуға және әр көшірмені бөлек қолдануға болады. Барлық блоктар үшін оларды жеке қалпына келтіру мүмкіндігі бар: пайдаланушы блоктардың ішкі параметрлерін (мысалы, кіріс санын) және сыртқы түрін (өлшемін, бояуын, атын, т.б) өзгертуіне болады. Блоктардың бір бірімен байланысуынада еш қандай шектеулер қойылмайды. Әрине, блоктарды бір бірімен байланыстырғанда кейбір ережелер орындалуы керек, бірақ олар Simulink талаптарынан емес, моделдің өзінің жұмыс логикасына тәуелді.
Библиотека құрамына пайдаланушының блоктарын қосуға болады.
Қарастырылып отырған процестің моделі M(t) ірі массасы мен m(t) ұсақ массасын анықтауға негізделген дифференциалдық теңдеулер жүйесі болып табылады.
Нұсқа бойынша құрастырылған моделдің (1.5), (1.6) теңдеулерін блокдиаграммаға түрлендіру үшін келесі идея қолданылады. Біріншіден, M және m айнымалылары белгілі деп есептеліп, әр теңдеу үшін бөлек өның оң жақтағы өрнегінің диаграммасы құрастырылады: оң жақ өрнегінің құрамдастырушыларын сипаттайтын блоктары «жинақталып», диаграмма құрылады. Әр теңдеу үшін диаграмманы бөлек ішкі жүйе - Subsystem ретінде ресімдеу керек, яғни төменгі деңгейдегі модельдер кіретін S-модель. Сонда диаграмма ыңғайлы және жинақы болады.
Осыдан кейін алынған модельдің блок-диаграммасына арнайы Integrator блогын қолдану керек. Нәтижесінде dM/dt және dm/dt өрнектердің шамаларын аламыз. Кері байланысты қолданып, алынған шамаларды диаграмма кірісіне беру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет