1 Зертханалық жұмыс Пәні: Басқару объектілерін модельдеу және идентификациялау Тақырыбы:«Жинақталған параметрлері бар объектілерді моделдеудің аналитикалық әдістері»



бет1/5
Дата22.04.2023
өлшемі465,46 Kb.
#175148
  1   2   3   4   5
Байланысты:
BIMO 1 zerthana


«Ғ.ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«Автоматтандыру және басқару» кафедрасы
1 Зертханалық жұмыс
Пәні: Басқару объектілерін модельдеу және идентификациялау
Тақырыбы:« Жинақталған параметрлері бар объектілерді моделдеудің аналитикалық әдістері»
Мамандығы: 6В07108 – «Автоматтандыру және басқару»
Орындаған:
Тобы:
Нұсқа: 18
Қабылдаған: аға оқытушы,Маркабаева Ж.С.

__________ ____________ «_____» _______2023 ж.


(баға) (қолы)

Алматы 2023


Зертханалық жұмыс №1. Жинақталған параметрлері бар объектілерді моделдеудің аналитикалық әдістері
Жұмыс мақсаты: жинақталған параметрлері бар объектілерді моделдеуге негізгі сақталу заңдылықтарын қолдануды үйрену; MatLab программасының Simulink пакетінде объектілерді моделдеу мен талдау амалдарын игеру.


Зертханалық жұмысқа тапсырма
Зертханалық жұмысты орындау барысында студент келесілерді жасау керек:
- жинақталған параметрлері бар басқару объектілерді модельдеудің аналитикалық әдістерін оқу;
- моделденетін процесімен танысыңыз;
- таңдалынған нұсқаға сәйкес (1.1 кесте) процестің дифференциалды теңдеулер жүйесін шығарыңыз;
- Simulink пакетінде қарастырылып отырған процестің алынған динамикалық моделінің блок-диаграммасын құрыңыз;
- моделде имитациялық тәжірибелерді өткізіңіз;
- алынған нәтижелерді талқылаңыз, қорытынды жасаңыз.


Процесті бейнелеу
Зерттеу объект ретінде диірмен қарастырылады. Оған ірі фракциялары бар өңделетін материалдың бастапқы ағыны түседі. Диірменде ірі фракциялар ұнталады.
Диірмендегі ірі фракцияның массасын – М, майда фракцияның массасын
- m деп белгілейміз.
Диірменге түсетін материалдың кіріс ағыны Ф0; диірменнен шығатын ағын - Фш .
Шығудаңы ағын өңделетін материалдың М массасына пропорционалды деп қабылдаймыз:
(1.1)
мұндағы - пропорционалдық тұрақтысы.
Диірменде ірі фракциялар W жылдамдылығымен ұнтақталады, бұл жылдамдылық ірі фракциялар массасына пропорционалды, және келесідей тәуелділікпен сипатталады:
(1.2)
Мұндағы ;
m -диірмендегі ұсақ фракциясының массасы;
С - ұсақ фракцияның үлесі;
Ұнтақтау жылдамдылығының k(M) коэффициенті келесі формула бойынша есептеледі:
(1.3)
мұндағы k0 (1/сағ) - ұсақтау жылдамдылығының тұрақтысы;
- ұсақтау максималды жылдамдылығына (диірменнің максималды өнімділігіне) сәйкес масса;
Бұл жұмыста диірменнің өнімділігі зерттеледі, ол шығудағы ағынға тәуелді функция болады:
сонда (1.4)
Процестің дифференциалдық теңдеулер жүйесі түріндегі математикалық моделі моделдеудің аналитикалық әдістері негізінде құрастырылады. Процестің математикалық моделін құрастырғанда келесі баланс теңдеулер қолданылады:
а) диірмендегі жалпы массасының балансы:
(1.5)
б) диірмендегі ұсақ фракциялар массасының (дайын өнімнің) балансы:
(1.6)
(1.1), (1.2), (1.3) өрнектерді (1.5), (1.6) баланс теңдеулеріне қойып, қарастырылып отырған процесті бейнелейтін дифференциалдық теңдеулер жүйесін құрастырыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет