1.3 Жұмыстың орындалу реті
1.3.1 Экспериментте қолданылатын құрылғылардың қуат көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
1.3.2 G1 қуат көзінің «TK» түйіндерін тұйықтаңыз.
1.3.3 Тәжірибеде қолданылатын құрылғылардың қорғаныс жерге тұйықтау түйіндерін " " G1 үш фазалы қуат көзінің «PE» түйініне қосыңыз.
1.3.4 Стендт модульдерін қосу сұлбасына сәйкес жинаңыз.
1.3.5 Тәжірибеде қолданылатын 220 В жүктемелік құрылғыларды арнайы кабелдер арықылы G2 қуат көзінің розеткаларына қосыңыз.
1.3.6 G1 модулін 380 В қуат көзіне қосыңыз.
1.3.7 G2 модулін 220 В қуат көзіне қосыңыз.
1.3.8 A11 компьютерді жұмыс жағдайына келтіріп, «Многоканальный осциллограф» бағдарламасын іске қосыңыз. Бағдарламаны, процестің соңғы 30 секундын есте сақтау үшін орнатыңыз.
1.3.9 G1 ажыратқышын қосыңыз.
1.3.10 А5 үш полюсті ажыратқыш жұмыс режимінің «РУЧН» күйіне орнатыңыз.
1.3.11 A10 коннекторы қолданылатын арналарының кернеу бөлгіштерін «1:1» күйіне орнатыңыз. A10 коннекторы аналогтық кірістерінің жұмыс режимін «AIGND» күйіне орнатыңыз.
1.3.12 A1 және A2 үш фазалы трансформаторлар топтарының бірінші реттік және екінші реттік номиналды фазалық кернеулерін сәйкесінше 230 В және 133 В орнатыңыз. Үш фазалы A6 трансформатор тобының номиналды екінші реттік фазалық кернеуін 133 В орнатыңыз.
1.3.13 A8 индуктивті жүктеменің барлық фазаларында қуатты 40 Вар-дың 40%-ын таңдаңыз.
1.3.14 A7 активті жүктеме қуатын барлық фазаларда 30 Вт-тың 80%-ын таңдаңыз.
1.3.15 А3 және А4 электр желілерінің параметрлерін келесідей орнатыңыз: R = 0 Ом, L/R = 1,2/32 Гн/Ом, C = 0 мкФ.
1.3.16 Виртуалды осциллографтың бірінші және екінші арналарын сканерлеуді қосу үшін «ВКЛ» батырмасын басыңыз.
1.3.17 G1 ажыратқышын қосыңыз.
1.3.18 G1 қуат көзін іске қосыңыз. Шығысында кернеу болуын жарық диодты шамдар арқылы білуге болады.
1.3.19 G2 бір фазалы қуат көзін іске қосыңыз. Шығысында кернеу болуын жарық диодты шамдар арқылы білуге болады.
1.3.20 A5 үш полюсті ажыратқыштың «СЕТЬ» қосқышын іске қосыңыз.
1.3.21 A5 үшполюсті ажыратқыштың «ВКЛ» батырмасын басу арқылы қысқа тұйықталу өтпелі процессін модельдеңіз. 3-5 секундтан кейін «OFF» батырмасын басу арқылы A5 қосқышын өшіріңіз. Тәжірибені 4-5 рет қайталаңыз. «Остановить» виртуалды батырмасын басу арқылы «Многоканальный осциллограф» бағдарламасында деректерді сканерлеуді тоқтатыңыз.
1.3.22 виртуалды батырманы басу арқылы жазылған процесті көрсетіңіз..
1.3.23 «Многоканальный осциллограф» бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қысқа тұйықталу тогы мен фазалық кернеудің уақытқа тәуелділіктерін талдаңыз. Олардан фазалық кернеуге қатысты қысқа тұйықталудың пайда болу моментін, соққы тоғын, соққы коэффициентін және қысқа тұйықталу тогының апериодтық құраушысы сөну уақытының тұрақтысын анықтаңыз.
1.3.24 Қысқа тұйықталу нүктесінің қуат көзінен орналасқан қашықтыққа тәуелділігін талдау үшін қысқа тұйықталу нүктесінің орнын және элементтер параметрлерін өзгертуге болады. Назар аударыңыз! Қысқа тұйықталу режимінің максималды ұзақтығы 3-5 секундтан аспауы керек. G1 қуат көзінің және үш фазалы A1 трансформатор тобының түйіндерінде қысқа тұйықталуды ұйымдастыру тыйым салынады.
1.3.25 Тәжірибе аяқталғаннан кейін тәжірибеде қолданылатын блоктардың «СЕТЬ» ажыратқыштарын өшіріңіз, содан кейін G1 және G2 қуат көздерін өшіріңіз.
Нормальный режим. Бұл кездегі тоқ мәні
Қысқа тұйықталу моменті. Бұл кездегі соққы тоқ мәні
Қысқа тұйықталудан кейінгі тұрақталған ток
Достарыңызбен бөлісу: |