10-cұрақ. Файлдың жаңа пішімі қандай?
Жауабы Файлдың жаңа пішімі Microsoft Office Open XML жаңа пішіміне негiзделген (мұнда, XML - Extensible Markup Language).
б) Cтуденттердің орындайтын қосымша тапсырмалары:
1-тапсырма. Алдыңғы сабақта өздеріңіз жазған «Болашақта кім болам?» мәтінін ашыңыз.
Бүкіл мәтінді белгілеп алыңыз, қаріп атауына Times New Roman, қаріп өлшеміне 15 өлшемін, қаріп түсіне жасыл қойыңыз.
Бүкіл мәтінді белгілеп алыңыз, Бас (Главная) бөлігінде орналасқан Абзац-тан Қатар аралық интервал (Междустрочный интервал)-ға 1,5-ты таңдаңыз.
Бүкіл мәтінді белгілеп алыңыз, Таспаның Бас (Главная) бөлігінде орналасқан Стили бөлігінен Цитата 2 стилін таңдаңыз.
Құжатты сақтап, жабыңыз.
2-тапсырма.
Жаңадан құжат ашыңыз. Тақырыпқа Тұмау деп жазып, төмендегі мәтінді теріңіз.
Тұмау немесе грипп (лат. grіppus, фр. grіpper, ағылш. influenza – “бас салу, шап беру”) – тыныс жолдарының жұқпалывирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.
Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратынвирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады.
Достарыңызбен бөлісу: |