1-cұрақ. Microsoft WORD бағдарламасы дегеніміз не?
Жауабы:Microsoft WORD бағдарламасы – бұл мәтіндік құжаттарды әзірлеуге, қарап шығуға, түрлендіруге және басып шығаруға арналған Microsoft Office қосымшасы. Басқаша айтар болсақ, Microsoft WORD –бұл мәтіндерді енгізуге, түзетуге, пішімдеуге және басып шығаруға мүмкіндік беретін мәтіндік процессор. Сонымен қатар, бұл бағдарлама мәтіндік құжатқа суреттерді, диаграммаларды, кестелерді кірістіруге, орфографиялық және граматикалық қателерді түзетуге және басқа да көптеген амалдарды орындауға мүмкіндік береді.