1 Зоология жануарлар жайындағы ғылым, онын даму тарихы


Сүт қоректілер класы немесе аңдар



бет12/15
Дата25.12.2016
өлшемі3,43 Mb.
#5301
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Сүт қоректілер класы немесе аңдар

Оқу - тәрбиелік міндеттері: Омыртқалардың ішіндегі көрнектілердің ең жоғарғы сатыдағы жануарлар екенін көрсету. Олардың құрылыстарының жоғарғы екені жылу беруді реттестіруге қаблеті келіп, жылы қанды болуынан төлдерін тірі тууынан, нерв системаларының күрделі болып дамуына байланысты мінез құлқының бейімделгіш келетінінен көрінеді.

Тіршілік жағдайына байланысты сүт қоректілердің алуан түрлі болатыны жайында ұғым беру керек.

Биологиялық ұғымдар.

Оқушыларды сүт қоректілердің сыртқы құрылысымен таныстыру. Сүт қоректілер бауырмен жорғалаушылардың сырқы құрылысында ұқсастықтарды белгілеу, тереңдете түсу.


Сүт қоректінің сыртқы құрылысы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сүт қоректілердің сыртқы құрылысымен таныстыру. Сүт қоректілер бауыр мен жорғалаушылардың сыртқы құрылысындағы ұқсастықтарды белгілеу.

Методтары. Баяндау, өздігінен жұмыс істеу.

Құрал - жабдықтар. Табиғи объектілер, сүт қоректілердің тұлыбы.

Сабақтың барысы. Мұғалім өзінің қысқаша кіріспесінде омыртқалы жануарлардың соңғы класы сүт қоректілер немесе аңдар класын оқытуды бастайтыны жайында айтады. Осыдан соң оқушылардан олардың қандай сүт қоректілерді білетіндігін бұл жануарларды неге бұлай айтатынын сүт қоректілердің басқа жануарлардан қандай айырмашылығы бар екенін сұрайды. Оқушылардың жауаптарын қорыта келе, мұғалім сүт қоректілердің ерекшеліктерін денесінде түгі болатынын, тірі туатындарын және төлдерін сүтпен асырайтындығын атап айтады. Мұғалім оқушылардың назарын бауырмен жорғалаушыларға қарағанда сүт қоректілердің аяқтарының жақсы жетілгеніне, сондықтан олардың денесі жер бетінен жоғары көтеріліп тұратынына аударады. Жануарлардың көпшілігі қозғалғанда аяқтарының саусақтарына сүйенеді.

Мұның өзі жануарлардың тез қимылдауына себін тигізеді. Мұғалім оқушылардың назарын түктің қылшығының түбітінің болатынына аударады. Және организмнің тұрақты температурасын ұстап тұруда денені жауып тұратын түктің маңызын атап айтады. Бегемот, піл немесе мүйіз тұмсық бұл жануарларда түктің болмайтынына көңіл аударады, бұларды терісінің жоғарғы қабатының қалың екенін айтады.

Жануарлардың көпшілігі жылына екі рет түлейді. Түлегенде түктің қалыңдығы, ал кейбір жануарларда оның түсі де өзгереді. Аңдардың қысқы терілілерінің жүні қалың және ұзынырақ болады да, түбітті келеді. Одан басқа кейбір аңдардың реңі жасына байланысты өзгергіш келеді. Төлдердің реңі ересек формулаларына қарағанда басқаша болады.

Сүт қоректілердің терісі, рептилий мен құстардың құрғақ терілерінен басқаша - әр түрлі тер, май, сүт және иіс бездеріне бай, май безінен шыққан зат тері мен түкті майлайды, сүтте төлдің дамуына қажетті барлық заттар бар, бір жануарлардың денесіндегі иіс безінен шығатын зат оларды қорғау қызметін атқарса, басқа біреулерінде әр жыныстарының бірін-бірі табуына жәрдемдеседі.

Бұғы мен бөкендердің жас ағатын қапшығынан, сондай-ақ текелердің тұяқтарынан бөлініп шығатын заттар бір түрге жататын особьтарды табу қызметін атқарады. Сабақтың соңында мұғалім мынандай сұраулар береді: Сүт қоректілердің басында қандай органдар болады? Сүт қоректілердің көру және есту органдарының қандай ерекшеліктері бар? Сипап сезу органдары қандай? Сүт қоректілердің тіршілігінде, әсіресе иіс сезу сезімі мен есту органдары маңызының ерекше екенін - баса айтады.
Сүт қоректінің сүйек — ет системасы.

Сабақтың мақсаты. Оқушылардың сүт қоректілердің скелеті құрылысындағы ерекшеліктерімен таныстыру.

Методтары: Мұғалімнің баяндауы, өздігінен жұмыс істеу.

Құрал - жабдықтар: Табиғи объектілер сүт қоректі жануарлар скелетінің құрылысы таблица.

Сабақтың барысы: Сүт қоректілердің денесін жауып тұратын түктің құрылысы мен маңызы қандай? Сүт қоректілер қай уақытта түлейді? бұл уақытта түк жамылғысы қалай өзгереді. Сүт коректілердің алдыңғы және артқы құрылысы қандай?

Жаңа материалды оқыту: Скелетттің құрылысы. Мұғалім оқушыларға сүт қоректілер скелетінің құрылысы да басқа омыртқалылардікіндей екенін айтады.
Скелеттің құрылысы.

Скелеттің бөлімдері Бас сүйегі

Қандай сүйектерден тұрады

Екі бөлімнен: ми сауыты және жоғарғы, төменгі жақтары мен бет бөлімі.



Омыртқа жотасы

Омыртқалардан тұрады: Омыртқа жотасының бөлімдері: мойын омыртқа, арқа омыртқа, бел омыртқа, құйыршақ омыртқа, құйымшақ омыртқа.

Иық /алдынғы аяқтары/ белдеуі Алдыңғы аяқтары

Жамбас белдеуі Артқы аяқтары



Жауырынды бұғаналар. Тоқпан жілік, кәрі жілік пен шыбық сүйегі, қол басы немесе башпайлары. Жамбас сүйектері. Ортан жілік, сирақ тілерсек сүйектері және табан сүйектері.

Көкірек клеткасы

Қабырға, төс сүйегі

Өрмелеу қаблетінен айрылған және аяқтары дене білігімен параллель жазықтықта бірыңғай қозғалыстар жасайтын жануарлардың бұғаналаларының болмайтынын мұғалім атап айтады.

Еттер: Мұғалім оқушыларға сүт қоректілердің бұлшық ет системасы өте жақсы дамыған және күрделі түрде қызмет атқаратындығын айтады. Еттердің жиырлуынан организм қозғалғыш келеді де әр алуан киінгі жыл мол жасай алады. Сүт қоректілердің ет системасындағы ерекшеліктер көкірек қуысы мен құрсақ қуысын бөліп тұратын диафрагманың болуы және тері астындағы бұлшық еттердің өте дамығандығы. Тері асты бұлшық еттері терінің астыңғы жағынан тұтас қабат түзеді. Сүт қоректілер тері астындағы еттерінің көмегімен терінің тіпті кішкентай участоктарын да қозғалта алады.


Сүт қоректінің ішкі құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сүт қоректілердің ішкі құрылысымен таныстыру.

Методтары: Әңгіме, өздігінен істелетін жұмыстар.

Құрал - жабдықтар: Табиғи объектілер. Сүт қоректілердің ішкі құрылысының ылғал препараты.

Сабақтың барысы: Сүт қоректі жануарлар скелетінің құрылысы қандай.

Жануар қимылдағанда ет қандай қызмет атқарады. Сүт қоректілердің ет системасының қандай ерекшеліктері бар.

Ас қорту органдары: Мұғалім сүт коректілердің ас қорту системасы барлық басқа омыртқалы жануарлардікіндей бөлімдерден тұратын, бір -бірімен бездер арқылы байланысқан ас қорту түтігі екенін айтады. Сүт қоректілердің жемі тісінің жәрдемімен ауыз қуысында қорытыла бастайды да, сілекей бездерінен бөлініп шығатын сілекеймен ылғалданады. Сүт қоректілердің тістерінің құрылысы әр - түрлі болып, олардың әр қилы қызмет атқаратынына назар аударған жөн. Күрек тістерімен жануар қорегін үзіп алып, ит тістерімен жемін тістеп, өлтіреді де азу тістерімен шайнап жейді. Қоректену тәсіліне байланысты сүт қоректілер тістерінің жетілуі әр -түрлі болады.

Ас қорту — астағы қоректік заттардың ас қорту сөлінің әсерінен өзгеріске ұшырап, организмге сіңірілетін күрделі физиологиялық процесс екенін тағы да атап көрсеткен жөн.

Тыныс органдары: Тыныс алу актысы көкірек клеткасынының көлемінің өзгеруі арқылы жүзеге асатындығына және тыныс алу қозғалыстарында диафрагма үлкен роль атқаратынына назар аударады. Тыныс шығарғанда көкірек клеткасының көлемі кішірейеді және өкпе де жиырлады.

Қан айналу системасы: Омыртқалы жануарлардың қан айналу системасы мен басқа омыртқалы жануарлардың қан айналу системаларын салыстыруды ұсынады. Сүт қоректілердің жүрегі құстардікі сияқты төрт камералы екенін, қан айналуының артериялы және веналы екі шеңбері бар екенін, сондай - ақ вена қаны артерия қанымен араласпайтынын білетінін болады. Осыдан кейін мұғалім қысқаша зәр шығару органдарына тоқтала отырып оның организмнен зиянды заттарды шығарудағы маңызын айтады және қорыта келгенде басқа жануарлар сияқты, сүт қоректілерде де өзін қоршаған ортамен үздіксіз зат алмасуға қатысатын органдары өте жақсы жетілген.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет