[2] 3. «Сырдариямен Әмудария қосылып, Қарт Аралыма сәлемін беріп келсе екен» деген тіркестің астарлы мағынасы қандай?2 сөйлеммен түсіндіріңіз. ________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[2]
4. Мәтіннің мазмұнын қысқаша 3 сөйлеммен жазыңыз. ________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[3]
Оқылым Мұхитта да пластик қоқысты мекен етушілер бар.Көрінген жерге тасталған қоқыс әлемдік мұхитты үлкен қоқыс қоймасына айналдыруда. Ең әуелі қоқыс үйіндісін жұтқан немесе соған шырмалып қалған балықтар мен теңіз жәндіктері зиян шегеді.Бірақ пластик қоқыстар – кейбір организмдердің мекені. Ғалымдар пластик үйінділерінде көптеген микробтар өсіп-дамитынын анықтап, оларды шартты түрде «пластисфера» деп атайды. Пластик құты немесе пакет АҚШ-тың шығыс жағалауынан Атлант мұхитының ортасындағы Саргасс теңізіне алты аптада жетеді. Қоқыстардың басым бөлігі мұхиттағы еңүлкен осы иірімге жиналып қалады. Трейси Минсер, Вудс-Хол мұхиттану институтының микробиологі:
– Пластик заттардағы микробтар кездейсоқ жиналмаған сияқты, ол жерге әдейі ұйысқан тіршілік иелері деген болжам жасадық. Олар әр нәрсеге жабыса бермейді.Микробтар пластикке белгілі бір себепке байланысты шоғырланады. Ғалымдар «Пластик заттарды жейтін балықтар ондағы улы заттарды сіңіре ме, жоқ па? Пластиктер қалай жойылады? Кішкентай бөлшектерге ыдырап кете ме?» деген сауалдар қояды. Алдын ала зерттеу бойынша, микробиологтер пластикпен әрекеттесетін мыңға жуық микробты анықтаған. Енді ғалымдар микробтердің геномын зерттеп, «олардың расымен зияны бар ма, жоқ па?» деген сауалға жауап іздемек.
5. Кестені толтырыңыз. Сөйлемді толық жазудың қажеті жоқ. Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
Факт көзқарас идея
[5]
Жазылым «Қазақстандағы сандық сауаттылықты қалай көтеруге болады?» деген тақырыпта аргументативті эссе жазыңыз. Жазба жұмысында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын, құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз. [10] Айтылым Ауызша мәтін құраңыз, ортақ идеясын түсіндіріңіз. Жастардың денсаулығы – қоғам байлығы [5] Барлығы: 30