10 Аманггелді атындағы жалпы орта білім беретін мектеп Бастауыш сынып



бет3/3
Дата10.06.2017
өлшемі0,89 Mb.
#18398
1   2   3

ә) Дамытушылығы: Мәтінді түсініп оқу, диалогты рөлге еніп оқу, мәтіндегі негізгі ойды таба алуға дағдыландыру.

б) Тәрбиелігі: Ұлтжандылыққа, Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері: Көрнекілік әдісі. Жарыс. Мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекілігі: Бүктеме «Жауынгер жазушылар» Суреттер. Әдеби кітаптар.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру.

І Кіріспе.

Дәйек сөз: «Кімде-кім өзінің елі, дәстүрі, тілі үшін мақтана алмаса, ол-сорлы адам» Бауыржан Момышұлы.

ІІ. Бір айналым сөйлесу «Ұлы Отан соғысы туралы не білеміз?»

ІІІ. Жарыс: І топ ІІ топ ІІІ топБауыржан Момышұлы .(Ауыл ардагері Наурыз Қатқылбаев)

а) Шығармалары. Берілген мәтіндерді еске түсіру.

ә) Бес жол өлең құрастыру. «Қаһарман»

б) Көркем сөзді мәнерлеп оқу.«Әлия» «Мәншүк» «Нүркен»

в) Ойын: «Жалғасын тап» Ерлік туралы мақалдардың басын айту.Оқушылар жалғастырады. Мағынасын ашады.

(Ардагер Наурыз атаның әңгімесі-оқушылар үйіне барып жазып әкелінген)

ІV. Қорытынды.

Ер есімі – ел есінде! Ұлы Отан соғысы туралы, қазақ халқының ержүрек

ұл-қыздары туралы еш уақытта ұмытпаймыз.

V. Мадақтау.

VІ. Сөзжұмбақ құрастыру. «Бауыржан»

Пайдаланған әдебиеттер:


1. Б.Қабатай С.Рахметова. Әдебиеттік оқу кітабы 2013 жыл

2. З. Бейсембаев Б.Игенбаева Г. Әріпова Әдебиеттік оқу хрестоматиясы

2013 жыл

3. Ақкиізтоғайдан шыққан ақындардың кітаптары

А.Ершуов , М.Сатыбалдиев , М.Ершу , Қ.Сыдиықов т.б
4. Баспасөз материалдары
5. Ақпарат құралдары
6. Білім стандарты 1-4 сыныптарға арналған

Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылы

№10 Амангелді атындағы жалпы орта

білім беретін мектептің I санатты

бастауыш сынып мұғалімі

Гүлжамиға Шоланова Амалбайқызына


Пікір


Өз ісін терең меңгеріп, шәкірттерінің табысымен көпшілікті қуантып жүрген ұстаздардың бірі – бастауыш сынып мұғалімі Гүлжамиға Амалбайқызы. Оның бұл қызметте жүргеніне 30 жылдан астам уақыт өтті. Бүгінде Гүлжамиғаның шәкірттері түрлі салада жұмыс жасап жатыр. Ұстаз еңбегі бағаланып, мектеп әкімшілігі атынан бірнеше Алғыс хат алды. Сонымен қатар, облыстық ,аудандық білім бөлімінің мақтау гармотасымен марапатталды. Биыл Жылыой аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Наурыз – жыл басы» атты ашық шарадан І орын алды.

Гүлжамиға Амалбайқызы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту бағытында мектепте үйірмелер жүргізеді. Оқушылары – аудандық олимпиада жүлдегерлері. 2011 жылы математика пәнінен Таубаева Ақырыс ІІІ орын, 2015-2016 оқу жылында шәкірттері Бауыржан Медина мен Талғатова Асылжан «Ақбота» республикалық интеллектуалды олимпиадаға қатысып жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.

Гүлжамиға Амалбайқызы – қайрат-жігері, күш-қуаты мол ұстаз. Ұзақ жылдардан бері әріптес ретінде байқағаным, Гүлжамиға қай шаруаға болса да енжар қарамайды, ескерусіз қалдырмайды. Білім беру кабинеті жақсы жабдықталған. Ол күнделікті сабақтарын жаңа технологияның әдіс-тәсілдерімен түрлендіріп өткізеді.

Гүлжамиға Амалбайқызы – көп жылдардан бері әдістемелік бірлестіктің жетекшісі.



Ұстаз болу жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту дейтін болсақ, Гүлжамиға Амалбайқызы – жас ұрпаққа үлгі беруден, үйретуден жалықпаған нағыз педагог.
Мектеп директоры: А.К.Карасаев

Аты-жөні : Шоланова Гүлжамиға Амалбайқызы

Туған жылы, айы ,күні : 20. 01. 1964ж

Бітірген оқу орны: АГУ фак. ПиМНО

Мамандығы : Бастауыш сынып мұғалімі

Санаты: I



Еңбек өтілі: 30 жыл

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет