10 апта 28-29-30 СОӨЖ тақырыбы: Оқушылардың білімін есепке алу және жеке бақылау. Мақсаты: Оқушылардың білімі мен білігін тест үлгілерімен танысу.
Тапсырма 1.Жоғары сыныптарда білімді ауызша тексеру сынақ әдісі.
Тапсырма 2. Оқыту нәтижесін жазбаша тексеру.
Тапсырма 3. Тақырып бойынша оқушылардың білімі мен білігін тексеруге арналған тапсырмаларды құрастырып, даярла.
а) Жаппай әңгімелесу;
ә) Ауызша жеке сұрау;
б) Дидиактикалық тапсырмалар;
в) Химиялық диктант;
г) Білімді тестілік тексеру;
д) Қысқа мерзімді тексеру жұмыстары;
е) Бақылау жұмысы;
ж) Химиялық эксперимент;
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау - ол оқытушының пәнді оқыту бағдарламасына сәйкес, ағымдағы сабақ барысында өткізген білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелеп тексеру.
Пәндерді оқыту кезінде білім алушылардың білімін тексеретін ағымдағы бақылаудың әр түрлілігі қарастырылуы мүмкін:
1) ауызша сауалнама - материалды зерделеп болғаннан кейін пәндердің бір немесе бірнеше тақырыптары (бөлімдері) бойынша сұрақ жауап және оқиғаны талқылау түрінде өткізілетін бақылау;
2) жазбаша бақылау - курстың жекелеген бөлімдері бойынша қойылған мәселелермен жұмысты ұсынатын, тапсырмаларды шешетін, оқиғаны сараптайтын, практикалық тапсырмаларды орындайтын бақылау;
3) аралас сауалнама - бір немесе бірнеше тақырыптар бойынша ауызша және жазбаша нысанда білім бағасын бір уақытта пайдалануды көздейтін бақылау;
4) үй тапсырмаларын қорғау - олардың орындалу дұрыстығын тексеру, өткен материалдарды жинақтап қорыту және оны көпшілікке ұсыну, курстың тақырыптары арасындағы логикалық байланысын бағамдауды тексеру мақсатында жеке немесе топ бойынша үй тапсырмаларын орындау бойынша білімді бақылау;
5) пікірсайыс, тренингтер, дөңгелек үстелдер - проблемалық сипаттағы өзіндік ойлай білу, шешім қабылдай білу іскерлігін жария етуге мүмкіндік беретін мәселелерді топтармен талқылау;
6) тестілер - білім алушылардың оқу дәрежесін әділ және сапалы бағалауға белгіленген нысандағы (ашық, жабық, аралас) тапсырмалардың жиынтығы;
7) курстық жоспарлау, курстық жұмыстың орындалуы практикалық тапсырмаларды шешу есебінен теориялық материалдарды сапалы игеру мақсатында мамандықтардың типтік және/немесе оқыту жұмыс жоспарларына сәйкес қарастырылып, академиялық мерзім ішінде орындалады. Курстық жобаны (курстық жұмысты) қорғамаған білім алушы тиісті пән бойынша өтетін аралық аттестаттауға жіберілмейді. Ал, тек бір пән бойынша курстық жоба (жұмыс) қорғалмаған білім алушының басқа пәндер бойынша өткізілетін алғашқы емтиханға қатысуға мүмкіншілігі бар.
Үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттауды өткізу мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
1) ауызша;
2) жазбаша;
3) ұлттық бірыңғай тестілеу;
4) кешенді тестілеу;
5) тексерулер.