10. Бақылау жұмыстары: Когнитивті – білім компетенциясы бойынша Задания на когнитивную компетенцию



Дата26.08.2020
өлшемі40 Kb.
#76995
Байланысты:
кқт


Үндестік заңы

Қазақ тілінің дыбыстары сөз ішінде және сөз бен қосымшаның, сөз бен сөздің арасында бірімен-бірі үйлесіп, ыңғайласып келіп отырады. Түбір буынның жуан не жіңішкелігіне қарай қосымшаның дыбыстары да жуан не жіңішке болып айтылып тұрады. Мысалы: балалар (балалер емес), үйлер (үйлар емес), ауылға (ауылге емес), көшеде (көшеда емес), т.б.

Қазақ тіліндегі қосымшалар сөздің соңғы дыбысының сипатына қарай бейімделіп жалғанады: мектепте (мектепде емес), үйге (үйке емес), жазда (жазта емес), т.б.

Сөйтіп, сөзді бастан-аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы деп атаймыз.

Үндестік заңы екі түрлі: а) буын үндестігі; ә) дыбыс үндестігі.

Буын үндестігі

Дауысты дыбыс буын құрайтын болғандықтан, сөздегі, сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуін буын үндестігі (сингармонизм) деп атаймыз.

Үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болады. Мысалы: ата, ана, бақыт, баға, сана, намыс, егіз, өріс, төсек, кереге, кілем, т.б.

Дыбыс үндестігі

Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауыссыз дыбыстардың бірін-бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Мысалы: қаздар (қазтар емес), есептер (есепдер емес), әкеге (әкеке емес), мектебі (мектепі емес), қасығы (қасықы емес).



10. Бақылау жұмыстары:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

Задания на когнитивную компетенцию

Exercises according to knowledge competence

 

И) Сөйлемдерді бастаңыз.



Write the beginnings of sentences.

Начните предложения.

... жұмысын реттеп отырады және ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді.

... жас кезеңдеріне сәйкес өзгеріп отырады.

... атқаратын қызметіне қарай бірнеше мүшелерден бірігіп, жүйе құрайды.

... туған күннен 4 аптаға дейін, бала қырқынан шыққанша созылады.

... ағзаның құрылымы мен қызметі толық қалыптасады, іс-әрекеті белсенді және тиянақты болады.

К) Мәтіннен үндестік заңына бағынатын сөздерді бір бағанға, бағынбайтын сөздерді екінші бағанға бөліп жазыңыз, бағынбау заңдылығын түсіндіріңіз.

Выпишите слова подчиняющиеся и неподчиняющиеся закону сингармонизма в 2 столбика из текста.

Write the words from the text which conform and don’t conform to law of synharmonism in 2 column.

Коммуникативті компетенция бойынша

Задания на коммуникативные навыки

Exercises according to communicative competence

Қ) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.

Сопоставьте части предложения по смыслу.

Match the part of sentences.

Адам деген – ардақты ат, қазақ халқы оны ежелден қастерлеп,

бала қырқынан шыққанша созылады.

Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын реттеп отырады және

қайта қалыптасады, тіршілік әрекеттерінде айтарлықтай өзгерістер болады.

Жаңа туған (неонаталдық) кезең – туған күннен 4 аптаға дейін,

ас қорыту бездерінің әсерінен ішек-қарын жолында қорытылады.

Бұл кезде олардың жүйке және эндокриндік жүйелері өзгеріп,

өзектер арқылы үздіксіз кең көлемде мәлімет алмасу жүріп жатады.

Ас жұтқыншақ арқылы өңешке, одан асқазанға түсіп,

табиғаттың ерекше сыйы деп бағалайды.

Ағзадағы барлық жүйелер арасында әр түрлі жолдар мен

ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді.

Л) Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз.

Mark the sentences true or false.

Определите где правильные и где ложные высказывания.

Қан айналу жүйесі мүшелерге оттегі мен көмірқышқыл газын жеткізіп тұрады.

Тыныс алу жүйесі мүшелеріне мұрын, көмей, кеңірдек, өкпе, бронхылар жатады.

Бүйректе ас қорытылады.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет