10 класс физика тестері 1-тарау. Кинематика


-тарау. Электр және магнетизм



бет5/5
Дата28.01.2018
өлшемі0,61 Mb.
#34560
1   2   3   4   5

10-тарау. Электр және магнетизм

Магнит өрісі тақырыбына тест сұрақтары

1.Магнит өрісі қандай жағдайда пайда болмайды?

А) Зарядталған бөлшек қозғалыс болған кезде.

В) Тұрақты магнит тыныштықта тұрған жағдайда.

С) Өткізгіш бойымен ток жүрген кезде.

Д) Металл атомдары бейтарап күйде болған кезде.

Е) Айнымалы электр өрісі болған жағдайда.

2.Магнит өрісін сипаттайтын шама:

А) Магниттік өтімділік

В) Индуктивтік

С) Магниттік индукция векторы

Д) Өткізгіш бойындағы ток шамасы

Е) Электр өрісінің кереулігі

3.Суретте өткізгіш бойымен жүретін токтың бағыты көрсетілген.Келтірілген стрелкалардың қайсысы магнит индукциясы векторының бағытын көрсетеді.

А) 5 В) 3 С) 1 Д) 4 Е) 2

4.Құйынды өрістерге жататын:

А) Индукция сызықтары радиал сырқа қарай бағытталған өрісте.

В) Индукция сызықтары радиал ішке қарай бағытталған өрістер

С) Индукция сызықтары паралель, шексіздікке бағытталған өрістер

Д) Индукция сызықтары едәуір тоғыз орналасқан өрістер

Е) Индукция сызықтары тұықталған өрістер

5.Ұзындығы 0,2м өткізгіш 0,6Тл біртекті өрісінің индукция векторына перпендикуляр орналасқан.Өтккізгіштің ток күші 5А.Өткізгіш магнит өрісінде3см-ге орыг ауыстырса Ампер күші қандай жұмыс атқарған?

А) 1,8*10-2Дж. В) 2*10-2Дж. С) 2,2*10-2Дж. Д) 1,6*10-2Дж. Е) 1,4*10-2Дж.

6.Магнит өрісінің индукциясы 8Тл болатын біртекті өрісте актив бөлігінің ұзындығы 0,2м өткізгіш индукция сызықтары 300 бұрышпен орналасқан.Өткізгіш бойымен 4А ток жүргенде магнит өрісі тарапынан оған қандай күш әсер етеді?

А) 2,8Н в) 3,2Н С) 3,4Н Д) 3,6Н Е) 4Н

7.Біртекті магнит өрісіндеорналасқан тогы бар (сурете ток бізге бағытталған) түзу өткізгішке әсер ететін Ампер күшінің бағытын көрсетіңіз.

А) Солға В) Оңға С) Жоғары Д) Төмен Е) Бізден әрі қарай

8.Индукция 0,5Тл біртекті магнит өрісіне электрон 20000 км/с жылдықтықпен индукция сызықтарына перпендикуляр бағытта ұшып кірді.Магнит өрісі тарапынан электронға әсер ететін күшті анықтаңыз.Электронның заряды е=1,6*10-19Кл

А) 1,2*10-15Н В) 10-,2*10-14Н С) 1,2*10-12Н Д) 1,4*10-12Н Е) 1,6*10-12Н

9.Заряды е=1,6*10-19Кл,массасы 9,1*10-31 электрон 16000 км/с жылдамдықпен біртекті магнит өрісіне оның индукция векторына перпендикуляр бағытта ұшып кірді.Егер электрон магнит өрісінде радиусы 1см шеңбер бойымен қозғалса, өрістің магнит индукциясының шамасы қандай болады?

А) 9,1*10-3Тл В) 7,8*10-3Тл С) 8,3*10-3Тл Д) 8,7*10-3Тл Е) 6,8*10-3

10.Индукциясы 10Тл біртекті магнит өрісіне индукция векторына перпендикуляр бағытта ұшып кірген электронға өріс 8*1011Н күшпен әсер етсе,ол қандай жылдамдықта болған?Электрон заряды е=1,6*10-19Кл

А) 20000 км/с В) 30000 км/с С) 40000 км/с Д) 50000 км/с Е) 60000 км/с

11.Лоренц күші мына келтірілген шамалардың қайсысы өзгерте алады?

А) Заряд жылдамдығының шамасын В) Заряд жылдамдығының бағытын С) Зарядтың кинематикалық энергиясын Д) Зарядтың шамасын Е) Өріс индукциясының шамасын

12.Индукциясы 0,05Тл біртекті магнит өрісіне индукция сызықтарына перпендикуляр бағытта 40000 км/с жылдамдықпен электрон ұшып кірді.Электрон траекториясының қисықтық радиусын анықтаңыз.

А) 4,55мм В) 5,2мм С) 5,5мм Д) 5,7мм Е) 6мм

13.Ферромагниттердің магниттік өтімділігі төменде келтірілген мәндердің қайсысына сәйкес келеді?

А) μ=1 В) μ>1 C)μ>>1 Д)μ<1 Е)μ<<1

14.Кюри температурасы дегеніміз:

А) Суынуға байланысты белгілі бір температурада заттың магниттік ең жоғры мнге ие болатын температура

В) Суынуға байланысты заттың магниттік қасиеті мүлдем жойылатын температура

С) Қыздыруға байланысты заттың магниттік қасиеті ең жоғары мәнге ие болатын температура

Д) Қыздыруға байланысты заттың магниттік қаиеті мүлдем жойылатын температура

Е) Заттың магниттік қасиеті сақталатын температура

15.Индукция 0,25Тл біртекті магнит өрісіне жақтамаларының әрқайсысының ұзындығы 8см болатын,бойымен 4А ток жүретін төрт бұрышты рамка суретте көрсетілгендей етіп орналастырылған.Рамкаға әсер ететін Ампер күшінің шамасын анықтаңыз.

А) 0,1Н В) 0,22Н С) 0,12Н Д) 0,08Н Е) 0,16Н

Жауаптары:



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Д

С

Е

Е

А

В

Д

Е

А

Д

В

А

С

Д

Е



11-тарау. Электромагниттік индукция.

Электромагниттік индукция тақырыбына тест сұрақтары
1.Индукциялық ток қандай жағдайда пайда болады?

А) Магниттік өзекшесі бар катушканы біртекті магнит өрісіне орналастырған кезде

В) Тұйықталмаған өткізгіштің контурын қиып өтетін магнит ағынының барлық өзгерісі кезінде

С) Біртекті магнит өрісінде тыныштықта тұрған кез-келген өткізгіште

Д) Тұйықталған өткізгіштің контурын қиып өтетін магнит ағынының барлық өзгерісі кезінде

Е) Қышқылдар мен сілтілер ерітінділеріне металл электродтарды батырған жағдайда

2. Ауданы 20см2 контур индукциясы 2Тл болатын біртекті магнит өрісіне орналастырылған.Егер контур жазықтығы мен индукция векторының арасындағы бұрыш 600 болса, контурдан өтетін магнит ағымы қаншаға тең?

А) 4*10-3Вб В) 3*10-3 Вб С) 2*10-3 Вб Д) 10-3Вб Е) 2*10-4 Вб

3. Контурда пайда болған индукциялық ток:

А) өзінің магнит өрісімен бағыты индукцияны тудырушы токтың магнит өрісіне әрқашан кері әсерде болады

В) Магнит өрісінің бағыты индукцияны тудырушы токтың магнит өрісінің бағытымен әрқашан бағытттас болып, оны демеп отырыды

С) Тізбекті қосқан кезде негізгі токпен бағыттас, ал ажыратқан кезде оған қарсы бағытта болады

Д) тізбекті қосқан кезде де, ажыратқан кезде де негізгі токпен бағыттас болады

Е) тізбекті қосқан кезде де, ажыратқан кезде де негізгі токқа қарсы бағытта болады

4. Контурды қиып өтетін магнит ағыны 2сек ішінде 10Вб-ден 2Вб-ге дейін азаяды. Осы кезде котурда пайда болған индукция ЭҚК-і қаншаға тең болады?

А) 3В В)4В С) 5В Д) 6В Е) 8В

5. Ұзындығы 0,2м өткізгіш иедукциясы 1,5Тл біртекті магнит өрісінде оның индукция векторының бағытымен 300 бұрыш жасап 15м/сек жылдамдықпен қозғалған. Өткізгіште пайда болған индукция ЭҚК-нің шамасын анықтаңыз?

А)1,4В В) 1,7В С) 2В Д) 2,25В Е) 2,5В

6. Индуктивтік катушка ЭҚК көзіне қосылды. Онда жалпы токтың шамадан артып кететін кезі қандай жағдайда болады?

А) тізбекті қосқан кезде

В) тізбекті қосқаннан кейін, ажыратқанға дейін

С) тізбекті ажыратқан кезде

Д) тізбекті қосып, ажыратқан жағдайлардың екеуінде де

Е) келтірілген жағдайлардың барлығында да

7. Катушкадан 10А ток жүрген кезде магнит ағыны 5Вб болады. Катушканың индуктивтігін анықтаңыз

А) 3Гн В) 2,5Гн С) 2Гн Д) 1,5Гн Е) 0,5Гн

8. Токтың 0,5 сек ішінде 0-ден 5А-ге дейін бірқалыпты артуы кезінде катушкадағы пайда болған өздік индукция ЭҚК-і 15В болды. Каткшканың индуктивтігі неге тең?

А) 1Гн В)1,5Гн С)2Гн Д) 2,4Гн Е) 3Гн

9. Индутивтігі 0,8Гн катушкамен 5А ток жүрген кездегі оның магнит өрісінің энергиясы қандай болады?

А) 4Дж В) 10Дж С) 12Дж Д)16Дж Е) 20Дж

10.индуктивтігі 10Гн электромагнит ЭҚК-і 220В болатын ток көзіне жалғанды.Егер тізбекті ажыратқан кезде ток күші 8А/с жылдамдықпен кемитін болса, осы моменттегі тізбектің жалпы ЭҚК-і қаншаға тең?

А) 250В В) 260В С)275В Д) 290В Е) 300В

11. Ұзындығы 0,4м өткізгіш 10м/сек жылдамдықпен біртекті магнит өрісінің индукция сызықтарына 300бұрыш жасай қозғалады. Егер осы кезде өткізгіш ұштарында 4В потенциалдар айырмасы пайда болса, магнит өрісі индукциясының шамасы қандай болады?

А) 2Тл В) 1,5Тл С) 1Тл Д) 2,4Тл Е)2,8Тл

12. Катушка бойымен 2А ток жүрген кезде оның магнит өрісінің энергиясы 2Дж болса, оның индуктивтігі қандай болады?

А)2Гн В)1,5Гн С) 1Гн Д)0,5Гн Е) 0,3Гн

13.Индуктивтігі 0,4Гн катушкада 2В өздік индукция ЭҚК пайда болды. Катушкадағы токтың орташа өзгеру жылдамдығын анықтаңыз

А) 1А/с В)2А/с С)3А/с Д)4А/с Е)5А/с

14.0,12сек ішінде ток күші 6А-ге өзгерген кезде соленоидта(ферромагниттік өзекшесі бар катушка) пайда болған өздік индукция ЭҚК-нің орташа мәні 3В болды. Соленоидтің индуктивтігін анықтаңыз

А) 0,1Гн В) 0,2Гн С) 0,3Гн Д) 0,4Гн Е) 0,5Гн

15. Ток күші 4А кезінде катушкада 2Вб магнит ағыны пайда болды. Катушканың магнит өрісінің энергиясын анықтаңыз

А) 3Дж В) 4Дж С) 5Дж Д) 6Дж Е)7Дж

Жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Д

С

А

В

Д

С

Е

В

В

Е

А

С

Е

А

В

12-тарау. Әр түрлі орталардағы электр тогы

1. Еркін электрондардың шоғыры 6*10 м3 көлденең қимасының ауданы 5 мм2 өткізгіш бойымен 4,8 А ток жүрген кездегі электрондардың реттелген қозғалысының жылдамдығын табыңыз.

А) 0,05 мм/с; В) 0,25 мм/с; С) 0,1 мм/с; Д) 0,2 мм/с; Е) 0,16 мм/с

2. 20ºС температурадағы мыс сымның меншікті кедергісі ал кедергінің температуралық коэффициенті 0,0043 К-1. Осы сымның 50 ºС-дағы меншікті кедергісін анықтаңдар. А) 1,9*10 -8 Ом*м; В) 1,8*10 -8 Ом*м; С)12,1* 10 -8 Ом*м; Д) 2,2*10 -8 Ом*м; Е) 2,3*10 -8 Ом*м;

3. Ұзындығы 2 м өткізгіш сымның ұштарына 50 В кернеу түсетін болса, ондағы әрбір электронға қандай күш әсер етеді? А) 2*10-18 Н; В) 4*10-18 Н; С) 3*10-18 Н;

Д) 10-18 Н; Е)6*10-18 Н.

4. Жартылай өткізгіштердің бір жақты өткізгіштігін қандай жағдайда қамтамасыз етуге болады?

А) Тек п – типтес жартылау өткізгішті пайдалану арқылы

В) Тек р – типтес жартылай өткізгішті пайдалану арқылы

С) п-типтес жартылай өткізгішті донарлық қоспа енгізу арқылы

Д) р- типтес жартылай өткізгішке донарлық қоспа енгізу арқылы

Е) п және р типтес жартылай өткізгіштерді бір-бірімен түйістіру арқылы.

5. Акцкпторлық қоспасы бар жартылай өткізгішті материалдарда электр өткізгіштіктің қандай түрі бар? А) электрондық; В) кемтіктік; С) электрондық және кемтіктік тең шамада; Д) ток өткізбейді; Е) иондық.

6. Жартылай өткізгішті диодтар қандай мақсатта қолданылады?

А)Тізбектегі ток шамасын күшейту үшін; В) Тізбектегі кернеуді күшейту үшін; С) Кез-келген электрлік тербелісті күшейту үшін; Д) Айнымалы токты тұрақты токқа түзету үшін; Е) Тұрақты кернеуді айнымалы кернеуге айналдыру үшін.

7. Транзисторлар қандай мақсатта пайдаланылады?

А) Айнымалы токты тұрақты токқа түзету үшін; В) Тұрақты токты айнымалы токқа айналдыру үшін; С)Кез-келген электрлік тербелісті күшейту үшін; Д)Тізбектегі токты тұрақты етіп ұстпа тұру үшін; Е) Жартылай өткізгіштің электрондық немесе кемтіктік өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін.

8. Термоэлектрлік эммиссия деп нені айтады?

А) Қыздыру нәтижесінде газдардың иондану құбылысын; В) Температураның жоғарылауына байланысты өткізгіштегі ток шамасының төмендеуін; С) Қызған металдардың бетінен электрондардың бөлініп шығу құбылысын; Д) Өткізгіштің қызуына байланысты кернеудің жоғарылауын; Е) Ток жүрген өткізгіштің қатты қызуынан оның жарық шығаруын.

9. Төменде көрсетілген графиктердің қайсысы вакуумдық диодтың вольт-амперлік сипаттамасына сәйкес келеді?



А) 5-график; В) 4- график; С) 3-график; Д) 2-график; Е) 1-график.

10. Электронды – сәулелі түтікшеде электрондық шоқты үдететін және фокустайтын қандай элемент? А) катод; В) катодтың оксидті қабаты; С) электронды шоқтың бағытын басқарушы пластиналар; Д) катод пен анод; Е) анодтық жүйе.

11. 5 сағат ішінде катодта 61,2 г цинк бөлініп шығу үшін ZnSO4 ерітіндісі арқылы қандай ток күшін жіберу керек? А) 10 А; В) 8 А; С) 6 А; Д) 5 А; Е) 4 А.

12. Жалпы 170 см2 металл бұйымды электролиз арқылы 1 А ток күші кезінде алтынмен қаптау үшін 2 сағатқа созылды. Алтын қабатының қалыңдығын анықтаңыз. Алтынның тығыздығы 19300 кг/м3, электрохимиялық эквиваленті 68*10-8 кг/ Кл.

А) 0,025 мм; В) 0,023 мм; С) 0,02 мм; Д) 0,17 мм; Е) 0,015 мм.

13. Газдардың электр тогын қткізудегі заряд тасымалдаушы бөлшектер:

А) Оң және теріс иондар; В) электрондар; С) оң иондар; Д)Электрондар және теріс иондар; Е) Электрондар және оң иондар.



14. Суреттегі газ разрядының графигінен тәуелсіз разрядқа сәйкес келетін бөлігін көрсетіңіз.

А)ОА; В) АВ; С) ОВ; Д)ВС; Е)ОС.

15. Плазма деген не?

А) Жоғары қысымдағы және температурадағы газ немесе бу; В) Жоғары температурада сұйыққа айналған қатты дене; С) Төменгі температурада немесе үлкен қысымда сұйықталған газ; Д)Не қатты, не сұйық денеге жатпайтын қоймалжың зат; Е) Жоғары температурада немесе жарық әсерінен газдармен қатты денелердің өте жоғары дәрежеде ионданған ерекше күйі.

Жауаптары:



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

С

А

В

Е

В

Д

С

С

В




А

Е

Е

Д

Е


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет