0,78 Н күштің әсерінен 1 м/с2 үдеумен қозғалған көлемі 100 см3 дененің тығыздығын тап.
Автобус орнынан қозғалған сәтте ақ 1,5 м/с2 тұрақты үдеуге ие болады ол қанша уақыттан кейін 54км/сағ жылдамдық алады?
200м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары атылған ракета жоғары қарай g= -10м/с2 теңкемімелі үдеумен қозғалады.Оның ең жоғары биіктігін анықтаңдар (ауаның кедергісі ескерілмейді)
Дене радиусы 50м шеңбер доғасының бойымен қозғалады. Оның 10с ішіндегі бұрылу бұрышы 1,57 радианға тең екені белгілі. Дене қозғалысының сызықтық жылдамдығы мен жүрілген жолын табыңдар
Жердің өз осінен бір айналу уақыты 24 сағ. Экватордағы нүкте айналуының бұрыштық және сызықтық жылдамдықтарын есептеп шығару керек. Жер радусы 6400 км-ге тең деп есептеңдер.
Теңайнымалы қозғалыс дегеніміз не?
(*) Белгілі бір биіктіктен еркін құлаған дене құлау басталғаннан кейін қандай-да бір уақыт өткен соң h1=1100 м биіктікте болды, ал тағы да Δt=10 с уақыт өткенде — жер бетінен h2=120 м биіктікте болды. Дене құлай бастаған h биіктікті табыңыз. Еркін түсу үдеуі g=9,8 м/с2.
10-сынып.
«0»-дік бақылау жұмысы.
2-нұсқа. Массасы 5 кг денегі қарама-қарсы бағытта F1 және F2 күштер әсер етеді. Егер күштер Ғ1 =12 Н және F2 =8 Н болса, дененің алатын үдеуі және қозғалыс бағыты
36 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан троллейбус тежелгеннен кейін 4с ішінде тоқтайды.Тежелу басталғаннан кейін ол қандай тұрақты үдеумен қозғалады?
Шүйіліп ұшқан ұшақтың жылдамдығы 800 км/сағ, ал оның ең төмен нүктедегі үдеуі жер бетіндегі еркін түсу,үдеуінен 10 есе үлкен екені белгілі болса, онда осы ұшақ қозғалатын шеңбердің радусы неге тең болады?
Дененің айналу периодын 10с қа тең деп алып,оның 10с ішіндегі бұрыштық жылдамдығы мен бұрылу бұрышын есептеп шығарыңдар?
Жердің жасанды серігі дөңгелек орбита бойымен 630 км биіктікте қозғалады. Оның айналу периоды 97,5 мин.Жердің жасанды радусын 6370 км деп алып,осы ЖЖС інің сызықтық жылдамдығы мен, центрге тартқыш үдеуін анықтаңдар?
Центрге тартқыш үдеу деп қандай үдеуді айтады? Формуласын жазып көрсет?
(*) Массасы 4,992 кг, жіпкеілінгенқұмыбаржәшікке, горизонтальбағытта500м/сжылдамдықпенұшыпкележатқан, массасы0,008кгоқтиіп, жәшіктіңішіндетежеледі. Оғыбаржәшікқандайбиіктіккекөтеріледі? «Оқ-жәшік» жүйесініңішкіэнергиясықаншалықтыөзгереді? Еркін түсу үдеуі 10м/с2