10 сынып 1-ші тоқсан бойынша тжб 1-нұсқа 1-тапсырма



Дата07.02.2022
өлшемі359,5 Kb.
#89845
Байланысты:
EKLoc3o2HM7hP1RmucKCgYeG1KT1UcPsoWRArmIE


10 сынып 1-ші тоқсан бойынша ТЖБ
1-нұсқа
1-тапсырма
Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигінен дененің 0 – 5 с ішіндегі үдеу модулін және осы уақыт аралығында жүрген жолын анықта.
t, c
5 балл
2-тапсырма
Екі параллель теміржолда ұзындығы 660 м болатын жүк пойызы 54 км/сағ жылдамдықпен және ұзындығы 180 м болатын жолаушылар пойызы 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалады. Егер пойыздар бір бағытта қозғалатын болса, онда бір пойыз екіншісінін қасынан қанша уақытта жүріп өтеді?
5 балл
3-тапсырма
Допты қақпадан тепкен (жерден) қақпашы оған көкжиекке 45° бұрышпен бағытталған 25 м/с жылдамдық берді. Ұшу қашықтығын тап. (g=9,81 м/с2) 4 балл
4-тапсырма
Неге күшті жел құрғақ жапырақтарды жерден жоғары көтереді?
2 балл
5-тапсырма
Жер бетінен 400 км биіктікте орналасқан массасы 40 кг дене қандай күшпен Жерге тартылады? Жердің радиусы 6400 км-ге тең, массасы 6 ⋅ 1024 кг.
5 балл
6-тапсырма
Массасы 100 г дене жазықтықта радиусы 2 м шеңбер бойымен 20 рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналады. Дененің импульс моменті неге тең?
5 балл
7-тапсырма
Қолқаның (Аорта) радиусы шамамен 2 см және ол арқылы қан 40 см/с жылдамдықпен ағады. Барлық капилярлардың ауданы шамамен 4000 см2 деп алып, қанның капилярлардан ағуының орташа жылдамдығын есепте.
4 балл
10 сынып 1-ші тоқсан бойынша ТЖБ
2-нұсқа
1-тапсырма
Суретте көрсетілген жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигін пайдаланып, дененің 3 секунд ішіндегі орын ауыстыруын анықта.

5 балл
2-тапсырма
18 м/с жылдамдықпен қозғалатын автомобиль 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын екінші автомобильді басып озады. Егер олардың бастапқы арақашықтығы 16 метр болса, онда екінші автомобильдің бірінші автомобильді басып озуы үшін қанша уақыт жұмсалады?
5 балл
3-тапсырма
Белгі беру ракетасы 40 м/с жылдамдықпен көкжиекке 45° бұрыш жасай жіберілді. Оның ұшу қашықтығын анықта. (g = 10 м/с2)
4 балл
4-тапсырма
Негліктен екі кеме параллель бағытта жақын арақашықтықта жүзуге болмайды?
2 балл
5-тапсырма
Радиусы 6400 км Жер бетіне жақын нүктедегі гравитациялық өрістің бірлік массаға әсері, яғни g = 9,8 Н/кг екені белгілі болса, жер массасын есепте.
5 балл
6-тапсырма
Инерция моменті 40 кг ∙ м2 сермер тұрақты 30 рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналады. Сермерді 20 с кейін тоқтататын тежеуші моментті анықта.
5 балл
7-тапсырма
Қолқаның (Аорта) радиусы шамамен 1 см және ол арқылы қан 30 см/с жылдамдықпен ағады. Барлық капилярлардың ауданы шамамен 2000 см2 деп алып, қанның капилярлардан ағуының орташа жылдамдығын есепте.
4 балл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет