Терминологиялық сөздік:
Ұлтшылдық - саяси және ұлттық бірліктер сәйкес келуі керек дейтін саяси принцип. Ұлтшылдық идеологиясы бойынша ұлт пен ұлттық мемлекет әлеуметтік-саяси ұйымдасудың ең заңды әрі қалаулы бірліктері болып табылады және осы бойынша бүкіл әлеммен қабылдану керек.
Космополитизм (гр. kosmopolіtes) – әр ұлттың төл мәдениетін дамытудан гөрі жаһандану процесі арқылы бүкіләлемдік бірегей мәдениет қалыптастыруды артық көретін шектеулі дүниетанымдық бағыт. Космополитизм бағыты жекелеген мемлекеттерді баулуы мүмкін немесе бұл жағдай ұлт пен жеке дара адам арасына терең моральді, әр түрлі экономикалық, саясаттық қарым-қатынастарға әкеліп соғады. Космополитизм ұғымын кез келген саласынан жақтайтын адамдарды космополит дейді.
Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов (15.02.1915, Төре ауылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы — 06.05.1966,Алматы) — тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1946 жылы), профессор, Қазақ КСР ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1962 жыл)
Сұрақтар:
1943 жылы жазда ежелгі дәуірден сол кезге дейінгі кезеңді қамтитын тұңғыш «Қазақ ССР тарихы» қайда жарық көрді?
Неліктен тарихшы Е. Бекмаханов 25 жылға бас бостандығынан айырылды?
1944 жылы басталып, 1952 жылы Ермұқан Бекмахановтың 25 жылға сотталуымен аяқталған даудың басы не?
10.1 В. Қазақстан «Жылымық» кезеңінде (1954-1964 жж.)
-Тақырып. КОКП-ның ХХ съезд шешімдері қандай саяси өзгерістерге әкелді?
50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды.
КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.
1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.
Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады.
1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады.
Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.
20-жылдардың ортасынан орнаған қатаң әміршіл-әкімшілік жүйе 40-50-жылдары әрекет ете берді. Саяси жүйеге адам еркіндігін басып-жаныштау, оның құқықтарын жоққа шығару, еңбек адамдарын өндіріс құрал-жабдықтарынан жатсындыру сияқты қолайсыз құбылыстар тән болды. Жетекші күш - Коммунистік партия болып, оның басшылығымен өмір сүріп отырған жүйенің барлық басқа буындарының (Кеңес мемлекетінін, кәсіподақтардың, комсомол, кооперативтер мен басқа да қоғамдық ұйымдардың) жүмысы үйлестірілді. Мемлекеттік органдардың құзырындағы мәселелерді шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылық және әлеуметтік-мәдени, қоғамдық ұйымдардың міндеттерін орындауды өз қолына жинақтап, оларды дербес әрекет етуден айырды.
Республикада И. В. Сталиннің жеке басына табынушылық жағдай қалыптасты. Қандай да бір қол жеткізілген табыстар оның кемеңгерлік басшылық жасай білуімен байланыстырылып, өрескел кемшіліктер мен сәтсіздіктер жөнінде сөз болмады. Осының бәрі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына қолайсыз ықпал етіп, ауыр зардаптарға ұрындырды. Аты шулы ұрандарды саяси мақсаттарға пайдаланумен заңдылықтың бұзылуы, өкімет билігін асыра пайдалану жалғаса берді. Өмір сүріп отырған саяси жүйе өзінің дербес дамуына қабілетсіз екендігін көрсетті. Кеңес қоғамын дамытудың соғыстан кейінгі жоспарлары сталиндік антидемократиялық, социализмнің тоталитарлық үлгісімен үйлесіп кетті.
Майдан мен тылда, соғыстың барлық ауыртпалығы мен қиыншылығын көтерген халық соғысқа дейінгі кезеңдегі халықтан басқаша еді. Қоғамдық өмірдің бейбіт жағдайының орнығуына байланысты қүндылықтарды қайта бағалау орын алды. Замандастардың санасында әлеуметтік бағдарламаларға бет бұрудың қажет екендігін түсіну айқын біліне бастады. Алайда қоғамдық сананың барлық деңгейінде сезіле бастаған қоғамдық жаңарудың кешенді бағдарламаларына өтуге тұрақты әлеуметтік-саяси құрылым бөгет жасады. Сонымен бірге өте ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кейінгі кезеңде басшылықтың қолданыстағы саяси жүйенің тиімділігіне деген сенім қалыптастырды, ал көпшілік басшылар баскарудың әкімшілік әдістерінің өзін-өзі ақтайтындығына сенімді болды.
Сталинизм идеологиясы 40-жылдар мен 50-жылдардың басында өзінің шырқау шегіне жетті. 1939 жылы болған БК(б)П XVIII съезінің құжаттарында жазылғансоциализм құрылысын аяқтаудың соңына карай ел коммунистік қоғам кұруға өтеді деген тезисті Ұлы Отан соғысыаяқталған соң, теориялық жағынан талқылау жалғаса берді. 1946 жылғы наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында бүл тезис партияның жетемшілікке алатын тұжырымдамасы ретінде жарияланды. Соғыстан кейінгі онжылдық - КСРО-дағы 1920-1940 жылдардағы өмір шындығына қасад көзқарастың жалғасы еді.
«Жеке басқа табыну» деген сөз тіркесінің өзі соңғы ғасырда өмірге келді. Бірақ, құбылыс ретінде ол ғасырлар қойнауынан келе жатыр. Алғашқы қауымдық құрылыстан кейінгі өркениетті қоғамға өте бастаған кездің өзінде-ақ жеке басқа табынудың алғашқы белгілері байқалды. Адамдар тастан жасалған пұттарға, жануарларға, табиғат құбылыстарына табына бастады. Құдайларды ойлап тауып, оларға ат берді. Осылайша дін өмірге келді.
Кезінде сталиндік конституция деген КСРО-ның Ата Заңы болған. Ол халықаралық құқықтық сараптаманың бәрінен мүдірмей өткен. Бірақ сол конституция тұсында 2 млн 700 мың қазақ қырылды. Голощекин 130 мыңнан астам қазақ зиялысын абақтыға жаптырып, 25 мыңын атқызып тастады. Абақтыға қамалған 130 мыңның 30 мыңдайы ғана тірі аруақ болып елге әрең жеткен. Міне жеке басқа табынушылық зардаптары мен тақсіреті осындай.
Терминологиялық сөздік:
Жеке басқа табыну — саяси немесе діни билік иерархиясындағы жоғары мәртебелі (лауазымды) адамды асыра дәріптеу, оның атқаратын рөлі мен міндетті қызметін шектен тыс жоғары бағалау. Саяси кайраткерге тәнірдей табынып, шектен тыс ұлықтау
КОКП -Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы – бұрынғы КСРО-дағы билеуші саяси партия
“Хрущев жылымығы”. Бұл кезеңді “жылымық” деп атау КСРО-ның қоғамдық-саяси өміріндегі демократияландыру, кешірім, ақтаулармен (реабилитация) байланысты. Жылымық ішкі саясатта қуғын-сүргінді біршама тежеуден, әміршіл-әкімшіл қатаң басқару әдістерінің аздап жұмсаруынан байқалады.
Сұрақтар:
И.В.Сталин қашан қайтыс болды?
1953 жылы қыркүйекте КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына кім сайланды?
«Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндаманы кім және қашан жасады?
«Жеке басқа табыну» деген сөз тіркесін қалай түсінесіз?
8-Тақырып. Н.Хрущевтың аграрлық реформасы Қазақстанға қалайша әсер етті?
1953 жылғы қыркүйекте болып өткен КОКП-ның ОК Пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму болашағын анықтады. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық саласына көп көңіл бөліне бастады. Колхоздарға біраз дербестік берілді, ауыл-село еңбеккерлерінің өнім өндіруге деген материалдық ынталылығы арттырылды, ауыл шаруашылық өнімін дайындау және сатып алу бағасы көтерілді, аграрлық секторды техникамен жабдықтау біршама жақсарды, онда электр қуаты кеңірек қолданатын болды, колхоздар мемлекетке төлеуге тиісті қарыздарынан босатылды.
Бірақ елде қалыптасқан басқару жүйесі ауыл шаруашылығының дамуын экстенсивті жолмен жүргізе берді.
Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді идеясы пайда болды.
1954 жылы қантарда болып өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов (1948-1954 жж.) қызметінен босатылды. Бірінші хатшылыққа– П.Пономаренко (1954-1956 жж.), екінші хатшылыққа – Л.И. Брежнев (1955-1956 жж.) сайланды.
1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары.
Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды.
1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты.
1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын.
Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;
1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га).
2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты.
3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті.
4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды.
5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті.
6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.
7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді.
8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.
Тың игерудің зардаптары : Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.
Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды.
1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизатор мамандар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзушылдықтар, қылмыстар болып тұрды.
1) Тың игеруге байланысты жайылымдар жыртылып, жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды.
2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.
3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті.
4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды.
5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана болды.
6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды.
7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.
8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады.
9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді.
10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.
Терминологиялық сөздік:
Тың игеру, тың және тыңайған жерлерді игеру — КСРО-да (Қазақстан, Сібір, Орал, т.б.) 1954 – 1960 ж. жүргізілген науқан. КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның 25,5 млн га-сы қазақ жері болды. Тың игеру нәтижесінде Қазақстан КСРО-дағы ең ірі астықты республикаларының біріне айналды.
Аграрлық саясат - ауыл шаруашылығы мен бүкіл аграрлық-өнеркәсіпітк комплексті әлеуметтік экономикалық тұрғыда ұдайы дамытуды қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы.Аграрлық саясаттың басты артықшылықтарынң бірі- әрбір одақтас республикалардың өндіргіш күштері дамуының ерекшеліктері мен өзгешеліктерін, олардың еліміздің халық шаруашылығының бірыңғай АӨК - тің құрамдас бөлігі ретінде қоғамдық еңбек бөлінісіндегі алатын орнын белгілеу.
Жоспарлы Экономика– КСРО-да және басқа да “социалистік” деп аталған елдерде қолданылған экономика жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұнда материалдық қорлармемлекет меншік болып есептеліп, барлық кәсіпорындардың экономика қызметі директивалық жоспарлау, басқару және бақылау арқылы бағытталып, үйлестіріліп отырды.
Сұрақтар:
1.Тың игерудің салдары қандай болды?
2.Тың жерлер негізінен игерілген аймақтар?
3.Мемлекет тарапынан қай шаруашылық саласына салаға көп көңіл бөліне бастады.
4.Н.Хрущевтың аграрлық реформасы Қазақстанға қалайша әсер етті?
-Тақырып.Қазақстанның табиғи ресурстарын игеруде ұлттық мүдде қаншалықты ескерілді?
1962-1969 жж. Экономикаға реформа жасау саясаты 60-ж. Ортасында өзгеріс жасау қажеттігінің шегіне жеткенінің куәсі болды. Жүргізілген шаралар экономикаға қатысты ірі батыл қайта құрылыстар жасауды көздемеді. Пайда болған проблемалар негізінен ұйымдық қайта құрудың әсеріне есептелген субъективтік «жаттығулар» жолымен шешілді. Жеткілікті ойланылмай құрылған және бірін-бірі жиі ауыстырып отырған ұйымдар елеулі тұрақсыздық қаупін, тұрмыс дәрежесінің және әлеуметтік кепілдіктердің әлсіреуін туғызды. Коммунистік болашақ туралы ұрандар да жағдайды жеңілдетпеді.
Экономиканы реформалауға жасалған сәтсіз талпыныстар және оны милитарландыру, өндіріс күштерінің тиімсіз орналастырылуы, халық шаруашылығын басқару жүйесінің әртүсті де жиі қайта өзгертілуі республиканың экологиялық жағдайына теріс ықпалын тигізді. Қазақстанның барлық өнеркәсіпті қалаларында, әсіресе Өскеменде, Шымкентте, Жамбылда, Алматыда ауыр экологиялық жағдай қалыптасты. Қазақстанда ядролық қаруларды сынаудың аса ауыр зардабы болды. КСРО Министрлер Советінің қаулысы бойынша 1948ж. үш облыстың: Семей, Павлодар және Қарағанды облыстарының түйіскен жеріне орналасқан ядролық полигон салынды.
КСРО Қорғаныс Министрлігінің өз мәліметі бойынша 1949 жылдан 1963 жылға дейін полигонда қуаты бірнеше тоннадан 100 килотоннаға дейін 113 жарылыс ауада жасалған. 1989ж. Қыркүйектің 19-на дейін қуаты бірнеше тоннадан 150 килотоннаға дейінгі 343 сынақ жасалған.
Дәрігерлер мен фельдшерлерге иондандырушы радиацияға байланысты рактан, лейкоздан және басқа аурулардан өлген адамдардың шын диагнозы қоюға тиым салынды.
КСРО Денсаулық сақтау министрлігі бұл өңірде дәрігерлік тексеру жүргізуге тиым салды, ал әскери дәрігерлер алған нәтиже – мәліметтер қатаң құпияда сақталып, ядролық полигонның қызметі келтірген зиянның бәрін жасырып келді. Радиацияға ұшыраған адамдардың денсаулық жағдайын ішінара зерттеу тек 1962 жылдан ғана басталды.
50-жылдары Қазақстанның экономикалық күш-қуатының өсуі үшін алғы шарттар жасады, бұл жылдары халық шаруашылығының материалдық-техникалық базасын нығайту, шаруашылық айналымға жаңа ресурстарды тарту, өндірістің техникалық дәрежесін арттыру шаралары жүзеге асырылды. Бірақ жеңіл және тамақ өнеркәсіп салаларына тежеу жасалып, шикізат және отын өндіретін салалар озық қарқынмен дамытылды /шамамен өнеркәсіпке жұмсалған күрделі шығындардың 9/10 бөлігі «А» тобын дамытуға жұмсалды.
1951-1955 жж. өнеркәсіпке жұмсалған қаржының жалпы көлемі 1941-1950 жж. Гөрі 2,3 есе артық болды, ал өнеркәсіптік күрделі құрылыста тек 1960 жылдың өзінде ғана бүкіл төртінші бесжылдықта тек 1960 жылдың өзінде ғана бүкіл төртінші бесжылдықта осындай құрылысқа жұмсалған шығыннан 1,4 есе дерлік артты.
Ғылыми-техникалық прогресс-қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды факторы. 60-жылдары ғылыми-техникалық прогрестің табыстары кең көлемде енгізілді: электрлендіру және химияландыру, кәсіпорындарды бір жолғы қуаты күшті жоғарғы өнімді жабдықтармен жарақтандыру және автоматтандыру есебінен өндіріс интенсивтендірілді.
Кен шығару өнеркәсібінде көмір өндірудің негізгі процестері: қазу, құлату және тазалау забойларына тиеу және т.б. механикаландырылды. Республиканың жетекші кен өндіру кәсіпорындарының қазіргі заманға еңбек құралдармен жарақтануы, онда қолданылатын технология олар дүние жүзінің таңдаулы кәсіпорындары дәрежесінде, ал тіпті жабдықтардың кейбір түрлері жөнінен олардың алдында болды.
Іздеу-барлау жұмыстарының, мұнай өндірудің, мұнай өндеудің технологиясы мен техникасы түбірінен өзгерді. 1965 ж. 308 мұнай скважинасында мұнай шығару процестері комплексті автоматтандырылды және телемеханикаландырылды, 198 мың тонна мұнай жер қабатына қолдан ықпал жасау тәсілі арқылы шығарылды. Машина жасауда құюдың озық әдісі енгізілді, жинау , ұста-пресс және басқа цехтардың техникасы тынымсыз жетілдірілді.
Дегенмен жоғары өнімді процестер мен технология мейлінше шабан енгізілді. Шығарылған бұйымдардың конструкцияларында озық материалдар: полимерлер, ағаш, пластиктер және басқалар пайдаланылмады. Электр энергетикасында жабдықтардың құрылымы өзгерді, бір жолғы қуаты күшті агрегаттар енгізілді, жоғары қысымда жұмыс істейтін агрегаттар көбейді. Автоматика, телемеханика және электронды есептеу техникасы енгізілді.
Сайып келгенде, республика өнеркәсібінде кәсіпорындарды қайта құру және техникамен қайта жарақтандыруда жаңа техниканы, озық технологияны енгізуде белгілі табыстарға қол жетті.
Осы жылдары салынған өнеркәсіптер: Ақтөбе хром заводы, Шымкент гидролиззаводы, Семей цемент заводы, Жезказған кен байыту фабрикасы, Соколов – Сарыбай комбинатының алғашқы кезектері, Өскемен таукен жабдықтарын шығаратын машина жасау заводының 1-кезегі т.б.
1958 жылы жалпы өнім өндіруден Қазақстан КСРО-да 3-орынға шықты. 1956-1958 жылдар аралығында елімізде көлік және коммуникация жүйелерін дамытуға 146,4 млн. сом жұмсалды. Республикада темір жол құрылысына ерекше көңіл бөлінді.
1960 жылы қазақ КСР теміржолынаң ұзындағы 11,42 км. болды. 1958 жылы Қазақ КСР-де Қазақ теміржол басқармасы құрылып, республикадағы барлық теміржол осы басқармаға бағындырылды. 1951-1955 жылдар аралығында Одақта салынған теміржолдың 30%-ы Қазақстан аумағында салынды. 1960 жылға қарай Одақта өндірілген темір кенінің 5,4%-ы Қазақстанға тиесілі болды. Қазақстан «магниткасы» аталған Қарағанды металлургия заводы Қазақстан мен Орта Азияны, Сібір мен Оралды темір өнімдерімен қамтамасыз етті. Республикада электр энергиясы өндірісі де біршама жақсы дамыды. 1960 жылы Қазақстанда 10,5 млн. кВт/сағат энергия өндірілді. Дегенмен индустрияның дамуы болмаса, сапа жағы өзгеріссіз қалды.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы Н.С.Хрущевтің баяндамасы бойынша «Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы заң қабылдады, осыған орай экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Бұрынғы салалық министрліктер мен ведомстволардың көпшілігі таратылды». Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісінің негізіне территориялық принцип алынды. Экономикалық әкімшілік аудандарда халық шаруашылығы кеңестері (совнархоздар) құрылды, өнеркәсіп пен құрылысқа тікелей осылар (совнархоздар) басшылық етті. Сөйтіп, реформа негізінде 1) экономикалық әкімшілік аудандар ұйымдастырылды, 2) бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың орнына халық шаруашылығы кеңестері ұйымдастырылды. Сонымен баскарудың екі түрін көруге болады.
1. Орталықтандырылған басқару Территиориялық басқару
2. Салалық халық шаруашылық министрлік Кеңестері
1957 жылғы реформаның кемшіліктері :
1957 жылдан бастап аумақтық принциптер негізінде экономикаға басшылық ету ісін қайта құру ойдағыдай нәтижелер бермеді. Керісінше, 1) экономиканың жекелеген салаларына тұтастай басшылық жасауға мүмкіндік болмады, 2) жекелеген салаларды техникалық жағынан қайта жабдықтау ісіне нұқсан келтірді, 3) өндіруші мен тұтынушы арасында бұрыннан орын алған қатынастар өзгеріссіз қалды, 4) бұрын кәсіпорындар министрліктер тарарапынан бақылауда болса, енді оларды халық шаруашылық кеңестері жүргізетін болды, 5) экономикалық тетіктер дұрыс жұмыс істемеді. Қазақстан коммунистік партиясының съездері мен пленумдарында кәсіпорын жетекшілері жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалардың тиімсіздігін ашық айтып жүрді.
Сәтсіздіктер күйгеліктік туғызды, экономиканы басқаруда ғылымға негізделмеген ойластырмай жасалған субъективтік шешімдерге жол берілді. Мұндай шешімдер көп жағдайда Н.С.Хрущевтің жеке басымен байланысты болды. 1962 жылы Қазақстанда халық шаруашылығын ірілендіру мақсатында реформа жасалды: партия орындары өндірістік белгі бойынша қайта құрылды. Олар өнеркәсіптік және ауылшаруашылық партия үйымдары болып бөлінді.
Достарыңызбен бөлісу: |