Қуыршақтай әдемі келіншек Ангелина Александровна Пак ӛзінің кабинетін ішінен
жауып алып жылап отыр. Ол Алматыда жаңадан ашылған банк тӛрағасының
орынбасары.
Еліктей сұлу келіншек Алма Исаханқызы ӛзінің кабинетінде қуанышы қойнына
симай, күлімдеп отыр. Ол жаңадан ашылған фирманың директоры.
Қаланың екі басында бір сәтте бірі жылап, бірі күліп отырған екі келіншек. Екеуі
де сұлу. Екеуі де нәзік. Жастары да қарайлас. Бұларға не болды?
Обшым, басынан бастайықшы. Бәрі неден басталып еді?
...Иә. Қарғыс атқыр жүз елу миллион сом! Мына сергелдең содан басталған еді ғой...
Тәуелсіздіктің таңы атқанына жарты жыл ғана уақыт болған. Жетпіс жыл бойы бір
үйдің адамдарындай тату-тәтті күн кешкен он бес республиканың мәңгі мызғымастай
кӛрінген Одағы тосап салған сүттей іріп, ыдырап кеткенімен барлық жерде «Ресей
рублі» айналымда жүр. «Рубльдің» құнсызданып кеткені соншалық, ел ішінде «сабан
ақша» аталып, сорлап тұрған шағы.
«Алаяқтар Ресейдің орталық банкінен тӛрт миллиард сомды үптеп кетіпті» деген
хабар бұрынғы Кеңестер Одағының, бүгінгі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының
тӛрт бұрышына түгел тарады. «Апыр-ай! Мұндай да болады екен-ау?!» дескен жұрт
бұл ақпаратқа сенер-сенбесін білмей дал болды.
– Қалай үптепті?
– Сонда банк қайда қарап отырған?
– Мынау масқара ғой!
– Осынша ақшаны қалай ұрлаған?– десіп, кӛшеде кезіккен таныстар да, дастархан
басына жиналған туыстар да таңданыстан ішектерін тартып, бастарын шайқасты.
Бір ай болмай сол кӛп ақшаның иісі Алматыдан шығады деп кім ойлаған? Анығын
айтқанда ақшаның ӛзі емес, кӛп ақшаны чек арқылы қалай үптеу тәсілі жетіп келді.
Алма Исаханқызы ӛзі ӛз болып фирма ашқан соң айналымға салатын қаржының
кӛзін іздей бастаған. Осы күнде үкіметтің тарапынан екінші деңгейлі банктердің
жұмысын ұйымдастыру қызу қолға алынып, сонымен қабаттаса жекеменшік банктер
де жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті. Несиеге ӛтініш берсең, қайтару
мүмкіндігін анықтамай-ақ миллиондаған ақшаны лақ еткізетін «ақкӛңіл» қаржы
ұйымдары бірінен бірі асып түсіп жатыр. Алапейіл банктерден несие алудың
қиындығы жоқ.
Бірақ несие – несібе емес. «Қарыз күліп келеді, жылап қайтады» дейді қазақ.
Жылдық пайызы бидайықтан да биік сол ақшаны қалай айналдырудың жолдарын табу
қиын.
Бұрын соңды түсіне де кірмеген нарықтық қатынастың талаптарын түсіне алмай дал
болған жұрт: «Пәленше шамасына қарамай елу миллион сом несие алыпты. Енді оны
қалай қайтарады? Сотталып тынады-ау?!» десіп, «Мәссаған! Түгенше банктен жүз
миллион алыпты. Ӛлді деген осы шығар?!» десіп, естен танып, меңдуана жеген қойдай
мәңгіріп жүр.
Әзірге саудагерлік кәсіпке тыжырына қарайтын қазақ үшін алып-сатудан басқа
бизнестің жолы кӛрінбейді. Кӛрінген адам бір тиынды екі тиын ете алмайды. Оған
ерекше қабілет пен тәжірибе керек.
Ӛз таныстары мен туыстарының ішінде бизнеске икемі бар ешкімді таба алмаған
Алма Исаханқызы газетке: «Фирмаға коммерциялық директор, есепші бухгалтер
керек» деген жарнама берді.
* * *
Жарнама газетке шыққан күннің ертесіне кеңсесіне асықпай келген. Үшінші
қабатқа кӛтеріліп, сол жақ қанатқа бұрыла беріп еді дәлізде жасы отыздың үстіндегі
бейтаныс орыс жігіті жылы ұшырасып амандасты. Мұнтаздай киініп, ақ жейдеге
қызыл галстук таққан, ұзын бойлы, аспан кӛзді, келісті жігіт екен. Сұлу келіншек
жігіттің ӛз соңынан қадала қарап тұрғанын әйелге тән түйсікпен сезіп келеді. Ұзын
дәліздің соңындағы кабинетінің алдына жеткенде иығына асынған ақ түсті қайыс
сӛмкесінің ішкі қалталарын ақтарып есіктің кілтін іздей бастады. Жаңа амандасқан кісі
қасына жақындап келіп ӛте биязы, сыпайы түрмен:
– Кешірім ӛтінем! Газеттегі жарнаманы сіздер беріп пе едіңіздер?– деп сұрады.
Сыпайлығы сондай, бейне бір патша сарайындағы ақсүйек ханшайымның алдында
иіліп тұрған лакейше кішірейе сӛйледі. Оның жұмсақ қоңыр дауысы Алманың
құлағына жылы естілді. Кӛзінде де жарқылдаған сәуле бар екен.
– Не туралы? Қандай жарнаманы айтасыз?– деді бұл іші біліп тұрса да алғаш кӛрген
бӛгде адамға сыр бермеуге тырысып.
– Кешіріңіз! «Фирмаға коммерциялық директор керек» деген,– деп сыпайы кісі жай
ғана жымиды. Езу тартқаны да ӛзіне әдемі жарасады екен. Сӛйлескеннің ӛзі жағымды
кӛрініп, Алманың кӛңілі кӛтеріле түсті.
– Иә, біз бергенбіз. Кіріңіз!– деп жалғыз бӛлмелі, аумағы ат шаптырым кабинеттің
есігін айқара ашты да,– Сіз жайғаса беріңіз. Қазір, терезені ашып қояйын,– деп қарсы
беттегі тыныш баққа қарайтын терезені жартылай ашты.
Мамырдың күні сәске болмай қыза бастапты. Сырттан жылы леп кірді. Жұпыны
кабинетте сӛрелері бос ескі сары шкаф, ұзын қоңыр үстел, қара драппен қапталған
айналмалы кресло, жеңіл темір аяқты тӛрт орындықтан ӛзге ештеңе жоқ. Оң жақ
қабырғаға ұзынша келген дӛңгелек айна, түрлі-түсті күнтізбелік плакат, сол жақтағы
қабырғаға үлкен масштабты «Қазақстанның географиялық картасы» ілінген. Есіктің
маңдайшасына қоладан жасалған аттың тағасы қағылыпты. Терезе жақтағы тӛргі
қабырғадан Тұңғыш Президенттің сұсты портреті тесіле қарап тұр. Келген кісінің
мысын басып тұрсын дегендей.
Тақтайлары қаңсып, сыры кӛше бастаған еденді сықырлатып барып Президент
портретінің қасындағы ӛзінің орнына жайғасқан соң Алма сыпайы кісіге қарап:
– Құлағым сізде. Айта беріңіз,– деді.
– Әуелі танысып алсақ қалай болады?– деді бейтаныс адам жеңіл жымиып.
– Менің аты-жӛнім Алма Исаханқызы,– Ол ӛзінің есімін әкесінің есімімен
қосарландыра атағанды ұнатады. Солай атаса ӛзін кәдімгідей тәп-тәуір адам сезініп
қалады. Тіпті ғылыммен айналысамын деп миы ашып кеткен доцент күйеуін де ӛзін
солай атауға үйреткен. Бұған дейін ӛзі лобарант болып істеген Технологиялық
институттағы кафедра қызметкерлері де, студенттер мен аспиранттар да түгел солай
атайтын.
– Сергей Николаевич Платонов,– деп келген кісі қолын ұсынды. Алақаны мақтадай
жұмсақ кӛрінді. Ӛмірінде қара жұмыс істемеген адам сияқты.
– Сіз бұрын бизнес саласында жұмыс істеп пе едіңіз?– деп сұрады Алма.
– Құрметті Алма Исаханқызы! Егер қарсы болмасаңыз ең әуелі мен сізге ӛз
сұрақтарымды қойып алсам деп едім,– деді Сергей Николаевич қыздай сызылып. Алма
іштей «Мына кісінікі қызық екен. Сонда менен не сұрамақшы?» десе де, әдептен
аспайын деп:
– Қарсылығым жоқ. Сұрай беріңіз,– деді.
– Сіздің фирмаңыз қалай аталады?
– «Алан» компаниясы.
– Компания қызметінің бағыты қандай?
– Елдің бәрі сияқты сауда-саттықпен айналысамыз.
– Бизнесте тәжірибеңіз бар ма? Компанияның жылдық қаржы айналымы қалай?
Есеп-шотыңызда қанша ақша бар?
– Жаңа ғана ашылған компания ғой. Тәжірибе де жоқ, ақша да жоқ. Тіпті телефон
тартып та үлгермедік. Жұмысқа енді кіріссек деп отырмыз. Жарнамада жаздық қой:
«Коммерциялық директор, есепші-бухгалтер керек» деп. Жӛні түзу адамдар болса,
командамды осылай жасақтамақпын. Қазақта «Кӛш жүре түзеледі» деген жақсы мәтел
бар. Орнымыздан қозғалсақ, арғы жағын кӛре жатармыз,– деді Алма шындығын
айтып. Сергей Николаевич оның әр сӛзін мұқият тыңдап «ымм...ымм» деумен болды.
– Алма Исаханқызы, тағы бір-екі жайтты сұрасам ренжімейсіз бе?
– Сұраңыз.
– Сіздің мамандығыңыз қандай?
– Оны қайтесіз?– деді Алма күліп.– Мен технологпын. Жеңіл ӛнеркәсіп саласының
технологымын.
– Бұл ӛте маңызды нәрсе. Бұрын қаржылық құжаттармен жұмыс істеп кӛріп пе
едіңіз? Бухгалтериядан, банк ісінен хабарыңыз бар ма?– деді Сергей Николаевич
Алманың жүзіне үңіле түсіп.
– Бухгалтерияны аздап білемін. Банк ісін ӛмірдің ӛзі үйретеді. Ол жерде кеңесшілер
бар ғой.
– Дегенмен бәрін білгеніңіз кедергі болмас еді. Енді басты мәселеге кӛшейін. Егер
бірге жұмыс істесек, менің қызметімді қалай бағалар едіңіз? Айлыққа отырғызасыз ба,
әлде ӛзім әкелген таза пайданың пайызын бересіз бе?
– Әзірге есеп-шотта қаражат жоқ. Егер бірге жұмыс істеуге келіссек, тапқан
табысыңыздан пайыз беремін.
– Қанша пайыз?
– Оны уақыт кӛрсетер. Енді менің сұрақтарыма жауап берсеңіз. Сіз бұған дейін
қайда жұмыс істедіңіз? Қайда тұрасыз?
– Жоқ, сіз пайыз туралы нақты айтыңыз?
– Ӛзіңіз қанша дер едіңіз?
– Мен біраз үлкен компанияларда қамтамасыз етуші «снабженец» болып істедім.
Коммерциялық ұсыныстарым ӛте кӛп. Және бәрі де қолға алып кіріссе бітетін
жұмыстар. Маған тек ойларымды іске асыратын компания керек. Тынбай
еңбектенемін. Айлыққа отырмаймын. Түсірген пайдамның тең жартысын аламын. Сіз
мына қабырғаға Қазақстанның картасын іліп қойыпсыз. Бұл картаның шеңберінен
шығу керек. Мен Ресеймен қатынас орнатамын. Германиямен, Қытаймен алыс-беріс
жасаймын. Ұсақ-түйекпен айналыспаймын. Ірі мегажобаларды қолға аламын. Бірақ
сізге қоятын басты шартым бар: Маған еркіндік бересіз. Бір іске кіріссем еркін
қимылдауым керек. Әрине, сізбен ақылдасып отырамын ғой. Сәті келгенде тиісті
жерлерге қаржыны да ӛзім тӛлеуге мүмкіндік болса деймін. Сонда сіздің
компанияңызды тез арада кӛтеріп беремін. Оған сене беріңіз,– деді Сергей сенімді
сӛйлеп.
– Олай болса ӛзіңіз компания ашып, соны кӛтере бермейсіз бе? Маған неге
келдіңіз?– деп Алма сұрақты қабырғасынан қойды. Ішінен: «Мына кісінің айтқандары
рас болса, нағыз маған керек адам осы екен ғой» деп отыр. Сергей Николаевич сасқан
сыңай танытпады.
– Қымбатты Алма Исаханқызы! Жаңа таныссақ та сізге біраз сырымды ашық айтуға
рұқсат етіңіз. Ӛмір болған соң әртүрлі жағдайлар болады. Мен ӛз атыма фирма ашсам,
ертеңіне органдар соңыма түсуі мүмкін. Алматыға отбасыммен кӛшіп келгеніме бір
жыл болды. «Орбита» ықшам ауданында тұрамын. Оған дейін ӛзім туып-ӛскен
Семейде тұрдым.
Осыдан екі жыл бұрын бір тірліктер бойынша органның адамдарымен жаға
ұстасуыма тура келді. Әділдік бар деп жүрмін ғой. Қайдан білейін? Олай емес екен.
Қазақстанда әділдікті ақымақ адам ғана іздейді. «Дәудің арты диірмен тартады» деген
рас. Олар маған күн кӛрсетпей қойды. Қайда барсам да жолымды кесіп тастайды.
Ресейге кетіп қалғым келді. Бірақ мен қазақтардың ішінде ӛскенмін. Ӛзімді Арғынның
бір баласымын деп санаймын. Ресейлік орыстармен тіл табыса алмаспын дедім.
– Қылмыс жасап қашып жүрген жоқсыз ба әйтеуір? Әлде бірдеңені бӛлісе алмай
қалдыңыздар ма? Ол қандай жағдай еді?– деп сұрады Алма әйелдік қызығушылығы
артып.
– Ой, Алма Исаханқызы! Сіз қандай сезімтал жан едіңіз?! Дәл таптыңыз. Олар менің
үлесімді бермей қойды. Былайша айтқанда «лақтырып» кетті. Ӛз үлесімді даулап едім,
бәлеге қалдым.
Қалалық милицияның бастығы жақын танысым болатын. Соған үлкен жоба туралы
айттым. Семейдегі бір банк филиалының бастығы оның жақын туысы екен. Сол кісіге
шығатын адам таппай жүргенмін. Қазақтарды ӛзіңіз білесіз ғой, туысқан десе жанын
береді. «Сол туысыңмен таныстыр, немесе, осы жобаны ӛзің ұсын» дедім.
Жоба болғанда қандай жоба?! Набережные Челны қаласынан бір тиын да тӛлемей,
елу «КамАЗ» машинасын алып келдім.
– Бір тиын тӛлемегені қалай?– деп Алма таңданысын жасыра алмады.
– Иә, иә! Бір тиын да тӛлеген жоқпыз. Кеңестік кезде ондай тәсілдердің мың-сан
түрі бар еді ғой. «КамАЗ» зауыты мен уақытша бір фирма арасында келісім шарт
жасалды. Семейдегі банк филиалы тӛлем тапсырмасының түбіртегіне елу «КамАЗ»-
дың ақшасы толық тӛленгенін растап мӛр басып берді. Бірақ ешқандай да тӛлем
операциясы болған жоқ. Сол мӛр басылған бір жапырақ түбіртек бойынша машиналар
зауыттан жіберіле беретін. Қазақстанға келгенде олар үш есе бағасына сатылады.
Былайша айтқанда, он жеті машина сатылса, елу машинаның орны жабылады деген
сӛз.
«КамАЗ» зауытындағылар екі аптадан кейін ақшаны іздей бастады. Сол кезде
«Аударымнан қате кетіпті» деп, қайта аударғансып, соған дейін сатылып кеткен он
жеті машинаның ақшасымен толық жаба салдық. Қалған отыз үш машина тегін түсіп
тұрған жоқ па? Үш машинаны әлгі милицияның бастығына беріп, басқасын банкпен
тең бӛлісетін болғанбыз. Екі туысқан ӛзара келісіп алып, маған үш машина беріп,
қалған отызын ӛздері жоқ қылды. Бұл істері маған ұнамады. Соңы үлкен дау болып,
қырқысып тындық. Бірақ, үш «КамАЗ»-дан ӛзге ештеңе ала алмадым. Керісінше, мені
қорқытып-үркітіп, кӛрсетпегендері қалмады. Солар тағы да алдымнан шыға ма деп
фирма ашпай жүрмін. Маған сенгеніңізді қалаймын,– деді Платонов. Сӛйлеген сайын
оның сӛзінің шынайылығына иланған Алма Исаханқызы оған құрметпен қарай
бастады.
– Сіз айтқан шарттармен келісемін. Менімен бірге жұмыс жасауға сіз келісесіз бе?–
деп Платоновқа сұраулы жүзбен қарады.
– О не дегеніңіз, Алма Исаханқызы?! Сіздей сұлу келіншектің сӛзінен бас тарту
мүмкін бе? Маған бүгіннен бастап бұйрық шығарсаңыз да болады. Екеуміздің
арамыздағы келісім шартты ертең ӛзім дайындап әкелейін. Сізбен танысқаныма ӛзімді
бақытты санап отырмын. Айтпақшы сіз қай жердің тумасы боласыз?
– Ӛскеменнен.
– Міне, кӛрдіңіз бе? Тіпті жерлес екенбіз ғой. Сіз орыс тіліне жетік екенсіз,– деді
Сергей Николаевич.
– А-а, мен мектепте де, институтта да орысша оқығанмын. Қайта қазақшам сәл
нашарлау.– Екеуі бірге күлді.
Сол күні Платонов «Алан» компаниясының коммерциялық директоры болып
шықты.
Арада екі күн ӛткен соң газеттегі жарнама бойынша Алма Исаханқызының алдында
жасы елуге таяған етжеңді әйел отырды. Қытайдан оралған қазақ екен. Арғы бетте де,
елге оралған соң да тек бухгалтер-экономист қызметін атқарыпты. Осы салада отыз
жылдық еңбек ӛтілі бар. Есімі Ұлжан. Түрі шаршаңқы. Тағдырдың тәшпішін кӛп
кӛрген адам сияқты. Біреуден тауып алған жалғыз қызы бойжетіп қалыпты. «Ақсай»
ықшам ауданында екі бӛлмелі пәтерде тұрамын деді. Біраз әңгімелесіп, ӛз ісін білетін
адам екендігіне кӛзі жеткен соң Алма оны да жарты ставкаға жұмысқа қабылдады. Ол
кісі басқа фирмалардың да есеп-қисабын қатар жүргізетінін айтты. Қаладағы бір
корпорацияның штаттағы бухгалтері кӛрінеді. Ол «Алан» компаниясының барлық
есеп-қисабын ӛз қолына алатын болды.
* * *
Платонов келгелі «Аланның» жұмысы алға басып жүре берді. Сергей Николаевич
аңқылдаған адал, жұмысқа берілген, ӛте іскер адам екен. Жан-жақтан жұлып-тартып
«Алан» компаниясының есеп-шотына ақша түсіре бастады. Алма да сӛзінде тұрып,
оған уәделі пайызын келісім шартқа сай тӛлеп тұрды. Сергей Николаевичтің
арқасында «Алан» компаниясы несиеге мұқтаж болмады.
Платоновтың кӛк түсті «Жигули» машинасы бар. Екеуі сол кӛлікпен күнұзақ бірге
жүреді. Жақын адамдардай сыр ашып, жүрек түбіндегі сырларын жасырмай айтатын
жағдайға жетті.
Сергей Николаевич әзіл-қалжыңға да шебер-ақ. Кейде Алманы кӛзінен жасы
аққанша күлдіреді. Оны еркелетіп, Алмуша деп атайтынды шығарды. Ӛзінің күйеуіне
есімі мен әкесінің есімін қосақтатып айтқызатын сұлу келіншек сыпайы Платоновтың
еркелеткенін іштей ұнатып тұратын болды.
– Эврика!– деді бір күні Платонов.– Эврика! Алмуша, екеуміз ақшаның астында
қалатын болдық!
– Тағы не ойлап таптыңыз?– деді Алма таңданып.
– Бұқтырылған ет! «Тушонка»!
– Сонымен?..
– Сиыр етінен жасалған «тушонка» сатамыз,– деді Сергей қуанышын жасыра алмай.
Алма әлі түсінбей тұр. Бірақ Сергей Николаевичтің бекер сӛйлемейтінін біліп алған
еді. Бір жақсылық күтті.
– Айтсаңызшы енді,– деді еркелей сӛйлеп.
– Алматының ет комбинаты бар емес пе? Қазір сол ұйым акционерлік қоғамға
айналған. Президенті Шымкенттен келген Кетебаев деген қазақ. Шіріген бай. Соның
вице-президентіне шықтым. Тюрин Володя деген. Былай етеміз: Мен сұрап
анықтадым. Бір вагонда сексен тӛрт мың банка бұқтырылған сиыр еті болады екен. Әр
банкасының бағасы базарда мың тӛрт жүз сом тұрады. Кӛтерме саудада ең кемі бір
мың сом. Ал бізге комбинаттың ӛз бағасымен әр банкасын бес жүз сомнан беретін
болды. Бір вагонын қырық екі миллион сомға алып, сексен тӛрт миллионға сатамыз да,
бума-бума ақшаны бұрқыратып қалтамызға басып отыра береміз.
– Оны сатып алатын ақша қайда?– деді Алма басын шайқап.
– Ештеңе уайымдама, Алмуша! Бір тиын да ақша салмаймыз. Сен Сергей
Николаевичті білесің ғой. Жоқ жерден ақша жасайтын бүгінгі Остап Бендер дегеніңіз
мен болам. Қоғамдағы ақымақтықтың бәрін ӛз пайдамызға шешуіміз керек. Остап
Бендерді осы жұрт ақымақ дейді, керісінше, ол сол кездегі қоғамды ақымақ қылған
адам. Енді түсіндің бе?
– Түсінсем бұйырмасын. Сергей Николаевич жұмбақтамай айтыңызшы.
– Айтқанда былай: Тюрин бізге бухгалтериясынан бір вагон «тушонкаға» тӛлемге
арналған шот алып береді. Шотты бір апта ішінде тӛлеу керек. Ал біз оны үш-тӛрт
күнде басқаларға екі есе бағасына сатып үлгіреміз. Комбинатқа тӛленуге тиіс
қаржыны оның есеп-шотына аудартамыз. Біз тіпті саусақ қимылдатпаймыз. Сатып
алған адамдар «тушонканы» комбинаттан артып алып кетеді. Вагондағы тауардың
жарты бағасын нақты ақшамен аламыз. Чемодан-чемодан ақшаны офиске әкеліп
беретін қыламыз. Ал Тюринге ӛзіміз алған қырық екі миллионның он пайызын сыйлық
ретінде береміз. Тӛрт миллион екі жүз мың сом. Қалғанын тең бӛліп аламыз. Әр
вагонды сатқан сайын сенің қалтаңа он тоғыз миллион сом түседі. Мұным қалай,
Алмуша?– деп қасында тұрған еліктей сұлуды нәзік белінен құшақтап, жерден кӛтерді
де бір айналдырып, бетінен сүйіп-сүйіп алды. Оның қуанғанын кӛріп, әрі бопыраған
қыруар ақшаны елестетіп Алма да риза болып қалды.
Платонов – комбинатор. Шығармайтыны жоқ. Бір нәрсенің мүйізі кӛрінсе
құлағымен қосып жұлып алады. Бұлар екі айда тӛрт вагон бұқтырылған етті қыл
үстінен сатып жіберді. Ешқандай қылмыстың ізі білінбейді. Ет комбинатына ақша
тӛленіп жатыр. Вагон-вагон «тушонка» комбинаттан артылып кетіп жатыр. Бәрі
заңды. Тюрин де разы болғандықтан тегін шотты он пайызға пұлдап, қайта-қайта
шығарып берді. Платонов бір жапырақ қағаздан адамның басы айналатын ақша жасап,
Алма екеуі аяқ астынан шаш-етектен қарық болды. Нақты ақша чемоданмен, қаппен
келіп жатқанда сұлу келіншектің басы қалай айналмасын. Ол соңғы екі айда
кабинетінен шықпай-ақ сексен миллион сом пайда кӛрді.
Алма Исаханқызы аз уақыттың ішінде ӛзгеріп шыға келді. Тау етегінен үлкен үй,
астына елде жоқ қымбат машина сатып алды. Гауһар мен алтыннан қымбат әшекейлер
тақты. Ақшаны күреп тауып жатқан соң майбас күйеуін менсінбейтін болды.
Араласып жүрген құрбылары мен достарына шекеден қарайтынды шығарды. Олар да
бұның мастана бастағанын сезіп, іргесін аулақ салуға кӛшті. «Жаман атқа жал бітсе,
жанына торсық байлатпас. Пішту!» десті. Күйеуінің құрдастары: «Әй, мәнжубас!
Үйстіп жүріп сұлу қатыныңнан айырылып қалма!» деп ескерте бастады.
Сергей Николаевичтың да есебі түгел. Алма тапқан сексен миллионды ол да
тапты. Бірақ ел-жұрттың кӛзіне түспеу үшін ескі кӛк «Жигулиін» тепеңдетіп,
еңбекторыдай тепкілеп мініп жүре берді. Ақшасы кӛп адамға тіпті ұқсамайды.
* * *
Платоновтың бір жаман әдеті бар екен. «Запой» деген. Жап-жақсы адам болып
жүреді-жүреді де бір күнде зым-зия жоқ болып жоғалады. Не ӛлі, не тірі екенін білмей
Алма сасқалақтайды. Ӛйткені оның Сергей Николаевичсіз күні жоқ. Ал ол болса
қатыны мен он екі жасар баласын басқа жаққа қуып жіберіп, үйге қамалып алып шарап
ішеді. Күн ішеді, түн ішеді. Мына жарық әлемнен жырақ кетіп, еденге аунап,
сандырақтап жатады.
Жұмыста жаны қысылған бір күні Алма оны үйіне іздеп барды. Қоңырауды қанша
басса да іштегі мас адамның есікті ашуға әл-дірмәні жетпеді. Платонов есікке дейін
пластунша жылжып жетті де, орнынан кӛтеріле алмағандықтан ағаш есіктің
астындағы саңылаудан жүз сомның ұшын шығарды. Қырылдаған дауысы сыртта
тұрған Алмаға үзіліп-үзіліп естілді.
– Бір бӛтелке шарап әкеліп бер!– деді әрең сӛйлеп.
– Қап! Мына кісіні-ай!– деп күйінсе де Алма адамгершіліктен шықпайын дегендей
ақшаны алып, дүкенге қарай құлдыраңдады. Айтқан шарабын алып, пәтердің алдына
қайта келді. Есіктің сыртынан құлағын тақап тың тыңдап еді, лоқсып, құсып жатқан
дауыс естілді. Бұл жиіркене тыжырынып: «Мына кісі ішсе шошқа болып кетеді екен-
ау» деді ішінен. Сонда да әкелген шарапты сыртқа тастап кетпейін деп есікті қатты-
қатты қақты. Әйтеуір бір мезетте Платонов есікті ашты-ау.
Оның түрін кӛргенде Алма ӛз кӛзіне ӛзі сене алмады. Бұл білетін мәдениетті,
сыпайы Платоновтың жұрнағы да қалмапты. Алдында азып-тозған албасты тұрғандай
болды. Әкелген бӛтелкені босағадан аспай, қолына ұстата салды да, ӛлердей сасып
тұрған маскүнем адамның түріне қайта қарағысы келмей, ұшынардай жиіркеніп, кері
қарай безіп берді.
«Запой» кемі он күнге созылады екен. Студент күнінде Алма атақты ақын
Александар Блоктың күнделіктерін оқығаны бар еді. Сонда ақынның күнделігі күн
санап жалғасып келеді де, бір тұсқа келгенде он шақты күн үзіліп қалады. Сол он
күннің опырайған орнында «Запой» деген бір-ақ сӛз бажырайып тұратын. Сӛйтсе ол да
сол кезде мына Платонов сияқты мұңсыздың күйін кешіп жатады екен ғой.
Сергей Николаевич он екінші күні жұмысқа шықты. Сақал-мұртын қырынып,
мұнтаздай киініп, галстук тағып, жеңіл жұпарлы иіссу сеуіп алыпты. Дәл алғашқы
кӛргендегідей сыпайы, мінәйі қалыпқа түсе қалыпты. Дегенмен ӛзін кінәлі жандай
сезініп, жанарлары тӛменшіктей береді. Алма оған әуелі кӛзінің астымен қарады да:
– Қош кӛрдік, Остап Бендер мырза! Одессадан қайттыңыз ба?– деді артынша
жымиып.
– Алма Исаханқызы! Сіз маған ренжи кӛрмеңіз. Мен жеті қат кӛктен асып, Ұлы
Рухпен тілдесіп қайттым,– деді Платонов тӛмен қараған күйі.
– Сіз жоқта мына бухгалтер Ұлжан әбден мазамды алып болды,– деп Алма оған
мұңын шақты.
– Сонда қалай? Ол не дейді?
– Тюринге соңғы тӛрт миллион екі жүз мың сомды лимиттік чектен алып берген
жоқ па едік? «Не үшін? Кімге берілді?» деп Ұлжан соны тықылдап сұрап қоймады.
Тюринге бергенімді айтып едім, қып-қызыл пәлеге қалдым. «Сендер пара беріп жүр
екенсіңдер. Бұдан былай менің айтқанымды істемесеңдер, мен қаржы бақылаушы
ұйымдарға шағынамын. Мына чек барда тырп ете алмайсыңдар. Сотталып кетесіңдер»
дейді. «Маған тоңазытқыш әпересің, үйіме жиһаз әпересің, жӛндеу жұмыстарын
жүргізіп бересің. Әйтпесе сендерді ұстап беріп, құртам!» дейді. Не істесек болады?
Сіздің келгеніңіз жақсы болды ғой. Кіммен ақылдасарымды білмей отыр едім,– деді
Алма түңілгендей болып.
– Сіз үлкен қателік жіберіпсіз, Алма Исаханқызы. Ондай құпияны бухгалтерге
ӛмірде айтуға болмайды. «Құпия ішіңде жатқанда сенің құлың, сыртыңа шықса сен
оның құлысың» деген. Екі туып бір қалғаның болса да құпияңды ешкімге айтпауың
керек. Енді ол әйел солай қорқытып-үркіте береді. Бұл бухгалтерден тез арада құтылу
керек.
– Қалай? «Жұмыстан шығасың» дейміз бе?
Платонов: «Аса қымбатты Алма Исаханқызы...» деп келе жатыр еді Алма кесіп
тастады:
– Сергей Николаевич! Сізге не болды, сонша мәймӛңкелеп? «Алма Исаханқызы!
Алма Исаханқызы!» деп. Әдеттегідей «Алмуша», «сен» деп айта беріңізші.
Қойыңызшы осындай әртістікті,– деді наздана бұртиып. Платонов Алманың әдемі
жанарларына қарап жымида да:
– Жарайды, Алмуша! Мен нетіп... Сәл кінәлі болған соң...– деді балаша қипақтап.–
Қалағаның болсын! Бұдан былай қайталанбайды.
– Бәсе, енді ӛзіңізге келдіңіз. Сонымен не істейміз?
– Ол қатын барып тұрған сұрқия екен!– деді әйелдің жан дүниесін жақсы білетін
Платонов Алманың айызы қана түссін деп,– О бастағы мақсаты осындай кілтипан табу
болған ғой. Бухгалтер сенімді адам болмаса қиын. Кӛшеден алуға болмайды.
– Олай десеңіз, сізді де кӛшеден алдым ғой. Онда тұрған не бар?– деп қалды Алма.
– Мен, мен ғой. Бәрі адамға байланысты. Менің ойым таза, саған адалмын. Ал мына
әйелдің ойы бұзық болып тұр. Бір амалын тауып, тез құтылу керек.
– Ойы бұзық болмаса екі ай жұмыс істемей жатып осындай «шантажға» бара ма?
«Сіз боссыз! Бара беріңіз!» дейміз бе?
– Жо-жоқ! Мұндай адамдармен ұрысып-керісуге болмайды. Ол ӛте қауіпті. Іші-
бауырына кіріп, алдаусыратып, сыйластықпен шығарып салу керек. Қанша уақыт ӛтсе
де ӛзіңе қарсы әрекетке бармайтындай болсын.
– Сонда маған не істе дейсіз?
– Оның айтқанын істе. Тоңазытқышын әпер де, фирманы жабатын болдық де.
Есебін ӛткізсін де кете берсін.
Бұлар солай келісті. Бірақ Ұлжан бухгалтер оңай шағылатын жаңғақ емес-тін.
Ӛзінің отыз жылдық тәжірибесінде талай сығыркӛзді кӛрген кәнігі мыстан еді.
Аңқылдақ Алманың арғы ойын бірден-ақ біліп қойды. «Сен менімен ойнап жүр
екенсің. Мен саған кӛрсетейін!» деп ӛз талабын орындатуға кӛшті. «Менің
айтқанымды істемейінше бұл фирма жабылмайды» деп кесіп айтты. Ертеңіне
тоңазытқышқа, пәтерін жӛндетуге, жиһазға керек деп он миллион сомның есебін алып
келді. Обалы не керек, Алма Ұлжанның қолына он миллион сомды нақты ақша түрінде
санап беріп, әрең құтылды. Дегені болған соң Ұлжан: «Ал қарағым, енді фирмаңды
жаба бер!» деп бухгалтерияның есеп құжаттарын Алманың үстелінің үстіне лақтырып
кетті. Бір сәттік ашық ауыздығы үшін оңбай таяқ жесе де, күшала жалағандай іші
ашып күйінсе де Алма қабырғасынан күйреп қалған жоқ. Қолында бар кӛп ақшаға
сүйенді. Сергей Николаевич аман болса он миллион сом тағы да табылар деп сабырға
келді. Ұлжанның орнына ӛзінің биязы мінезді, қойдай жуас туыс сіңлісін штатқа
отырғызды.
* * *
Платонов туралы ойлағанда Алма қателескен жоқ. Нағыз арқа сүйейтін азамат.
Үнемі күлімдеп жүреді. Сӛйтіп жүріп-ақ бір ойдан бір ойды балалатып, бір жұмыстан
екінші тірліктің ұшын шығарып алады. Кеше офиске соғып:
– Алмуша, саған бір «сюрпризім» бар!– деді ол.
– Ол қандай «сюрприз»?
– Енді «Халва» сатамыз.
– Қойыңызшы.
– Қоятын ештеңесі де жоқ. Қолда тұрған нәрсе.
– Ой, Остап Бендерім-ай! Тағы не шығардыңыз?– деді Алма үміттене қарап.
– «Жеміс-консерві зауытымен» жұмыс істейміз. Зинаида Васильевна деген танысым
сонда директордың орынбасары еді. Сол кісімен келісіп келдім. Ешқандай ақша
шығармаймыз. Ет комбинатында қолданған әдіс бойынша зауыттың «Халвасын»
сыртынан сатып отырамыз. Екі есе қайтарыммен сатылады екен. Зинаидаға таза
пайдамыздың он пайызын беріп тұрамыз. Ақшаға батамыз!– деді Платонов Алманың
нәзік қолын қысып. «Тушонка» сатып кӛп ақшаға дәндеп қалған Алманың кӛздері
күлімдеп шыға келді.
– Ал, онда не тұрыс? Іске кірісейік!– деп алақанын ысқылап қуанды.
Екеулеп «Халва» сатып алушы компанияларды іздеуге кірісті. Алма
Исаханқызының алдына нақты ақша тағы да чемоданмен келе бастады. Бұл әрекеттен
олар бір ай ішінде алпыс миллион сом пайда тауып, қақ ортасынан тең жарып бӛліп
алды.
– Қашанғы тышқаншылап жүреміз. Мұның бәрі ұсақ-түйек шаруалар. Менің
басыммен біз миллиардер болуымыз керек қой. «Үлкен кемеге үлкен айдын керек».
Маған кеңістік жетпей жатыр,– деді бірде Платонов.
– Сергей Николаевич! Жағдайымыз жаман емес қой. Шампан зауытының
шампанын да саттық. «Горный Гигант» шаруашылығының алмасын да саттық. Бір
тиын шығармай Владивосток, Хабаровскіге алма жеткізіп, қыруар ақша түсірдік. Сізге
не болды?– деп Алма оның жауабын тосты.
– Бизнеске ақшаны ақымақтар салады. Банктің несиесін де жарыместер алады.
Ақылды адам жоқтан бар жасайды. Заман қолайлы болып тұрғанда қолдан келгенше
қимылдап қалу керек. Ертең Қазақстанның ӛз валютасы шықса Ресеймен жұмыс істеу
қиынға соғады. Конвертация жағы қалай болатынын кім біледі? Сондықтан Ресеймен
бүгін жұмыс істеп қалайық. Менде бір керемет идея бар. Жобаны құжаттау жағынан
сенің кӛмегің керек. Ижевскінің «Москвич» шығаратын автомобиль зауытынан бір
мың «Пирожковоз», немесе, Толяттидің зауытынан бір мың «Жигули» алып келуге
болады.– деп Платонов алдына ақ парақ алып, жаңа жобаның есебін жаза бастады.
– Мың машина?!– деп Алманың кӛзі бақырайып, ауызы ашылып қалды.– Оны да
қалтаңыздан ақша шығармай алып келесіз бе?
– Әрине, қымбаттым!– деді Сергей сыпайы ғана үн қатып,– Сен қасымда болып, қол
ұшын берсең болды. Толяттидің бағыты Ижевскі бағытына қарағанда тиімсіздеу.
Сондықтан «Пирожковоз» мәселесін қолға алайық.
– Ой, Остап Бендер! Остап Бендер! Сіз мені таңдандырып-ақ ӛлтіретін шығарсыз.
Мың машина деген менің миыма симайды. Не істемекшісіз? Айтыңызшы,– деді
еркелей сӛйлеген Алма күлімдеп, Платоновқа ынтыққандай кӛзін сүзіп.
– Не істейтіні бар? Әуелі екеуміз қол ұстасып Ижевскідегі зауытқа барамыз.
Келісім шартқа отырамыз. Зауыттың босату бағасы бойынша бір «Пирожковоз» үш
миллион сом тұрады. Алматыға жеткізу қызметімен үш жарым миллионға айналады
екен. Бізде жеке саудада әр данасы он екі миллионнан сатылып жатыр.
– Ижевскідегі зауытта сіздің танысыңыз бар ма? Әкелген күнде де мың машинаны
қайда сыйдырасыз? Қалай сатасыз оны?
– Танысты табамыз. Ол қиын шаруа емес. Зауыт директорының хатшысы болу
керек. Ондай жерде әдемі қыздар отырады. Олар әдетте басшының нақсүйері болады.
Сол хатшы қызбен телефон арқылы таныссақ болды, мәселенің бәрі оңынан шешіледі
дей бер. Директордың тамырын басып, қалауын таба аламыз. Сол қыз бізге
кӛмектеседі.
– Әй, серім-ай! Қайдағыны ойлап қоясыз-ау!
– Алматыда техникамен қамтамасыз ететін республикалық мекеме бар. Оның
бастығы Андрей Андреевич Козлов деген кісімен таныстым. Әр тоқсанда екі жүз елу
машинадан, бір жылда мың машина аламыз деді. Бізге олар әр машина үшін тӛрт
жарым миллион сом аударады. Ал ӛздері оны он миллионнан бірден-ақ таратып
жібереді. Бізге әр машинадан бір миллион сом қалады. Мың машинадан бір миллиард
сом аламыз. Козлов екі есе пайда табады. Міне, миллиардер болдың деген осы емес
пе?!– деп Платонов жаңа ғана шимайлаған парақты Алманың қолына ұстатты.
Алманың таңданысында шек жоқ. Миллиард! Миллиард! Түсіне кірмеген сандар
ғой. Тағы да бір тиын шығынсыз. Мынау Сергей Николаевич – ұлы комбинатор-ау!
Осының бәрін қайдан шығара береді десеңізші.
Құдай сәтін салып, ойлаған мақсатқа жеткендей болса Алма кімге қарайды? Күнін
әрең кӛріп жүрген адамдармен сӛйлеспек түгілі, әуелі амандасар ма екен? Кешегі
институтта ӛзіне зәбірлік кӛрсетіп, жұмыстан босатқан декансымақтың қолын да
алмайды ғой. Декан түгіл ӛзін құдай санайтын ректорға да бұрылып қарамас. «Ой,
Құдайым-ай! Ӛзің жар бола гӛр!» деп алақандарымен бетін басып, тәтті қиялға берілді.
* * *
Қараша айының басында Платонов айтқандай екеуі қол ұстасып, Алматыдан
Екатеринбург арқылы ұшып, кешкілікте Ижевск қаласына жетті. Бастауыш
сыныптарда оқитын ұлы мен қызын доцент күйеуіне тапсырып, «бұйырса екі-үш
күнде келіп қаламын» деді. Алманың Платоновпен бірге алыс жолға шықаны алғаш
рет.
Сапарға бірге шыққанда адамды жақынырақ танисың. Сергей Николаевич не деген
мейірімді жан еді. Алматының әуежайына келгеннен бастап бұның асты-үстіне түсіп,
баладай бәйек болды. Әйелдің кӛңілін табуға келгенде ол алдына жан салмайтын. Әр
ісімен Алманың жас кӛңілін майдай ерітті.
Платонов автозауыттың басшыларын телефонмен-ақ байлап тастаған. Директордың
хатшы қызы Таняның түрін кӛрмесе де телефонмен сыпайы сӛйлеп, айналып-толғанып
сілесін қатырды. Бұл телефон соқса Таня байырғы танысымен сӛйлескендей: «О,
Сергей Николаевич! Есенсіз бе? Алматы қалай?» деп елпеңдеп қалады.
Платонов Таня арқылы зауыт директоры Панкратовқа шықты. Панкратовпен де дос
адамдай еркін сӛйлесе беретін болды. Ӛзін Алматыдағы зергерлік бұйымдар
шығаратын «Алан» деген алпауыт компанияның коммерциялық директорымын деп,
Алма Исаханқызын сол атақты компанияның Бас директоры деп таныстырған.
Ол жолға шығарда Танядан: «Сіздерге Алматыдан не әкелейік?» деп сұрады. Ұяң
үнді Таня қысылғандай болып: «Аса әуре болмаңыз. Михаил Василевичке аздаған
болгар бұрышы мен сарымсақ әкелсеңіз болады» деген. «Кӛрдің бе? Біздегідей емес,
бұларда нысап бар» деді Платонов Алмаға.
Бұлар кӛк базардан таңдап жүріп бес келі болгар бұрышын, бес келі сарымсақ
сатып алды. Содан кейін қыз-келіншектердің құлағына, мойнына, саусағына салатын
қазақы оюлары бар түрлі арзан әшекей «бижутериядан» бір уысын сарттай
саудаласып, бағасын әбден түсіріп алып: «Мыналарды ӛзіміздің зергерлік бұйымдар
комбинатында жасалған заттар деп сыйлаймыз» деп қойды. Әшекейлі қаламсаптан, от
тұтандырғыштан да біразын салды. «Күлшелі бала сүйкімді. Бұларды бӛлімдердің
бастықтарына бір-бірден ұстатамыз» деді.
Ұшақ «Ижевск» әуежайына қонғанда ымырт үйіріліп қалған сәт еді. Автозауыт
директоры Михаил Василевич Панкратов Алматыдан келетін сыйлы қонақтарды
әуежайдан күтіп алуға арнайы машина жіберіпті. Күтіп алушы Алексей деген жігіт
бұларды зауыттың қонақ үйіне алып келді. Екеуін тӛртінші қабатта қатар орналасқан
люкс нӛмірлерге жеке-жеке жайғастырды. Тӛбесі биік бӛлмелер мұнтаздай таза, жап-
жаңа жиһаздары жарқырап тұр. Мамық тӛсектері бес жұлдызды отельдің тӛсегіндей
кең. Бірінші қабатта мейрамханасы да бар екен.
– Сіздер демала беріңіздер. Ертең таңғы сағат тоғыз жарымда ӛзім келіп, алып
кетемін. Михаил Васильевич сіздерді сағат онда қабылдайды,– деді Алексей кетерінде.
Сергей Николаевич Алматыдан Панкратовқа арнап әкелген сыйларын оның
машинасына салып берді. Алма екеуі: «Жуынып-шайынып, аяқ созып алайық. Кешкі
асты бірге ішерміз» деп келісті.
Бұлар кешкі ас ішуге түскенде мейрамханада келушілер жоқ екен. Елгезек даяшы
қыз екеуін жылы жүзбен қарсы алып, жайлы орынға отырғызды да ас мәзірін ұсынды.
– Ал, Алмуша! Қалағаныңша тапсырыс бере бер. Бүгін екеуміз бір жырғайық.
Алғаш рет жолға бірге шығып тұрмыз ғой, жақсылап бір адам сияқты демалайықшы,–
деп Сергей Николаевич темекі тұтатты.
– Мен де сигарет тартайыншы,– деп Алма сӛмкесінен темекісін алды.
– Маған сұлу келіншектердің темекі тартқаны ұнайды,– деді Платонов күлімсіреп,–
Жалпы, сұлу әйелге бәрі жарасып тұрады ғой. Қарашы, темекі тартқанда қандай әдемі
болып кетесің!
– Қойыңызшы, адамды ұялтпай,– деп Алма қысылғандай болды.
– Ал шарап ішкен әйел одан да сұлу кӛрінеді. Қымбат шараптан аздап кӛрсек
қайтеді?
– Ертең жауапты күн. Соны ішпей-ақ қойғанымыз дұрыс.
– Алмуша! Аздап қана, ауыз тиеміз де қоямыз,– деп Сергей даяшы қызды шақырып
алды,– Жақсы шараптарыңыз бар ма? Әрі жеңіл, әрі тәтті болсын.
– Грузин шарабы бар. «Аллазани». Жартылай тәтті қызыл шарап,– деді даяшы.
– Содан біреуін алып келіңізші.
– Сергей Николаевич! Аздап қана дегеніңіз қане? Бір бӛтелке кӛп қой,– деп Алма
қарсылық танытқандай болды.
– Алмуша! Бұл ӛте жеңіл шарап қой. Түк те етпейді. Оның үстіне ӛзіңе біраз
сырымды айтып, шерімді тарқатсам деп едім. Құдай үшін, қарсы болмашы,– деді
Платонов жұп-жұмсақ алақанын Алманың қолының үстіне қойып. Алма да біразды
кӛрген келіншек қой, еркектің меселін бірден қайтармайын деп ойлады да:
– Жарайды. Байқап-байқап ішерміз,– деді.
Екеуі ұзақ сырласты. Алма қызыл шараптан тартына ішіп отырды. Платонов
шарапты кӛтере алмайды екен. Тез қызды. Темекіні бірінен соң бірін тартты. Кӛңілі
шалқып, сол шараптың тағы бір бӛтелкесін алдырды.
Екінші бӛтелкені алдырғанда Алма уайымдай бастады. Бұрын кӛрмеген шалғай
жерде, жат қалада жүргендері мынау. Сырын жете білмейтін бӛтен еркекпен шарап
ішіп бұл отыр. Бұл қалада Сергей Николаевичтен басқа танитын тірі жан жоқ.
Платонов қатты мас болып, бірдеңені бүлдірсе қандай жағдайға түседі? Біресе қолын
сипап, біресе орнынан ұмтылып бетін сүйіп, ӛліп-ӛшіп отырған мас еркек желігіп
алып, оңашада тӛсекке сүйресе не істейді?
Мас адамның ойындағы нәрсе тілінің ұшында тұрады. Платонов біраз қызған соң
ӛзінің әйелін жамандады. Бӛтен әйелдің кӛңіліне жағу үшін ӛз әйелін жамандау надан
еркектің айласы. Оның бұл қылығын Алма іштей жақтырмады.
Әбден қызған шақта Платонов Алма туралы ӛзінің ішкі ойын жайып салды. Әуелі
«Мен сені сүйем!» деді. Соңынан «Бүгін түнде бірге боламыз» деді. «Тапқан екенсің!»
деп Алма отыр.
– Ондай ойыңызды қалтаңызға салып қойыңыз!– деп бірден кесіп тастады. Оны
тыңдайтын Платонов жоқ. Ол турасына кӛшті:
– Менің кеудемнен итеруге сенің құқың жоқ,– деді ол тілін шайнап,– Ӛзің
ойлансаңшы! Сенің адам болып шалқып жүргенің менің арқам. Мен болмасам сен
кімсің? Алғаш танысқанда шотыңда соқыр тиын жоқ еді. Қазір кімсің? Үлкен үй,
қымбат машина, бриллиант! Бәрін қайдан алдың, а? Біле білсең соның бәрін мен жасап
бердім. Ал сен... Сенің қолыңнан не келеді ӛзі? Ең болмаса маған тӛсекте қызмет
жасасаңшы. Әлде ол да қолыңнан келмей ме?
– Тоқтат енді!– деді Алма оның кӛзіне тура қарап. Платоновтың ауыр-ауыр
сӛздеріне шыдап отыра алмай, намысы қайнап кетті,– Жердің түбіне әкелгенде маған
айтпағың осы ма еді? Есіңді жи, нақұрыс! Арам ойларыңды ақтарғаның дұрыс болды.
Шын бейнеңді енді кӛрсеттің,– деді кіжініп. Кикілжіңді сезген даяшы қыз бұларға
жақындап:
– Сіздерде бәрі дұрыс па?– деп сұрады. Күйініп отырған Алма оған сӛйлегісі
келмей жүзін теріс бұрды.
– Ештеңе етпейді. Қазір ӛзіміз тіл табысамыз. Бара беріңіз,– деді Платонов басын
тӛмен салбыратқан күйі.
– Тіл табысамыз дейді тағы...– деп ала кӛзбен атып қарады да Алма сигарет
тұтатты.
– Алма! Алмуша! Мені кешірші, жаным! Артық кеттім білем. Кешіре гӛр!– деп
Платонов сілекейін сүртті.– Бірақ адам ақиқатты мойындауы керек. Сені мен адам
қылдым. Соны білуің керек.
– Мен де қатты кетсем ренжімеңіз. Бір ақиқатты сіз де біле жүріңіз. Мен қазақтың
қызымын. Аштан ӛлсем де ӛз намысымды ешкімге таптатпаймын. Ӛзімді басынуға
жол бермеймін. Сіз болмасаңыз да жерге қарап отырмас едім. Ӛз күнімді ӛзім кӛрер
едім. Осыны жақсылап ұғып алыңыз,– деді Алма сабасына түскендей болып.
Платонов қулыққа кӛшті. Ертең бәрін шарапқа жауып құтылу үшін есінен
айырылған ӛлесі мастың рӛліне кіріп кетті.
Бұлар мейрамханадан шыққанда түннің біраз уақыты болып еді. Платонов
тӛртінші қабатқа тәлтіректеп әрең кӛтерілді де Алманы құшақтап, жалына бастады.
– Алмуша! Мен бейбақты ең болмаса сен аяшы! Сен түсінші! Жаным құлазып жүр.
Мен үшін ақша деген басты нәрсе емес. Қанша десең де табамын. Мен әлі сенен
миллиардер жасаймын. Тек мені бүгін жалғыз қалдырмашы. Сен болмасаң жастық
құшақтап жатамын ба? Жүрші! Менің бӛлмеме барып жатайық,– деді мүләйімсіп.
– Сергей Николаевич! Ӛзіңіз жеккӛретін әйеліңіздің қасына жеткенше тізеңізді
құшақтап жата тұрыңыз,– деп Алма ӛз бӛлмесіне кіріп кетті де есікті ішінен жауып
алды. Платонов жарты сағаттай есікті сыртынан қағып тұрды. Ақыры ӛзінің мысық
дәмесінен түк шықпайтынын сезіп: «Ну, стерва! Сені әлі кӛрермін!» деп тістеніп,
теңселіп ӛзінің бӛлмесіне кетті.
Жолдан шаршап жетсе де Алманың ұйқысы шала болды. Түн ортасында ұйқысы
шайдай ашылып кетті. Жұмсақ тӛсекте жалғыз жатып Алматыда қалған балалары мен
момақан күйеуін ойлады:
«Жолдасы Дәркен микробиология саласының маманы. Ғылымға берілгендігі сонша
қасында сұлу келіншектің жүргенін де байқамайды. Докторлық диссертация жазып
жатқанына бес жыл болды. Ғылыми еңбегі әлі бітетін емес. Ӛте байсалды, адал жігіт.
Оның осы адалдығы мен момындығы үшін қыр соңынан қалмай жүріп, басын
айналдырып алған Алманың ӛзі болатын. Әйтпесе Дәркеннің қыз-қырқынға қыры жоқ
еді.
Дәркеннен бір ұл, бір қыз тапты. Екеуі де әкесіне жақын. Қазір олар томпиып
ұйықтап жатқан болар. Солардың қасында болудың орнына бұның қайдағы бір қиянда,
қайдағы бір еркекпен сандалып жүргені мынау.
Әдетте үйдің отағасы шапқылаушы еді. Диссертациядан басқа басына дым
кірмейтін Дәркенге не деп ӛкпелейді? Оны да жарыта алмай жүр.
Дүние қуамын деп ӛзі де әйелдік болмысын ұмытып, ер адамға айналып бара
жатқандай. Не істеп жүр? Не бітіріп жүр?
Дүниенің түбіне жеткен адам бар ма? Мейлі, кәсіп керек шығар... Бірақ алыстан
арбаламай-ақ, жақыннан дорбалап та тірлік жасауға болады ғой.
Бәрі қанағаттың жоқтығынан. Бұл да қанағатсыз екен. Барға қанағат қылуды
білмейді екен. Әкесі марқұм: «Қайғысыз ішкен қара судың ӛзі бақыт» деуші еді. Әке
тағылымын да ұмытыпты.
Бірақ бұның жанына жоқшылық әбден батты ғой. Әкесі ерте кеткен соң соңында
қалған бес қыздың ауыртпашылығы денсаулығы дімкәстау анасының мойнына түсті.
Арқа тұтар не ағасы, не інісі болмады. Бес қыз. Қыздың үлкені ӛзі еді.
Әйтеуір талаптың арқасында оқуға ӛз күшімен түсіп кетті. Студент шағында да бар
ойы анасына кӛмектесіп, ӛзінен кейінгі тӛрт қызды жеткізу болды. Қайда барса
кӛргені жоқшылық, жетіспеушілік.
Күйеуге шыққан соң кӛзім ашыла ма деген. Ғалымдардың отбасына келін болып
түсті. Олар да тиынға тісін сындырып отырған әулет екен. Тағы сол жетіспеушілік.
Бұның қанағатсыз болуының ӛзі жас күнінде кӛрген жоқшылықтың ызасы сияқты.
Бала кезден жарымай, жоқшылықты кӛп кӛрген адам тойымсыздау бола ма, қалай?
Бәрібір адамға қанағат керек қой. «Қанағат қарын тойғызар, қанағатсыздық жарлыға
жалғыз атын сойғызар» демеуші ме еді.
Қой, мына тірлік бір жақты болса, осы әдетімді қояйын. Кӛрінген қызылды қуалап,
алқұн-жұлқын шапқылай бермей, ӛзіммен ӛзім болып, балаларым мен Дәркенімнің
қасында жүрейінші» деді.
Кӛзі жұмулы болғанмен санасы ояу күйде, қалың ойдың құшағында қанша
жатқанын байқамады. Таңға жуық қана кӛз шырымын алды.
Таңғы сағат тоғызда Мәскеу радиосынан беріліп жатқан жаңалықтардан «Алаяқтар
Ресейдің орталық банкінен тӛрт миллиард сом үптеп кетіпті» деген ақпаратты құлағы
шалып қалды.
Сол хабарға құлағын тігіп отыр еді, бӛлменің есігін біреу батылсыздау қақты. Алма
бүгінгі жауапты кездесуге дайындалып, киініп, айна алдында боянып отырған. Есікті
ашқанда галстук тағып, сыптай болып тұрған Платоновты кӛрді.
– Алмуша! Қалай ұйықтадың? Алексей келгенше жарты сағат бар. Тӛменнен таңғы
ас ішіп алайық. Мен анықтадым, мейрамханада континентальдық таңғы ас береді
екен,– деді ол түк болмағандай. Кӛзінің асты шараптан күлдірегенмен, бет әлпетін
ретке келтіріп алыпты. Алма оның басынан аяғына дейін шолып қарады да:
– Қазір шығам, Сергей Николаевич! Ал сіз «ӛзіңіз сүйетін» сұлу бикештен түндегі
қылықтарыңыз үшін джентельмендерше кешірім сұрамайсыз ба?– деді маңызды түр
жасап.
– Нені айтасың? Бірдеңе бүлдіріп қойдым ба?– деп Платонов аспаннан түскендей
бола қалды.– Құдай ақы, Алмуша! Ештеңе есімде жоқ. Не болды ӛзі?
– Не болды? Не болды? Бәрі болды. Менің намысыма тиетін сӛздер айтқан кім?
Мына есікті екі сағат тепкілеген кім?
– Мен білмеймін, Алмуша! Маған олай жала жаппашы. Олай болуы мүмкін емес!
Кешкі аста жап-жақсы-ақ отырдық қой.
– Ал, кешкі астан кейін не болды?
– Құдай ақы, білмеймін! Ештеңе есімде жоқ.
– Остап Бендер! Таңертең дәл осылай дейтініңізді білген едім. Білмесеңіз біліп
алыңыз: Мен сіз ойлағандай тӛмен адам емеспін. Түсіндіңіз бе?
– Түсінуін түсіндім ғой. Бірақ, рас айтамын. Христоспен ант ішейін! Ештеңе
білмеймін,– деп Платонов бет бақтырмады. Ӛзіне шаң жуытпады. Кешірім де
сұрамады.
Осы сапарда Алманың кӛп нәрсеге кӛзі ашылды. Сергей Николаевичтің бойында
алаяқтық қасиет басым екен. Ӛтірікті шындай соғып, ӛзінің пайдасы үшін кез келген
жерде жанын сатып кетуге бейім тұр. «Мынадан абайламаса болмайды екен» деп
түйді.
Зауытты аралағанда Платонов әр бӛлімге кірген сайын Судырахметтей судырап,
кӛзі күлген қыз-келіншектер кӛрсе Алматыдан алып келген арзанқол сырғаларын
тағып: «Мынаны сіздерге арнайы алып келдік. Ӛзіміздің зергерлік бұйымдар
шығаратын жеке комбинатымыз бар. Сонда жасалған бұйымдар» деп ойланбай соқты.
Қаламсаптар мен от тұтандырғыштарды ер адамдарға бір-бірлеп таратып: «Сіз үшін
арнайы алып келдік. Алматылықтардан естелік болсын!» деп қиыла ұсынды. Оның
әрекетінің бәрі Алманы жирендіріп бітті.
Платонов осылайша зуылдап жүріп, келесі жылдың басында алғашқы партиямен
жіберілетін екі жүз елу машинаға алдын-ала келісім шарт жасасты. Алма қол қойып,
мӛр басты.
Жұмысты бітіргені дұрыс қой, бірақ жанын сатып, ӛтірікті шылқытпаса да сол
жұмыс бітпей ме? Алманы жирендіргені осы еді.
Алматыға келген соң Сергей
Николаевич зым-зия жоқ болды. Тағы да «запойға» кетті. Бұл жолы ол жарты айға
жоғалды. Қарашаның жиырмасыншы жұлдызында аспаннан түскендей сап ете қалды.
Оны кӛрген бетте:
– Тағы да Ұлы Рухпен тілдесіп қайттыңыз ба?– деді Алма байсалды үнмен.
– Алмуша, оны қайтесің? Мен керемет іс бітіріп келдім,– деді Платонов
масаттанғандай сӛйлеп.
– Ол не тағы?
– Жүз елу миллион сом алып келдім.
– Қалайша?– деп Алма ұмсына түсті.
– Міне, чек. Ақтӛбедегі белгілі фирма берген.
– Бұл қандай ақша? Мынауыңыз бір жапырақ қағаз ғой. Бұған кім сенеді?
– Сенгенде қандай, Алмуша! Қазір ӛзіміздің банкке барамыз да «Аланға» чек
аштырып, соған түгел салып аламыз.
– Сұрауы жоқ па бұның? Не істемекшісіз? Ертең бар тапқанымыздан айырылып
отырмайық,– деді Алма іштей қатты күмәнданып.
– Айырылмаймыз. Маған сене бер. Мен бәрін ойластырып қойдым. Бұл бір айға
берілген пайызсыз несие деп санасаң болады. Отыз күнде қайтарып береміз. Осы
уақыт ішінде бір айналдырып үлгірсек, үстінен кемінде жүз миллион сом табамыз.
Екеуміз елу миллионнан бӛліп аламыз. Болды! Іске кірісейік!– деді Платонов
алақандарын ысқылап. Анандай ақшаны естігенде Алманың басы айналғандай болды.
– Тәуекел! Бірақ бәріне ӛзіңіз жауап бересіз! Мен тек банктен чек алып беремін,–
деді ол қуанып.
– Әрине! Ӛзім жауап беремін. Жүр! Жүр енді!– деп Платонов Алманы асықтыра
бастады.
Екеуі қаланың орталығында жаңадан ашылған «Казфинансбанктің» кеңсесіне келді.
Банк тӛрағасының орынбасары Ангелина Александровна Пак есімді кәріс келіншек
бұларды қуана қабылдап, жарты сағат ішінде «Алан» компаниясының су жаңа чек
кітапшасына жүз елу миллион сом салдырып берді. Банктен шыққан соң Платонов
Алмамен бірге кеңсеге барып, ақша салынған чектің жиырма бес бетіне түгелдей қол
қойғызып, мӛр бастырып алды. Ӛзінің атына сенімхат жаздыруды да ұмытқан жоқ.
Бәрі реттелді деген соң кӛңілі жайланып:
– Алмуша! Сен енді алаңдамай ӛз жұмыстарыңды істей бер. Чекті мен алып
кетемін. Құдай қаласа, жиырма күнде ақшаны айналдырып, пайдамен ораламын.
Мүмкін жиырма бес күн болар... Тезірек бітіруге тырысамын ғой,– деді де кабинеттен
шығып жүре берді.
Платонов Алмаға ең басты нәрсені айтпай кетті. Бұл қылмыстық әрекет болатын.
Банктің ақшасын алаяқтықпен үптеудің тәсілі осы. Ақтӛбеден алып келген мӛрі бар
чек жасанды еді. Онда ешқандай да ақша жоқ тұғын. Платоновтың судыр сӛзіне сеніп
қалған Ангелина Александровна ӛз қолымен банкті тақырға отырғызғанын білген жоқ.
Платоновтың жоспарынша: «Казфинансбанктің» есеп-шотына бір тиын да
түспейді. Олар он тӛрт күннен кейін Ақтӛбедегі фирмаға қызмет кӛрсететін банкке
аталмыш ақша туралы сұраныс хат жібереді. Ақтӛбеліктер бір апта ішінде ол хатқа
жауап беруге тиіс. Әрине олар «Біз сіздерге ешқандай ақша аударуға тиіс емеспіз.
Мұндай қаржылық операция тіркелмеген» деп жазады.
Ангелина Александровна ӛзінің алданғанын сол кезде түсінеді. Ол ӛздерін алдап
соққан «Алан» компаниясын іздей бастайды. Оған дейін жиырма бір күн ӛтеді.
Жиырмасыншы күні бұл Алмаға телефон соғып, «Казфинансбанк» ӛкілдерінің
кӛзіне түспес үшін қаладан бір аптаға кете тұр» дейді. Ол жасырына тұрады. Сонымен
жиырма сегіз күнге созылады.
Демек бұл операцияны жиырма бес күн ішінде, мүмкін болса одан да ерте бітіру
керек. Соған дейін ақшаны бір айналдырып, үстінен алатынын жонып алып, банктің
қаржысын орнына қойып үлгеру керек. Қорқатын ештеңе жоқ. Қаржы орнына қойылса
бұларға түк те болмайды. Міне, бұл Платоновтың нақты жоспары болатын.
Ӛмірде адамның ойға алғаны түгел орындала бермейді. Қашан да Алланың қалауы
болады. «Казфинансбанкке» ӛткізілген чектің жасанды екені Платонов ойлағандай
жиырма бір күнде емес, он үшінші күні-ақ анықталып, қылмыстың арты ашылып
қалды.
* * *
Банк тӛрағасының орынбасары, қуыршақтай әдемі келіншек Ангелина
Александровна Пак ӛз кабинетін ішінен жауып алып жылап отыр. Қызмет бабымен
кӛтерілгеніне екі ай ғана болған еді. Мына алаяқтарға қалай алданып қалғанын ӛзі де
білмейді. Бұған дейін талай чекті осылай қабылдағанда ешқандай оқыс оқиға
болмаған. Осы жолғы қателігін ӛзіне кешіре алар емес. Енді таяуда қол жеткізген
қызметі де қыл үстінде тұр.
Жаңа ғана банк тӛрағасы жеке шақырып алып, терісін тірі күйде сыпырғандай
болды. Ӛмірде естімеген сӛздерін естіп шықты. Тӛраға сӛзінің соңында: «Қалай
етсеңіз де бір апта ішінде жүз елу миллион сомды орнына қойыңыз. Олай болмаған
күнде банкпен қош айтысасыз» деді. Жыламағанда қайтсін?
Он үш күннен бері хабар-ошарсыз кеткен Сергей Николаевич жаңа ғана кеңседегі
кабинетінде отырған Алмаға телефон шалып, осы уақыт ішінде не тірлік бітіргенін
баяндады. Шымкенттің шина зауытынан жүз миллион сомға доңғалақтар алып
Красноярскіге жӛнелтіпті. Бір аптада жүз елу миллион болып қайтады деді. Қалған елу
миллионға Белоруссиядан трактор алдырып жатыр екен. Қазақстанға келгенде сексен
миллионға айналатын кӛрінеді.
Кӛңілі кӛтеріңкі. «Павлодардан хабарласып тұрмын. Жақын күндерде Семей мен
Ӛскеменге барамын» деді.
Ол хабарсыз кеткенге Алма шындап уайымға берілген. Платоновтың не істеп
жүргенін кім біледі? «Ақшаны басып алып Ресейге қашып кетер ме екен» деп те
ойлаған. Платоновтың ӛзі байланысқа шыққан соң алаңдаулы кӛңілі байыз тауып,
келетін пайданың иісін сезіп күлімдей бастады.
Дәл осы кез Қазақстанда рекеттік топтардың аш бӛрідей құтырынып тұрған шағы
еді. Ұрдажық бандиттердің атынан ат үркіп, адам қорқатын. Ана топтың жігіттері,
мына топтың жігіттері деп, екінің бірі «рекет» болып кеткен кез.
«Казфинансбанктың» да мәселелерін шешетін жуан жұдырықтар бар. Бұлар да
білегі жуан жігіттердің кӛмегіне сүйенеді. Жылап отырған Ангелина
Александровнаның ойына ең бірінші болып сол жігіттер оралды. Солар мәселені
тездетуі мүмкін.
Бір апта ғана уақыт берілді. Болмаса органдар арқылы да қыспаққа алып кӛрер.
Бірақ олар істі ұзаққа созады.
Нәзік қана кәріс келіншек кӛзінен мӛлтілдеп тамған жасты сүртіп алып, телефонның
нӛмірін терді.
Жауырындары қақпақтай, қайыс күрткелі тӛрт жігіт әлекедей жалаңдап, жарты сағат
ішінде жетіп келді. Ангелина Александровна мәселенің мән-жайын кӛз жасына шылап
отырып жеткізген соң, тепсе темір үзетін тӛрт бозым «Алан» компаниясының кеңсесін
кӛздеп тартып кетті.
Платоновпен сӛйлескеннен кейін Алманың кӛңіл күйі жадырап отыр еді. Бір
мезетте кабинетіне атпалдай тӛрт жігіт сатыр-сұтыр кіріп келді. Түстері суық,
жүрістері суыт. Олар Алмамен кӛп сӛйлескен жоқ. «Алма деген сен бе?» деді. «Иә»
дегенше болған жоқ, ішіндегі қара бұжыр біреуі қалтасынан тапаншасын суырып
алып, Алманың маңдайына тақады да: «Дыбысың шықпасын! Бізбен бірге жүресің!»
деді. Алма табан астында не болғанын түсінбей: «Мені қайда апарасыңдар?» деп еді,
«Банкке барасың!» деп қысқа жауап берді де кабинетін жабар-жаппас алдына салып
айдай жӛнелді.
Тұра қашатындай тӛртеуі тӛрт жағынан қаумалап, шетелдік кӛліктің артқы
орындығына отырғызды. Жол бойы ләм-мим деген жан болған жоқ. «Казфинансбанк»
кеңсесінің алдына келгенде тӛртеуі машинадан бірдей шығып, тағы қаумалады. Сол
бойы тура Ангелина Александровнаның кабинетіне алып келді. Алма әлі де не
болғанын айқын түсіне алмады. Кабинетке кіргенде әлгі тапанша кезенген жігіт:
– Міне, алып келдік,– деді бейне бір қолға түспей жүрген қашқынды ұстап
әкелгендей Алманың желкесінен нұқып.
– Қолыңды тарт!– деді Алма ӛжеттігіне салып.– Әуелі не болғанын
түсіндірсеңдерші.
Жылай-жылай кӛздері білеудей болып ісіп кеткен банкир келіншек Алмаға
жақындап келді де, тӛрт жігіттің кӛзінше оның жағынан шапалақпен тартып жіберді.
Алма ӛршеленіп, намыстан ӛліп кетердей болды. Ашуланып жұлқынғанда екі қолын
ұстап тұрған зіңгіттей жігіттерге бой бермей кете жазады.
– Әй, сенің мені ұруға қандай қақың бар? Мына жер не, Гестапоның азаптау кеңсесі
ме? Қол кӛтергенің үшін заң алдында жауап бересің! Одан да түсіндіріп айтсаңшы не
болғанын?– деді айғайлап.
Бұның қатты ӛршеленгенін кӛріп Ангелина Александровна қорқып кетті. Кӛкірегін
керіп бара жатқан ызаның желі шығып, бірден сабасына түсті. «Расында да мен не
істеп жатырмын? Ақылымды ашуға жеңдірмейін» деп ойлады да кілт бұрылып тӛрдегі
орнына барып отырды.
– Жақын келіп отырыңыз,– деді қарсы алдындағы орындықты нұсқап,– Сіздер үшін
жұмыстан қуылғалы жатырмын. Менің сорыма қайдан тап болдыңыздар?– деді
сазарып.
Зығырданы қайнап отырғанмен Алма да әйелдік қулыққа кӛшіп, сабырға келді:
– Сіздің клиентке қол кӛтергеніңіз ешқандай қызметтік этиканың шеңберіне
симайды. Екеуміз де әйелміз ғой. Қатарлас та шығармыз. Жәй сӛзбен айтсаңыз да
болар еді. Мен не болғанын түсіне алмай отырмын,– деді салмақты үнмен.
– Кешіріңіз! Ӛзімді ұстай алмай қалдым. Сіздердің алаяқтық әрекеттеріңіз кімді
болса да шыдамның шегінен шығарады,– деді Ангелина пиджагының жан қалтасынан
шығарған шағын беторамалмен кішкентай ғана мұрнын сүрткіштеп.– Мұндай әрекетке
неге бардыңыздар? Ақша қайда? Екі апта бұрын бір кісімен бірге келіп чекке салып
алғансыздар. Жүз елу миллион сом болатын.
– Мен сол күні Сергей Николаевичпен ілесіп келгенім болмаса, ол ақшаның қайдан
келгенін ӛзім де түсіне алмадым,– деді Алма шынын айтып,– Маған ол Ақтӛбедегі
таныстарымнан бір ай мерзімге қарыз алдым дегендей қылды.
– Ол кісі сіздің орынбасарыңыз ба?
– Коммерциялық директор.
– Бәрібір бірінші басшы ретінде сіз жауаптысыз. Сондықтан сізден сұрап отырмын.
Ақша қайда? Маған бір апта ғана уақыт берілді. Бір аптада ақшаны орнына
қоймасаңыздар сіздермен Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің экономикалық қылмыстар
жӛніндегі басқармасы айналысатын болады.
– Сіз қорқытып-үркітумен босқа уақыт ӛлтірмеңіз. Бәрібір одан ештеңе шықпайды.
Расында да мен ештеңе білмеймін. Оданда не болғанын маған анықтап түсіндіріңіз.
Сергей Николаевич ӛз ісіне ӛзі жауап береді,– деді Алма Ангелинаның кӛзіне тура
қарап.
– Сіздер әкелген чек жасанды болып шықты. Мен сӛздеріңізге сеніп қабылдатып
едім. Онда ешқандай да ақша жоқ екен. Ал сіздің чегіңізге ӛз банкіміздің ақшасын
салып бергенбіз. Сонда екі ортада біз ақымақ болып отырмыз. Бос қағазды кӛрсетіп,
бізді сендіріп, жүз елу миллион сомды үптеп кетіп отырсыздар. Енді түсіндіңіз бе?
– Платонов «қарызға ақша алып келдім» деп ол қағазды кӛрсеткенде сіз түгілі мен
күмәнданып едім. Бәрі дұрыс деп сендірді. Сіз банк қызметкері бола тұра қалай
күмәнданбадыңыз? Неге тексеріп алмадыңыз? Енді осылай сізден шапалақ жеп, жерге
қарап отырған маған оңай дейсіз бе? Ақша салынған чекті содан кейін ӛзім де
кӛрмедім.
Сергей Николаевич сол кеткеннен мол кетті. Бүгін ғана Павлодардан хабарласты.
Сіздің ақшаңызды қайтарып беремін деді. Сабыр етіп, күте тұрыңыз. Мен енді ғана
түсіндім. Маған да ӛтірік айтқан екен. Ол ӛзі хабарласпаса мен оны таба алмаймын.
Хабарласса, оған осы жағдайды айтып асықтырамын. Басқаша кӛмектесе алмаймын.
Ӛзі келсе бәрін реттер,– деді Алма күрсініп.
– Оның жолына қарап отыратын менің уақытым жоқ. Бір аптада ақшаны орнына
қойыңыздар. Әйтпесе мен органдарға шағымданамын.
– Маған енді не істе дейсіз? Мен бәрін айттым. Ӛзі алды ма, ӛзі жапсын! Мен ол
чектен бір тиын да алған жоқпын,– деп Алма қайтадан қызбалана бастады.
Оның шындықты айтып отырғанын байқап, әрі «Сіздің ақшаңызды қайтарып
беремін деді» дегенді естіп, Ангелинаның кӛңілінде аздаған үміт пайда болды. Сонда
да болса тартпаны тарта түсейін деп, алдында отырған Алмаға ӛктем-ӛктем сӛйледі:
– Айтпады демеңіз, бір аптада ақшаны орнына қайта қоймасаңыздар, сіздермен
органдар айналысады,– деді діңкілдеп.
Есік ауызында отырған әлгі тӛрт жігіт әңгімеге араласпады. Алма кабинеттен
шыққанда олар Ангелинамен бірге қалып қойды да, бес-алты минуттан кейін қуып
жетті. Кӛшеге шыққанда бұжыр бет қара жігіт Алманың жағасынан қыса тартып:
– Айтқанды істемесең, ӛлдім дей бер! Үйің, машинаң, бала шағаң бар екен, бәрінен
айырыласың. Ӛзіңді тауға апарып кӛміп тастаймыз. Содан кейін сені ешкім
таппайды,– деді кӛзінен ызғар шашып.
– Сен, нағыз ақымақсың,– деді Алма басын кегжең еткізіп тартынып,– Бала-шаға
сенде жоқ па? Әлде менің іздеушім жоқ деп ойлайсың ба? Түрмеде шірітермін сені!
Менің бір тал шашым түссе сенің күнің қараң болады. Соны біліп ал!– деп кіжінді.
Бірақ ол кімге сеніп айтып тұрғанын ӛзі де білмейтін. Бұл әншейін әйелдік соқыр
ашудың сӛзі еді.
«Ӛз елімде тұрып, қайдағы бір бұзақыларға басындырып қоямын ба?» деген ыза
күні бойы Алмаға маза бермеді. Кешкісін үйге барғанда күндіз болған жағдайды
күйеуіне айтып еді, ол: «Саған обал жоқ! Бәрің аферистсіңдер! Басымды қатырма!
Тыныш жүр!» деп кесіп сӛйлеп, бетін қайтарып тастады.
Ӛшіккен әйелді ойынан қайтару оңай емес. Алма бүкіл елге кеңінен танымал,
беделді бір ауылдас ағасына телефон соғып, кӛрген құқайын баяндады. Тапталған
намысын айтып: «Мені қорғайтын адам жоқ па?» деп жылады. «Айналайын, қалқам!
Жылама! Ертең саған мықты деген жігіттерді жіберемін. Ӛзіміздің жерлестер. Солар
кӛмектеседі» деп жұбатты үлкен кісі. Артынша-ақ Досан деген жігіт бұған телефонмен
хабарласып: «Ағашка айтып еді. Таңертең барамыз» деп кеңсесінің мекен-жайын
сұрап алды.
Досанның қасына Жанболат, Қайрат есімді екі жігіт ере келіпті. Бұлар кәсіпқой
спортшылар екен. Үшеуі де сайдың тасындай, мығым жігіттер. Оларға арқа сүйеп,
Алманың кӛңілі кәдімгідей-ақ ӛсіп қалды. Танысып, мән-жайға қаныққан соң Досан
Алманы іштарта сӛйлеп:
– Татешка! Ештеңе уайымдамаңыз. Сіз үшін кімді болса да орнына қоямыз.
Ренжітіп жүрген кімдер екенін айтсаңыз болды, оларды жердің түбіне кетсе де тауып
аламыз,– деді бір қолымен мыж-мыж болған құлағын уқалап.
– Аттарын айтпады. Тӛртеуі де мығым денелі. Сӛз арасында біреуге «Руслан» деп
жатқандарын құлағым шалып қалды.– деді Алма.
– Беті бұжыр-бұжыр қара жігіт емес пе?
– Иә, иә! Дәл соның ӛзі.
– Түсінікті болды. Бүгін кешке оларды тауып аламыз. Сізге ертең соғамыз.– деп
Досандар қайтып кетті. Алма ӛзіне таудай тірек тапқандай мәз болып қала берді.
«Міне, біздің жігіттер! Жаудан қайтпаған батыр бабалармыздың жалғасы ғой бұлар!»
деп масаттанды.
Досан мен Руслан спорт интернатында бірге оқыған достар еді. Алманың
кабинетінен шыға салысымен салып-ұрып соларға барды. Ескі достар құшақтасып, тӛс
қағысып, мәре-сәре болып шұрқыраса кӛрісті. Сағынысып-ақ қалған екен. Жағдай
сұрасып болған соң Досан Русланның иығына қолын артып:
– Жұмыс бар, бауырым!– деді.
– Айта бер, брат!– деп Руслан құлағын тосты.
– Біздің бір татешканы қысып жатыр екенсіңдер ғой,– деп күлді Досан,– Сол кісіден
келе жатырмыз.
– Жүз елу миллион ба?
– Иә, соны не істейміз?
– Сен не айтсаң, соны істейміз, брат! Не істеу керек?
– Сендердің «доляларың» қай жақтан? Банктен алатын шығарсыңдар?
– Біз алатынымызды банктен алып алдық.
– Қанша алдыңдар?
– Он лимон.
– Онда былай істейік. Біз мына жақтан «долямызды» алғанша сендер татешканы
қорқыта беріңдер. Бүгін түнде тағы да телефон соғып, зәресін ұшырыңдар.
– Оның үйінің телефонын білмейміз ғой.
– Менде бар. Қазір беремін,– деді Досан Русланның арқасынан қағып. Руслан темекі
қорабының сыртына Алмалардың үй телефонының нӛмірін жазып алды.
– Базарда тәуір иномарка қанша тұрады?– деп сұрады Досан Жанболаттан.
– Орташасы бес лимон болатын шығар. Не болды? Машина мінеміз бе?– деп
Жанболат қутыңдап қалды.
– Татешкаға үшеумізге үш машина әпересің деп айтайық.
– Е, одан да он бес лимон бер десеңдерші,– деді Руслан,– Ақшаны алып алсаңдар
арғы жағын кӛресіңдер ғой.
– Русландікі дұрыс. Ертең оған «Он бес миллион сом тап» дейміз. Ал, сендер түнде
жақсылап қорқытыңдар. «Балаларыңды алып кетеміз» десеңдерші,– деп Досан
Русланның қолын қысты.
Бейкүнә балаларын ойлап әбден зәресі ұшқан сұлу келіншек ертесіне Досанның
қолына он бес миллион сомды қуана-қуана санап берді. Ӛзінің «қорғаушыларына»
деген ықыласы одан сайын арта түсті. «Тағы бірдеңе керек болса айтарсыңдар. Тек
бізге тыныштық берсінші» деп жалынғандай болды. Оның қатты қорыққанын
байқаған Досан:
– Ой, татешка! Бүкіл елді дүбірлеттіңіздер ғой. Жан-жақтағы жігіттердің бәрі біліп
отыр. Сіздер үшін үлкен «разборка» жасайтын болдық. Ол оңай шаруа емес,– деп
ӛзінің бағасын арттырып қойды.
* * *
Келесі аптаның бейсенбісі күні Алма Қауіпсіздік комитетінің сұсты тергеушісінің
алдында отырды. Ангелина Пак айтқан уәдесінде тұрыпты. Оқиғаның мән-жайын толық
тізіп, Қауіпсіздік комитетіне шағым жазыпты. Алманы олар бірден тауып алды.
Платонов болса әлі хабарсыз. Оның қайда жүргенін бір құдай біледі. Қайтып келе ме,
келмей ме? Ол да белгісіз.
Осы сергелдең басталғалы Алмада тыныш күн жоқ. Уайымға уайым қосылып,
қарауытып, жүнжіп барады. Жұмысынан да, үйінен де береке кетті. Кӛздері алақандай
боп, үрейленеді де отырады. Телефон шыр етсе талып қалардай қалтырайды. Әлемдегі ең
қорқынышты нәрсе осы жасыл телефон болды. Жүйкесі шыдамаған соң үйдегі сұмпайы
телефонды ӛшіріп тастады.
Кеңсе жаққа аяқ басқысы келмеді. Жұмысқа тіпті бармай қойды. Телефон үшін күйеуі
екеуі күнде қырқысады. Момыным деп жүрген Дәркені «Жұмыс істеуге мүмкіндік
бермедің. Сені кӛргім келмейді» деп ата-анасының үйіне кетіп тынды. Балалардың сабағы
мен тамағы ӛзінің мойнында қалды. Әбден тығырыққа тірелді. Енді міне, кӛздері
қанталаған қатал тергеушінің алдында отыр.
Бұның аты-жӛнін, мекен-жайын, туған жылын, отбасы жағдайын түгендеп алған соң
тергеуші негізгі іске кӛшті.
– Алма Исаханқызы, мына жағдайдың қалай болғанын басынан бастап айтып беріңіз.
Ештеңені жасырмай, бар шындықты ӛз қалпында айтсаңыз ӛзіңіз үшін дұрыс болады,–
деді капитан Телегин. Алма ештеңе жасырмай, болған оқиғаны болғандай етіп баяндап
берді. Оның сӛздерін түгел жазып, қол қойдырған соң тергеуші Телегин Аркадий
Петрович ӛткір жанарын Алмаға қадап:
– Сізді қазір қамаймыз,– деді сұстанып,– Платонов ақшаны орнына қойғанша қамауда
боласыз. Егер ол қашып кетсе, бес жылдан сегіз жылға дейін сотталасыз.
– Үйдегі балаларды қайтемін? Менің балаларым бар ғой,– деді Алма кӛздері
шарасынан шығып кетердей қорқып. Ӛзін ұстай алмай еңіреп жылап жіберді.
– Бала кімде жоқ? Қылмыскердің бәрінде бар. Сонда сіздіңше қалай? Баласы бар деп
қылмыскердің бәрін жазасыз қалдырайық па? Сіз қызық адам екенсіз! Балаларыңыз
туралы неге бұрын ойламадыңыз? Әлде осы қылмысқа балаларыңыз үшін бардыңыз ба?
Енді оңашада отырып, жымқырған ақшаны қалай қайтаруды ойлаңыз. Ол ақшаны
сотталған күнде де қайтарасыз. Ертең маған қалай қайтаратыныңызды айтатын болыңыз,–
деді де Телегин үстелінің астындағы қызыл түймені басып қалды. Есік сыртында тұрған
арнайы униформа киген жігіт кіріп келді. Алма боз-боран болып, солқылдап жылап отыр.
– Мынаны апарып қамаңдар!– деді қатал тергеуші. Алма жылаған күйі жалбарынып:
– Құдай үшін, сізден ӛтінемін! Бір рет телефон соғуға мүмкіндік беріңізші.
Балаларымды күйеуіме тапсырайын,– деп аласұрды. Телегин рұқсат берді. Алма сойылдай
дәу қара телефонды дірілдей кӛтеріп, ата-енесінің үйіне телефон шалды. Арғы жақтан
еріне дауыс қатқан Дәркенге:
– Мен бүгін үйге бара алмаймын. Балалар мектепте. Ӛзің ие бол!– деді ӛксіп тұрып.
– Енді балаларды тастап, түнделетіп тентірей бастадым десеңші. «Түнгі кӛбелек» деп
дәл сендейлерді айтады,– деп ашулы күйеуі трубканы қоя салды.
Қаркӛлеңке камераның іші тастай суық. Даладағы қыстың ызғары мұнда да бар.
Сығырайған қуатсыз лампа сӛніп қалардай болып, суықтан қалтырағандай дір-дір етеді.
Жеке камерада жалғыз ӛзі түнімен бүрсеңдеп, жылап шықты. Бүрісіп отырып ӛткен
тірліктің бәрін кӛз алдынан ӛткізді:
«Сергей Николаевич қайда жүр екен? Ол менің жағдайымды білмейді ғой. Білсе бірдеңе
ойластырар ма еді? Ол неге хабарсыз кетті? Әлде ӛз тірлігін түгендеп, басқа елге тайып
тұрды ма? Ол шынында да қашып кеткен болса мен мына бәледен қалай құтыламын?
Кімге айтсам болады? Не істесем болады? Құдайым-ай! Қайдан ғана Платоновпен
танысып едім? Неге ғана соған сеніп едім? Ӛмірімде ойламаған түрмені де кӛрдім-ау.
Ендігі күнім не болады? Сегіз жылға сотталып кете барам ба? Бар дүниемді сатсам да
жаба алмаймын ғой мына ақшаны. Мына қапаста отырып Сергей Николаевичті қалай
табамын? Ол мені қалай табады? Бұл тұйықтан мені кім шығарады? Арқа сүйер ешкімім
де жоқ екен ғой. Ешкімім жоқ екен! Нағыз бейшара екенмін-ау!» деп солқылдап жылады.
Расында да ол бұл шытырман шырғалаңнан қалай құтылудың жолын кӛрмеді. Әбден
шарасы таусылып, шаруасы біткен соң ӛмірі аузына алмайтын жалғыз Жаратушы Алланы
есіне алды. «О, Жаратқан Ием! Мен сияқты бейшара құлыңа ӛзің жар бола гӛр! Ӛзіңнен
басқа сүйенер ешкімім жоқ екен. Сенің құдіретің шексіз деуші еді ғой. Жаны жаралы,
міскін пендеңе ӛзің кӛмектесе гӛр! Ӛзің жол кӛрсет! Ӛзіңе ғана сенемін, қайырымды
Тәңірім! Менен теріс айналмашы. Бар күнәмді кешіргейсің! Кешірші мені ұлы
Жаратушым! Мен сияқты бір бейбақты мына қапас түнектен құтқара гӛр!» деп зар еңіреді.
Ертесіне сағат он бірде Алманы тергеушіге алып келді. Телегиннің түр-ӛңі кешегіден
жылы кӛрінді. Бұл кіргенде күлімдеп орнынан тұрып:
– Қайырлы таң! Романтикалық түніңіз қалай ӛтті?– деп амандасты. Алманың жылай-
жылай кӛздері білеудей болып ісіп кеткен түрін кӛріп:– Ауырып қалған жоқсыз ба?– деп
сұрады. Бұл үндемеген күйі кешегі орындыққа сылқ етіп отыра кетті.
– Үндемейсіз ғой. Бірдеңе болып қалған жоқ па? Қалай? Ақшаны қалай қайтару жағын
ойландыңыз ба?– деді тергеуші. Бұл әлі де мең-зең күйде сұлық отыр. Тергеушіге не деп
жауап берерін де білмеді.
– Аркадий Петрович! Басым әбден қатып бітті. Сергей Николаевичті табуға
кӛмектесіңізші,– деді әлден соң есін жиып. Бұл сӛзді ауызына Құдай салды. Олай деп
айтамын деп ойламаған еді. Телегин сымдай тартылып орнынан тұрды да үстелін айналып
келіп, Алмаға қарама қарсы орындыққа жайғасты. Қос қолымен иегін таянып, Алманың
кӛзіне тесіле қарап біраз отырды да:
– Табуға болар еді,– деді жымиып,– Тек елде болса. Меніңше ол енді келмейді. Кешелі
бері мен біраз нәрселерді анықтадым. Ол шетелге қашып кеткен сияқты. Міне,
таңертеңнен бері тағы біраз мәліметтер келді. Сіз үшін мен ойланып жатырмын,– деп
ырғайдай ұзын бойын ӛзінің үстеліне созып, бір-екі парақ анықтамаларды қолына алды.
Платонов келмейді дегенді естігенде Алманың бойын мұздай темір қарып ӛткендей
болды. Еріксіз тілін тістеп алғанын байқамай да қалды.
– Бұл не қағаздар?– деп сұрады тергеушіден.
– Бұл сіздің тағдырыңыз, Алма Исахановна! Платоновтың чекпен жасаған әрекеттері
туралы мәліметтер. Ол ақшаны тауарға айналдырып Ресейге шығарған. Міне,
«Шымкентшинаға» жүз миллион тӛлегені тұр. Тауар Красноярскіден табылды. Ақшасын
алып үлгірмепті. Қалған елу миллионды Кӛкшетаудың астық комбинатына тӛлепті. Бидай
сатып алып, Белоруссияға жӛнелтіпті. Оның соңын таппай отырмыз. Платонов енді
келмейтіні анық. Ол ақшаны сол жақтан шығарып алады да шетелге ӛтіп кетеді. Мен сіз
туралы қатты ойландым. Бұл тұйықтан шығатын жол бар. Егер менің шарттарымды
орындасаңыз,– деп Алмаға күлімсіреп қарады. Ішінен Платоновты жерден алып, жерге
салып отырған Алма Телегинге үміттене қарап:
– Шарттарыңызды айтыңыз. Ойланып кӛрейін,– деді.
– Сіздің ойланатын мүмкіндігіңіз жоқ. Екі шарт та міндетті түрде орындалуы керек.
Сонда ғана мен сізге кӛмектесемін,– деді тергеуші қуланып.
– Айта беріңіз, Аркадий Петрович!
– Оның біріншісін қазір орындайсыз. Содан кейін екіншісін айтамын.
– Айтсаңызшы.
– Қалай? Бірінші шартты орындауға дайынсыз ба?
– Білмеймін.
– Онда мына бӛлмеге ӛтіңіз,– деп Телегин кабинетінің қуысындағы есікті нұсқады. Алма
кӛрсетілген есікті ашып ішке енді. Оңаша сӛйлесуге арналған шағын бӛлме екен.
Қабырғаға арқасын тіреген кӛк қайыс диванның алдында журналдық үстел қойылыпты.
Артынан ере кірген Телегин не ойларын білмей есік аузында сілейіп тұрып қалған
Алманың мықынынан мытып:
– Неге тұрсыз? Шешініңіз!– деді.
– Бұныңыз не? Не ойлағаныңыз бар?– деді Алма үрпиіп.
– Бұл менің бірінші шартым. Мен сізді қинамаймын. Орындамаймын десеңіз ӛзіңіз
біліңіз. Онда мен де сізге кӛмектеспеймін. Камераға қайта барасыз ба? Түрмеге
отырғыңыз келе ме? Платонов сізді құтқармайды. Сіздің құтқарушыңыз жалғыз менмін.
Тағдырыңыз менің қолымда. Сондықтан ойланып тұрмағаныңыз жӛн.
– Адамның тағдырымен осылай ойнауға бола ма? Мынау масқара ғой!– деді Алма
кӛнгісі келмей дір-дір етіп.
– Ӛмірде бәрі болады. Сіз ӛте сұлусыз. Оған мен кінәлі емеспін. Енді кӛп сӛйлесіп
тұратын уақыт жоқ. Болыңыз!– деді тергеуші. Қапас камера мен түрмені ойлап еді
Алманың меселі құрыды. Оның үстіне мына шырғалаңнан құтқаратын Телегиннен ӛзге
тірі пенде жоқ. Алманың кӛнгеннен басқа амалы қалмады.
Телегин ӛз шаруасын бітірген соң асығыс түймеленіп, ӛзінің креслосына отырды да
темекі тұтатты. Алма жылаған күйі үсті-басын ретке келтіріп орнына қайта келіп
жайғасты. Екеуі де бойларынан қаны тасып, қып-қызыл болып отыр.
– Енді екінші мәселеге кӛшейік,– деді тергеуші жігіт.
– Құлағым сізде,– деп Алма оның қызара бӛрткен жүзіне қарады.
– Маған машина керек,– деді Телегин Алманың ӛңіне сынай қарап.– Иномарка
демеймін. Жаңа «Жигули» болса жетеді. Қалай? Бұған не дейсіз?
– Маған таңдау қалдырмадыңыз ғой. Керек болса, амалым бар ма? Ол қанша тұрады?–
деді жасты кӛздері жаутаңдап.
– Жеті миллион сом. Ақшасын берсеңіз ӛзім аламын. Қашан әкелесіз?
– Үйде ұстап отырған шамалы ақшам бар еді. Бүгін десеңіз бүгін әкеліп берейін,– деді
Алма терең күрсініп.
– Онда былай болсын, қазір сіздің жағдайыңызды ақылдасайық. Соңынан сізді қызмет
кӛлігіммен үйіңізге жеткізіп саламын. Сол кезде беріңіз. Ал енді іске дұрыстап кірісейік,–
деп орнынан тұрып, алдында жатқан қағаздарды кӛтеріп, Алманың қасына келіп отырды.
– Мен сізді бірінші кезекте «күдіктіден» «жәбірленуші» статусына шығаруым керек.
Сондықтан қазір асықпай отырып Платонов пен Пактың үстінен шағым жазамыз.
Платонов сізді алдап кетті, Пак оған кӛмектесіп, банктің ақшасын ұстатып жіберді дегенге
келтіреміз. Екеуі бірігіп сізді алдап соққан болып шығады. Содан кейін үптелген
қаржының бәрін Платонов пен Пактың мойнына саламыз. Құтылып кӛрсін! Қысқасы, сізді
мен бұл бәледен құтқарып аламын,– деді Телегин кӛзін қысып.
– Красноярскідегі тауарды қайтарып алуға болмай ма?– деп сұрады Алма.
– Болады. Мен таңертең оларға телеграмма жібердім. Ол тауар ешқайда кетпейді. Бірақ
ақшасы тӛленбейді.
– Соның ақшасын тӛлетіп алсақ қайтеді? Сергей Николаевич бір аптада тӛлеп береді
деген еді.
– Әзірге солай тұра тұрсын. Уақыты келгенде кӛре жатармыз. Ең бастысы сізді осы істен
ақтап алсам болды емес пе?
– Әрине, мен үшін ең бастысы сол. Осыдан құтқарыңызшы. Банктің ұрдажық жігіттері
де мазамды алып болды. Қорқытып-үркітіп ӛлтіріп барады,– деді Алма мұң шаққандай
сӛйлеп.
– Мен Пакпен сӛйлесемін. Олар сізге екінші рет жоламайтын болады. Ол жағын
уайымдамаңыз. Тек екеуміздің әңгімеміз туралы жан адам білмейтін болсын.– деді
Телегин.
Қажетті шағымды ӛзі баяндап отырып жазғызып, қол қойдырып алған соң Телегин
Алманы тау жақтағы үйіне жеткізіп салды. Жеті миллион теңгені қалтасына басты.
Қоштасарда Алманың тамағынан иіскеп, бетінен сүйіп:
– Мен сізді ұнатып қалдым. Ретін тауып кездесіп тұрайықшы,– деді қиылғандай болып.
Сұлу келіншек басын шайқап:
– Не деген сұмпайы адам едіңіз?!– деді де тез бұрылып үйіне кіріп кетті.
Алма келгенде үйде ешкім жоқ еді. Балалар мектепте, Дәркен жұмысында болар.
Күйдіргі телефон қосулы тұр екен, бірден күйеуінің жұмыс телефонын терді. Үйге
келгенін ескертті де жуынып-шайынып, жұмсақ тӛсекке шалқалай кетті. «Ой, Алла-ай!
Үйіме де жеттім-ау! Түнде ғана қараңғы қапастан, түпсіз тұйық шырғалаңнан шығар жол
таппай, ботадай боздап отыр едім. Жалбарынғаным құлағыңа жеткен екен ғой, Жаратушы
Ием! Шүкір! Шүкір! Мың да бір тәубә!» деп Тәңіріге іштей мінәжат етті.
* * *
Екі күннен кейін Телегиннің тегеурінді пәрменімен Платонов Алматыға жетті. Ол
Алманың үйіне телефон соғып, хабарласты. Екеуі түсқайта кеңседе жолығатын болды.
Жолда келе жатып Алма іштей үлкен жанжалға дайындалы. Платоновты қарғап-сілеп,
ит терісін басына қаптаймын деп келді. Бірақ нақты жағдай ол ойлағаннан мүлдем
басқаша ӛрбіді.
Мұнтаздай болып, шырттай киінген Платонов Алманы сағынып қалыпты. Бауырына
басып, құшақтап, бетінен сүйіп амандасты. Оның үстінен комитетке шағым жазған
Алманың беттері дуылдап барады. Амандық-саулықтан соң жайғасып отырып сӛйлесті.
– Сергей Николаевич, мұндағы жағдайды естімеген шығарсыз,– дей беріп еді, Платонов
Алманың сӛзін бӛліп сӛйлеп кетті:
– Алмуша-а! Мен бәрін білем. Сенің банкке барып сӛз естігеніңді де, менің үстімнен
комитетке шағым жазғаныңды да, бір күн камерада отырып шыққаныңды да білем,– деді
күлімсіреп,– Мен Остап Бендер емеспін бе? Бәрін де реттеп келдім. Банкке барып,
Ангелина Александровнаға амандасып шықтым. Тергеуші Аркадий Петровичпен де
танысып, үлкен шаруаларды келістім. Бәрі де жақсы адамдар ғой. Сені сергелдеңге
салғаным үшін кешірім сұраймын. Сен де жақсысың! Әй, сайтан қыз-ай! Бірақ, біраз
нәрсені бүлдіре жаздадың-ау! Ештеңе етпейді. Жастық шақта ондай-ондай қателіктер
болады ғой. Мен сені жақсы түсінемін. Сенің орныңда болсам, бәлкім мен де солай істер
ме едім, кім білсін? Мен саған «Бұл жиырма бес күнде бітетін тірлік» деген жоқ па едім?
Міне, бүгін жиырма үшінші күн. Сен қорқып кетпегенде бәрін айтқан уақытымда бітіретін
едім. Енді бірер аптаға созылатын сияқты. Ең бастысы менің жоспарым кешігіп болса да
орындалады. Ангелина Александровнаны соған кӛндірдім. Олар күте тұратын болды.
Платоновтың сӛзін тыңдап отырып, Алма оның соншалықты ұстамдылығы мен
сабырлылығына қайран қалды. Алма үшін соңғы он күн ақыреттегі ғарасат майданымен
бірдей болмады ма? Қиямет-қайымның отына түскендей еді ғой. Пактың шапалақпен
тартқаны, ұрдажық бұзықтардың қайта-қайта қорқытқаны, Досандарға кеткен он бес
миллион, тергеушіге кеткен жеті миллион, суық камераның азабы, Телегиннің арын
таптап зорлағаны, үйден қашқан береке, жанын жеген үрей мен қорқыныш... Бәрі-бәрі
қабаттасып бір он жылға қартайтып жіберген жоқ па? Ал Сергей Николаевичті тыңдап
отырсаң тіпті де түк болмағандай. Бәрі дұрыс. Бәрі жақсы адам. Бәрі солай болса бұл неге
ақырзаман орнатып жүр? Осыны ойлап еді ӛзегі ӛртенгендей ашып кетті. Кӛкірегіне ыза
тығылып, кӛзіне жас келді.
– Менің жаныма қатты батқаны сіздің алдап кеткеніңіз,– деп жанарын тӛмен салып,
жылап жіберді.– Чектің жасанды екенін неге айтпадыңыз?
– Қымбаттым-ау! Оны айтсам сен бұл жоспармен келісер ме едің? Бәрі мен ойлағандай
болғанда сен кӛрген құқайдың бірі де болмас еді. Мына заманда тәуекелсіз ештеңе
бітпейді. Тәуекел деп іске кіріскен соң қандай қиындық кездессе де шыдау керек. Енді сәл
ғана қалды. Қиындықтың бәрі артта қалды десе де болады. Осы жұмыс бітсе Ангелина
Александровнаға он миллион, Аркадий Петровичке он миллион беремін деп кӛндірдім.
Сонымен енді бізді ешкім қинамайтын болды. Мен жұмысымды асықпай бітіріп келемін.
Сен ӛз тірлігіңмен айналыса бер. Аркадий Петровичке барып, шағымыңды қайтарып ал.
Ол енді біздің досымыз.
– Ол менен де жеті миллион алды ғой. Сол жетпей ме оған?– деді Алма.
– Жетпейді. Бүгінгі адамдарда қанағат деген атымен жоқ. Жеті миллион емес, жетпіс
миллион берсең де, «Әкеле бер! Әкеле бер!» дейді. Ал сен оған бекер беріпсің.
– Ол маған сіз енді қайтып келмейді деді ғой. «Шетелге қашып кетті» деді. Содан кейін
амалсыз кӛндім,– деді Алма ӛзінің шарасыздығын мойындап.
– Ой, Алмуша! Алмуша! Баладай аңқаусың-ау сен! Жүрегің таза адамсың ғой. Мен
ешқайда да кеткен жоқпын. Міне, отырмын ғой алдыңда. Комитетшілердің ең негізгі
құралы қорқыту-үркіту, алдап-арбау, қысым жасап адамды естен тандыру екенін әлі
білмейсің бе? Ол сенің қорқақ екеніңді, заңнан хабарсыз екеніңді біліп, камераға әдейі
қаматып отыр. Егер сен ӛз құқығыңды білген болсаң ол саған түк те істей алмас еді.
Мықты болса, мені неге қамамайды? Ӛйткені қамай алмайды. Менің ӛз құқығымды қорғай
алатынымды біледі. Олар нағыз әккі психологтар ғой.
– Бәрібір сіз мені танктің табанына тастап кеттіңіз,– деді Алма ӛкпелі сыңаймен.
– Қайдағы танкті айтасың? Танк түгіл сайтан да жоқ. Қорыққанға қос кӛрінеді. Ӛзіңнің
қорқақтығыңнан болған бәрі.
– Қорықпай қайтейін? Мен әйелмін ғой. Бұзақылар мазалай берген соң оларға қарсы
жігіттер жалдадым. Ӛзіміздің жерлестер. Оларға да он бес миллион бердім,– деді Алма
ӛкінгендей күрсініп. Мұны естігенде Платонов күйіп кетті.
– О, Құдайым-ай! Саған не деуге болады?! Қандай адамсың ӛзің?– деді екі қолымен
басын қысып,– Он бес миллион далада жатыр ма? Әлде аспаннан жауып жатыр ма саған?
Бұзақылар дейді... Жігіттер дейді... Олар тағы не деп қорқытты сені?
– Маңдайыма тапанша тақады. «Балаларыңды алып кетеміз» деді. «Ӛзіңді ӛлтіріп, тауға
апарып кӛміп тастаймыз» деді. Осы аз ба сізге?– деп Алма ашулана бастады.
– Соның бәріне сене бердің бе сен? Ол жәй қоқан лоқы емес пе? Ол қуаяқтар да
психолог. Қорықпаған адамға ештеңе де істей алмайды. Батылырақ болсаң ӛздері сенен
қорқатын еді. Қазір қоқан лоқы жасау, қорқытып бопсалау әрекеттері үшін қандай
статьялар барын ӛзің білмеген соң, олар да білмейді деймісің? Олар қандай қылмыс үшін
қандай жаза барын түгел біледі. Оңай жерден олжа тауып жүрген нағыз «дармоедтер».
«Жерлестерім» дейсің... Олардың саған жаны ашиды деп ойлайсың ба? Жаны ашыса ақша
талап етпей-ақ кӛмектесер еді. Есіл дерттері сенің ақшаңды суырып алу болған. Ол
жігіттерді ертең Аркадий Петровичке тапсырсам, ізі түгілі кӛлеңкелерін де кӛрсетпей,
тым-тырақай қашады. Оларға жолаушы болма! Жолап кетсең тағы біраз ақшаңнан
айырыласың. Алаяқтар!– деді Платонов Алманың ақымақтығына шын ызасы келіп.
* * *
Желтоқсан айының соңына дейін Сергей Николаевич Красноярскідегі ақшаны толық
алды. Белоруссиядан әкелген тракторларды түгел сатты. «Казфинансбанктің» ақшасын
орнына қойды. Ангелина Александровнамен де, Аркадий Петровичпен де ақшаның
арқасында жақын дос болып кетті. Тапқан пайдасынан Алмаға жиырма екі миллион сом
бӛліп берді.
– Бұл сенің шығындарыңды жапқаным. Егер тыныш отырғанда бұдан да кӛп алар едің.
Осыған разы бол!– деді ол Алманың қолын қысып,– Бұйырса, бір айдан кейін
«Ижевскінің» жұмысына кірісеміз. Сонда нағыз миллиардер боламыз! Әзірге демалып
алайық. Мен барып, Ұлы Рухпен амандасып қайтайын.
– Рахмет, «Остап Бендер»! Ұлы Рухқа менен сәлем айтыңыз! Сізсіз менің күнім қараң
екенін түсіндім. Үстіңізден білместікпен шағым жазғаным үшін алдыңызда басымды иіп
кешірім сұраймын. Сіз – ұлы комбинаторсыз!– деп Алма оның бетінен сүйіп алды.
Қаңтар айының жетінші жұлдызы Алма үшін қаралы күн болды. «Запойдың» оныншы
күнінде «Остап Бендердің» жүрегі тоқтап қалыпты.
Оның зиратының басында жылап тұрып, Алма терең ойға батты: «Қандай жақсы адам
еді! Ӛлемін деп ойламады ғой. Әттең, дүние-ай! Бар жоғы отыз үш жасқа келіпті. Алдына
қойған таудай мақсаттары, қызылды-жысылды армандары бар еді. Миллиардер боламын
деуші еді. Енді оған ештеңе керек емес. Дүние тірілерге керек. Қысқа ғұмырды дүние
қуып, итшілік талас-тартыспен ӛткізетін біз – адамдар не деген ақымақпыз? Қанағатсыз
иттерміз ғой. Құрып кетсінші жанталас ӛмір! Ақшасы да құрысын!
Мен енді бәрін қоямын. Ӛзіммен ӛзім болып, адамша ӛмір сүрейінші. Балаларым мен
жарымды аялап, туған-туыспен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысайын. Қарапайым
ғана күн кешейінші.
Мына, Сергей Николаевич не кӛрді? «Сабан ақша» ақыр түбіне жетті. Қанша тапса да
үй-ішінің берекесі болмады. Отбасы ыдырап кетті. Жалғыздан жалғыз қалып арақ ішетіні
де бұл жалғанда жанына сая таппағандықтан болар. «Ұлы Рухпен тілдесіп қайтамын. Ол
менің құрдасым. Мені сол ғана түсінеді» деуші еді жарықтық...
Айтпақшы, бүгін шығыс христиандарының «Рождество» мерекесі екен ғой. Христостың
қайта тірілген күні. Мына сәйкестікті қарашы!.. Бәлкім жаның жәннатта болғыр Платонов
дәл қазір Иса пайғамбардың қасында жүрген шығар?..».
ТЕМІРҒАЛИ КӨПБАЙ
Достарыңызбен бөлісу: |