Сыныптан тыс сабағы
«Ана тілі – дана тілі»
8 сынып
Өткізген: Омарова А.Н.
тақырыбы: Ана тілі – дана тілі
мақсаты: 1.оқушыларға өз ана тілінің қадір – қасиетін біліп, көркемдігі сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуды үйрету;
2.тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал- мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой- өрісін дамыту;
3. тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер, нақыл сөздер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалімнің сөзі:
Құрметті оқушылар, бүгін біз өз сабағымызды бастаймыз.
Тілден артық қазына жоқ,
Тілден артық қасиет жоқ.
Н.Назарбаев
2 оқушы диалогты оқып шығады.
Сөйлесу
Сергей мен Аружан бір сыныпта оқиды, көрші үйде тұрады. Сергей ерекше бір дауыспен:
- Сәлеметсің бе,Аружан! Сені көргеніме қуаныштымын,- деп қазақша сәлемдесті. Таңғалған Аружан:
Сәлем, Сергей! Сен қазақ тілін қайдан білесің? – деп сұрады.
- Аздап білемін. Сабаққа тиянақты дайындаламын, бірақ әлі еркін сөйлей алмаймын. Сен маған көмектесші, Аружан,- деп өтінді Сергей.
-Қазақ тілін не үшін үйренгің келеді?
Мен Қазақстанда тұрамын ғой, мемлекеттік тілді білуім керек. Мақал- мәтелдер туралы сабақ өткенде – «Қос тіл – қос қанатың » деген мәтелдің мазмұны мені қатты ойландырды.
Бірнеше тіл білген жақсы ғой.
-Жарайсың, құрбым. Мен сенімен енді тек қазақ тілінде сөйлесемін.
- Рақмет,Аружан. «Бір тіл білген – бір адам, екі тіл білген – екі адам» деген мақал да тегін айтылмаса керек.
2 слайд оқу, мазмұндау, өлеңдерді жатқа айту.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
(Ә.Тәжібаев)
Мақал- мәтелдер
1.Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді.
2.Анам берген туған тілім,
Атам берген құрал тілім.
3 . Тәрбие басы – тіл,
Өнер алды – тіл.
Мақал – мәтелдер сайысы. Әр оқушы білген мақал – мәтелдерін айтады.
Жетіспеген cөздерді тауып оқу.
Ұмытпағайсың, ұлым,
Жылқы баласы ... .
Баладай баққан аталар,
Түйе баласы ... бар.
Біліп жүр, ұл мен қыз- ау,
Сиыр баласы - ... .
Момақан – ақ өзі,
Қой баласы - ...
Құлақтары шұнақ,
Ешкі баласы - ... .
Жұмбақтар жасыру. Әр оқушы жұмбақтарды оқып жауабын айтады.
Жұмбақтарды айту. Шешу.
Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады.
( )
Дөңгеленіп өседі,
Желге еріп көмеді.
( )
Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
( )
Сөзжұмбақ
Ертегілер елінде Осы уақытта 2 топ, 2 ертегі көрсетеді. 1 топ «Мақта қыз бен мысық» , 2 топ «Түлкі мен ешкі».
Түлкі мен ешкі
Мақта қыз бен мысық
А
|
Т
|
А
|
Ә
|
М
|
Н
|
Ә
|
П
|
К
|
Е
|
А
|
Т
|
А
|
Е
|
Н
|
С
|
Е
|
І
|
Н
|
І
| Отбасына қатысты
8 сөзді тауып айт
Құлақ не үшін керек?
Құлақ не үшін керек? - деп сұрады бірде тәрбиеші тәтей.
Жеу үшін! – деді атасының жанында көп жүретін қонақшыл балдырған.
Барлық бала ду күлді.
Шерту үшін! – деді бір үйдің шалдуарлау жалғыз ұлы.
Бұрау үшін! – деді әлден тілазар болып өсіп келе жатқан бала.
Тыңдау үшін! - деді ақырын ғана ағайынының қолында өсіп жатқан кішкене жетім.
1. Ананың сүті бал,
Баланың .... бал.
тілі – язык - language
2 . ... үшін отқа түс күймейсің.
Отан – Родина - Motherland
3. Оқусыз – ... жоқ,
Білімсіз – күнің жоқ.
білім – Знание - knowledge
4. Бірлік болмай,
... болмас.
Тірлік – жизнь - life
Сабақты қорытындылау:
Достарыңызбен бөлісу: |