10 сынып. 2 айналым. Тест тапсырмалары.



Дата25.01.2017
өлшемі45,82 Kb.
#7845
10 сынып.

2 айналым. Тест тапсырмалары.

(Әрбір дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады)

1. Тас дәуірінің хронологиялық шеңбері б.з.б. 2,6 млн. жылдан басталып

А) б.з.б. 40 мың жылдыққа дейін созылады.

Б) б.з.б. 12 мың жылдыққа дейін созылады.

В) б.з.б. 5 мың жылдыққа дейін созылады.
2. Ортағасырлардағы «Бабыр наме» атты керемет тарихи-әдеби ескерткішті жазған адам сол дәуірдегі мықты империялардың бірінің негізін қалады.Оның империясы қалай аталды?

А) Үлы моғолдар империясы;

Б) Осман империясы;

В) Дели Сұлтаны.


3. «Анемизм» термині нені білдіреді?

А) Белгілі бір қоғамның жан мен рухтың барлығына және табиғаттың жаны бар екендігіне сенуі.

Б) Белгілі бір қоғамдағы адамдар тобы және жануарлар мен өсімдіктердің түрлері арасыңда туыстық қатынастардың болатындығымен байланысты сенімдер мен ғұрыптардың жиынтығы.

В) Адамның жаратылыстан тыс жолмен тіршілікке (табиғат құбылысына, оқиғаларға, адамдарға, аңдар мен заттарға, рухтарға және т.б.) әсер ете алатын мүмкіндігімен байланысты ғүрыптар.


4. XIV ғ. жазылған қыпшақ тілінің жарқын ескерткіші- «Кодекс Куманикус» Петрарки кітапханасынан табылды. Бүгінгі күнде ескеткіштің сақталған жері:

А) Рим.


Б) Флоренция.

В) Венеция.


5. Хрушевтың «жылымығының» арқасында Қазақстанда 200 мыңдай репатрианттар (шекараның арғы жағындағы отандаста) оралды, бірақ 1963 бұл үрдіс тоқтатылды, неге?

А) Жаңа тұрғындардың келуі жергілікті азаматтардың,үй мен әлеуметтік жеңілдіктерді алуға деген құқықтарын шектегендіктен,қарсылығын туғызды.

Б) Репатрианттарды орналастыруға мемлекеттің қаржысы таусылып қалды;

В) қарым-қатнсатың шиеленісуіне байланысты Қытай репатриацияға тыйым салды.

6. XIV ғ. Египет тарихшысы ан-Нувайри бұл оқиғаны өзінің монументальды шығармасында жазды. Шығармада «Ол (?) Шыңғыс ұрпақтары арасында алғаш ислам дінін қабылдады. Оның бұл қадамы халықтың көп бөлігі өздерінің іс-әрекеттерімен қайталады». Әңгіме кім жайлы?

А) Орда Ежен.

Б) Берке.

В) Бату.
7. Жошы Үлысының оң және сол қанатқа бөлінуі Бату хан Тұсында жүрді. Оң қанатын Бату хан мен мұрагерлері билесе, Қазақстанның көп бөлігін иемденген сол қанатын ағасы биледі. Ол кім?

А) Шибан;

Б) Тұқа-Темір;

В) Орда Ежен.
8. Тарихи аңыздар бойынша қазақ халқының жүздерге бөлінуі қай хан тұсында жүрді ?

А) Қасым;

Б) Хақназар;

В) Есім.
9. Патша өкіметі Қазақ өлкесінде не үшін метептегі білім беруді дамытты?

А) Қазақ халқын ағартуды қамқорлыққа алды.

Б) Қазақтары дүниежүзілік мәдениетке қосу үшін.

В) оны қазақтарды орыстандырудың негізгі құралдарының бірі деп санады.
10. Орта жүз қазақтарының дәстүрлі көшу ареалы?

А) Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Қазақстан жері.

Б) Солтүстік-Шығыс, Орталық және ішінара Оңтүстік-Шығыс Қазақстан жері.

В) Солтүстік-Шығыс және Орталық Қазақстан.


11. 1917 жылдың аяғында Құрылтай жиналысына сайлау нәтижесінде Қазақстанның көпшілік ояздарында қай партия женіске жетті?

А) Социал-революционерлер (эсерлер).

Б) Социал-демократтар (эсдектер).

В) «Алаш» партиясының өкілдері.


12. «Алаш» партиясының 1913-1918 жж. жарық көріп тұрған баспасөз органы?

А) «Айқап»;

Б) «Қазақ»;

В) «Алаш».


13. 751 жылғы Тараз маңындағы (Атлах түбіндегі) шайқас кімдердің арасында өтті?

A) соғды және түргеш әскері арасында;

Б) араб және қытай әскері арасында ;

В) араб және және қарлұқ әскері арасында.


14. 1920-1921жж. “әскери коммунизм”саясатына қарсы шаруалар көтерілістері орын алды.1921ж 1 ақпаында Көкшетау уезіндегі көтерілісті ата.

А) Сапожков көтерілісі ;

Б) Ертіс көтерілісі ;

В) Есіл-Петропавл көтерілісі.


15. Жоңғар әскерінің қазақ әскері алдында әскери басымдыққа ие болуының бірі:

А) Білтелі мылтық пен пистолеттің болуы

Б) Білтелі мылтықтың болуы

В) Қамал бұзатын қарудың (катапульт) болуы


16. Неге киіз үй ең ыңғайлы үй түрі, ал «мұндай үйдегі өмір тек қажеттіліктен туды» (Л. Гумилев) деп есептелінді?

А) оның домалақ формасы аспан сферасына ұқсас;

Б) көшу кезінде алып жүруге,жинап құрастыруға ыңғайлы;

В) Тұрмыс үшін киіз қол жетерлік дүние.


17. А.С. Пушкиннің «Дубровский» және «Боран» повестерін, Л.Н.Толстойдың әңгімелерін және басқа да өз халқының рухына, азаматтық позициясына жақын шығармаларды аударған белгілі қазақ ақыны кім?

А) Шәкәрім Құдайбердиев.

Б) Машхүр Жүсіп Көпеев.

В) Сұлтанмахмұт Торайғыров.


18. 1942 ж. Сталин №227 нөмірмен белгілі болған бұйрыққа қол қойды. Ол бұйрыққа сәйкес майдан сызықтарының алдында кері қайтқандарды атуға тиіс қоршауға алу отрядтары құрылды. Олар қалай аталды?

А) «Опасыздарға өлім!».

Б) «Шегінбе, артымызда Отанымыз!».

В) «Бір қадам да артқа шегінуге болмайды!».


19. Алғаш түркі тілінде жазылған Жүсіп Баласағұн шығармасы:

А) «Құтты білік».

Б) «Диуани лұғат ат-түрік».

В) «Диуани Хикмет».


20. Алтын Орданың ішкі билік жүйесінде әкімшілік-шенеуніктің апарат басты орнға ие болды. Егер әскери есеп, сыртқы саясат және сот істерінің біразымен бекмермек айналысса, онда мемлекеттік азаматтық тұрғыдан басқаруы кімге тапсырылды.

А) Даруғаға.



Б) Басқаққа.

В) ‡әзірге.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет