10-сынып. §44.Энергетикалық алмасу кезеңдері
1.
Энергетикалық алмасу, диссимиляция, катаболизм – энергияға бай қосылыстар түзетін органикалық қосылыстардың ферментативті ыдырау реакцияларының жиынтығы.
2.Жасушалардағы катаболизм процестері
тотығу реакциясына қажетті оттекті тұтынумен бірге жүреді.
3.
Биологиялық тотығу – органикалық заттардың оттегімен қосылып энергия бөлуі
4.Жасушада органикалық қосылыстар
донор электрондар рөлін атқарады (жоғары энергетикалық деңгей электрондарын беріп жібереді)
5.Акцептор электрондар -
Оттек, НАДФ+, НАД+ .Электрондарды қосып алып, олар НАДФ(Н), НАД(Н)-қа дейін тотықсызданады
6.Энергияны «жинақтаушылар» болып табылады -
АТФ, НАД(Н), НАДФ(Н)
7.Жасушаларда тотығатын органикалық қосылыстар -
бастапқы энергия көздері болып табылады
8.Энергетикалық алмасу үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең – дайындық кезең
Екінші кезең – оттексіз кезең
Үшінші кезең - оттекті кезең
9.Бірінші кезең (дайындық кезең):
жасушалардан тыс асқазан-ішек қуысынан шығатын ферменттер әсерінен жүзеге асады;
полимерлердің ірі молекулалары мономерлерге: нәруыз-аминқышқылдарына, полисахаридтер жай қанттарға, майлар май қышқылдары мен глицериндерге ыдырайды;
10.
Биологиялық «отынның» ең басты түрлерінің бірі-
көмірсулар, атап айтқанда –
глюкоза
11.
Гликолиз – ферменттердің көмегімен және энергияның бөлінуімен жүретін глюкозаның ыдырау процесі
12.
Глюкоза – ерекше белсенді заттар қатарына жатпайды, олар қатысатын реакциялар бірқалыпты температурада салыстырмалы түрде баяу жүреді
13.Екінші кезеңде:
Глюкозаның алтыкөміртекті молекуласы С6Н12О6 пирожүзім қышқылының екі көміртекті молекуласына С3Н4О3 ыдырайды;
Сутектің төрт атомынан айырыла отырып, глюкозаның ішінара тотығуы жүреді:
С
6Н
12О
6 2С
3Н
4О
3 + 4Н + 2АТФ
Екі молекула НАД+ сутек электрондары мен протондары есебінен екі НАД(Н) –қа айналады
АДФ және фосфор қышқылынан АТФ-тің екі молекуласы түзіледі
14.Егер жасушада оттек болмаса н/е ол жеткіліксіз болса, онда ПЖҚ-ның екі молекуласы екі НАД(Н) есебінен
сүт қышқылына дейін тотықсызданады:
2С
3Н
4О
3 + 2НАД(Н) + 2Н+ 2 С
3Н
6О
3
15.Егер жасушада
оттек болса – онда ПЖҚ сүт қышқылына айналмайды, митохондрияға тасымалданады да,
оттек қатысында СО2 мен Н2О-ға дейін толық тотығады
16.Энергетикалық алмасудың үшінші кезеңінде – ПЖҚ-ның екі молекуласының толық тотығуы
36 АТФ молекуласының түзілуіне әкеледі:
2С
3Н
6О
3 + 36Н
3РО
4 + 36АДФ +6О
2 36АТФ +42Н
2О +СО
2
17.Глюкозаның бір молекуласы толық ыдыраған кезде
38 АТФ молекуласы түзіледі.
18.АТФ 1 молінде
40 кДж энергия болады.
38моль АТФ-те: 40х38=
1520 кДж энергия болады
19.Органикалық заттардың ыдырауы барысында түзілген энергияның
55%-і потенциалды энергия түрінде сақталады (АТФ-тің химиялық байланыс энергиясына түрленеді),
45%-ы жылу энергиясы түрінде пайдаланылады.