10-сынып Биология зертханалық жұмыстар


Модельдеу: «Жердегі тірі ағзалар қозғалысының биомеханикасын зерттеу»



бет11/13
Дата20.10.2022
өлшемі1,59 Mb.
#154141
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
10-сынып Био зертханалык жұмыс (1)

Модельдеу: «Жердегі тірі ағзалар қозғалысының биомеханикасын зерттеу»
Жұмыстың мақсаты: құрлықтағы әртүрлі тірі ағзалардың қозғалысын зерттеп, салыстыру және қозғалу биомеханикасын тіршілік ету ортасымен және тіршілік салтымен байланыстыру.
Болжам: құрлықтағы ағзалар қозғалысының биомеханикасы олардың тіршілік ету ортасымен және тіршілік салтымен тығыз байланысты болады.
Жабдықтар мен материалдар: әртүрлі тәсілдермен қозғалатын жануарлардың кескіндері немесе суреттері және кестелер.
Теория: тірі ағзалардың қозғалу биомеханикасын жүзу, ұшу, жоспарлау, өрмелеу, топырақты бұрғылау және брахиация (қолмен тербелу) сияқты түрлерге бөлуге болады. Жердегі локомоцияға жаяу жүру, 2 немесе 4 аяқпен жүгіру және секіру жатады.
Симметриялық локомоция – алдыңғы және артқы аяқтардың кезектесіп жұмыс істеуі: алдыңғы аяқтың артынан әрдайым диагональ бойымен артқы аяқтары жүреді, керісінше болуы сирек. Сонымен қатар аяқтардың жұптасып жұмыс істеуі: әр жұптың бір алдыңғы және бір артқы аяқтары бар.


Симметриялық локомоция кезіндегі қозғалысты модельдеу, табандардың қосылу тәртібі

Асимметриялық локомоция – алдыңғы аяқтардың кезектесіп немесе синхронды жұмысынан кейін артқы аяқтардың қосылуы.

Асимметриялық локомоция кезіндегі қозғалысты модельдеу, табандардың қосылу тәртібі

Артқа
Модельдеу: «Жердегі тірі ағзалар қозғалысының биомеханикасын зерттеу»
2-конспект
Деректермен жұмыс:
Кейбір жерүсті ағзалардың қозғалысының биомеханикасы.

Жануарлар

Қозғалу моделі (сызба)

Қозғалыстың тіршілік ету ортасымен байланысы

Жылан



Созылыңқы денені қозғалмайтын заттардың айналасында бүгу және алға жылжыту. Жер бетінде жыландар айналасында жатқан тастарды, шөптерді немесе басқа заттарды итеріп тастап, жылдам қозғала алады. Бұл қозғалыс құмның беті сияқты тұрақсыз сусып тұрған жерлерде жақсы жұмыс істейді.

Амфибиялар



Бақаның жұптасқан аяқтары денені жерден көтеретін ұзартылған рычаг ретінде жұмыс істеуге бейімделген, ол жануардың құрлықта қозғалуын қамтамасыз етеді. Субстрат бойымен баяу қозғалыс кезінде бір-бірінен диагональ орналасқан бақаның аяқтары бір уақытта алға қарай жылжиды.

Ит



Егер ит максималды жылдамдықты жоғарылататын болса, аяқтың қозғалысы да жылдамдатылады. Осыған байланысты, төрт аяғы түзуленгеннен кейін бір уақытта ауада болуы мүмкін. Кеуденің мықты бұлшықеттері омыртқаны аяқты бүгіп жатқан кезде жоғары қарай, ал аяқты толық ұзартқанда төмен қарай қисайтады. Осының арқасында серпілу мықтырақ және қадам айтарлықтай ұзағырақ болады. Екеуі де жүгіру жылдамдығына ықпалетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет