10 сынып Курс аты: Генетика және селекция негіздері Бағыты



Дата10.06.2017
өлшемі158,96 Kb.
#18547
Қарабау орта мектебі


Бағдарлы оқу курсы

10 сынып
Курс аты: Генетика және селекция негіздері Бағыты: Жаратылыстану - матемтаикалық

Бағдары: Биология

Дайындаған: Т.Құрманғазиева

биология пәнінің І санатты мұғалімі

2015-2016 оқу жылы



Бағдарлама туралы түсінік хат:

Курстың мақсаты: Оқушыларды әлеуметтендіру, ЖОО-на дайындау үшін терең білім беру, өмірде өзі игеретін мамадыққа баулу.

-Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, жылдамдыққа, ептілікке үйрету.

-Биология туралы ұғымды үйрету.

-Оқушылардың генетикалық білімдерін кеңейту, жүйелеу, дамыту.

-Адамгершілікке тәрбиелеу.

Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер қойылады :

- оқушының ойын дамыту;

- кеңес бере отырып, бағыттап оқыту;

- ізденушілік, зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру;

-оқушылардың ғылыми, техникалық, кәсіпшілік қызығушылықтырын қалыптастыруға жағдай жасау, бейім таңдауда өз тағдырын өзі шешуге мүмкіндік беру;

- оқушылардың стандартты логикалық операцияларды жылдам және дұрыс орындау іскерлігін дамыту.



Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар: жұмыс дәптерлерінің болуы, танымдық іс-әрекеті мен ой өрісін, басқа ғылыммен байланысын, компьютер техникасын, интернет желісін пайдалану.

Пәнаралық байланыс: химия, математика, география, экология, анатомия, жа­нуартану.

Кәсіпке бағдарлау: биология, медицина, ауыл шаруашылығы, химия, биотехно­логия бағытында даярлау.

4.Уақыт көлемі: 34 сағат, аптасына 1 сағат.

5.Курсты ұйымдастыру формасы: дәріс ( лекция ), ойын, есептер шығару,

топтық және жұптық оқыту әдістері, интерактивті оқыту әдістері, семинар.

6.Курсты оқытуды аяқтау формасы:

-рефераттар жазып қорғау, оны әрі қарай шығармашылықпен жетілдіру, ғылыми жоба жасап қорғау.

-түрлі генетикалық есептер шығару.

-тест сұрақтарына жауап беру.



7.Курсты оқу барысында күтілетін нәтижелер:

Биологиялық және генетикалық ұғымдармен тереңірек таныс болу

Генетикалық заңдылықтарды түсіну

Биология пәнінен меңгерген білім , білік , іскерлік дағдыларын басқа ғылым сала­ларымен ұштастыра отырып, өмірде пайдалана білуі тиіс.

Бағдарлама туралы түсінік хат:

Курстың мақсаты: Оқушыларды әлеуметтендіру, ЖОО-на дайындау үшін терең білім беру, өмірде өзі игеретін мамадыққа баулу.

-Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, жылдамдыққа, ептілікке үйрету.

-Биология туралы ұғымды үйрету.

-Оқушылардың генетикалық білімдерін кеңейту, жүйелеу, дамыту.

-Адамгершілікке тәрбиелеу. 8.Оқу жетістіктерін бағалау:

-деңгейлік сұрақтар арқылы, тесттік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, өзіндік сынақ жұмыстары арқылы.



9.Ұсынылатын әдебиеттер: -Оқушыларға: 1. Мектеп оқулықтары, 10-11-сы­ныптары. 2. Гуляев Г.В Генетика Москва 1977. 3.Интернет желісін пайдалану.

-Мұғалімге: 1. Мұхаметжанов К. «Генетика және селекция негіздері», 1996.

2. «Биология салауаттылық негіздері» журналдары.

3. «Биолог анықтамалығы» журналдары.

4. Инге-Вечомов: Генетика с основами селекции. Москва 1989.

5. Л.Ү.Әбшенова , Б.Заирова «Биология. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеруге және олимпиадаларға дайындауға арналған тапсырмалар»,Алматы 2009


Тақырып жоспарының мазмұны.

Кіріспе ( 1сағат), Генетика негіздері ( 22 сағат )

Генетика ғылымы және оның жаратылыстану ғылымдары жүйесіндегі орны. Генетика ғылымының даму кезеңдері. Генетика саласындағы ғылым зерттеулер. Грек ойшылдарының еңбектері (Демокрит, Гиппократ, Аристотель).Эволюциялық ілім (Ч.Дарвин). Тұқымқуалаушылық заңдылықтарының ашылып қалыптасуы. Г.Мендель, Т.Бовери, У.Сзттон, Т.Морган, В.Иогансен, Г. де Фриз, К.Коренс, Э.Чермак, Н.Вавилов т.б.

Г.Мендель, оның еңбектері. Гибридологиялық әдіс. Моногибридтік будандасты­ру. Доминанттық, рессивтік белгілер.

Аллельді гендер. Фенотип және генотип. Гомозиготалы, гетерезиготалы даралар. Г.Мендельдің 1-2 заңдары. Белгілердің ажырау себептері. Гаметалар тазалығы ги­потезасы. Талдай шағылыстыру. Моногибридті шағылыстырудың цитологиялық негіздері. Тіркес тұқым қуалау. Тіркесу топтары. Генетикалық карта. Т.Морган заңы. Хромосомалық теория. Кроссинговер. Ген, құрылымы, қасиеті. Гендердің арақатынасы. Генотип.

Жыныс генетикасы. Жынысты анықтау. Жыныспен тіркес тұқымқуалау. Гемо­филия және дальтонизм. Гендердің өзгеруіне ортаның әсері. Медициналық генети­ка. Адамның тұқымқуалайтын аурулары, олардың алдын алу.

Өзгергіштік заңдылықтары ( 4 сағат )

Өзгергіштік және оның түрлері. Модификациялық және мутациялық өзгергіштіктер. Мутациялардың жиілігі. Мутацияның пайда болуына ортаның әсері. Геномдық, хромосомалық және гендік мутациялар. Эксперименттік мута­циялар. Селекциядағы мутацияның рөлі. Н.И.Вавиловтың гомологиялық қатарлар заңы. Генетика және эволюциялық теория. Популяциялар генетикасы. Аллельдер және генотиптер жиілігі. Харди-Вайнберг заңы. Табиғи сұрыпталудың түрлері: тұрақтандырушы және қозғаушы сұрыптаулар.



Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясы ( 6 сағат )

Селекцияның генетикалық негіздері. Селекция үшін бастапқы материалдарды іріктеп алу, бағалау. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары. Өсімдіктер селек­циясы. Өсімдіктерді қолдан сұрыптау және будандастыру. Селекциядағы табиғи сұрыпталудың маңызы. Айқас тозаңданатын өсімдіктердің өздігінен тозаңдануы. Гетерозис. Жасанды мутагенез, оның селекциядағы маңызы. Полиплоидия. Жану­арлар селекциясы. Үй хайуанаттарын әріден будандастыру.



Лабораториялық жұмыстар

Вариациялық қатарды құру және жапырақ ұзындығының өзгергіштігінің вариациялық қисық сызықтарын сызып көрсету.



Көрсетілімдер

Мендель заңдарын, хромосомалардың айқасуын бейнелейтін көппешөп ма­териалдарын, жинақтамаларды, нақнұсқа-жапсырмаларды, сызбанұсқаларды, тәжірибелерді көрсету.



Қорытынды ( 1 сағат )

Беркітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі: Г. Тоқмурзина

2015-2016 жаңа оқу жылына арналған

«Генетика және селекция негіздері»

қолданбалы курсының күнтізбелік жоспары





Сабақтың тақырыбы.


Сағат саны


Күні

Ұйым-

дастыру формасы

Бар- лығы

Дәріс

Прак- тикалық







1

Кіріспе

1

1







Дәріс

2

Генетика – тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым.

1

1







Дәріс

3

Моногибридті будандастыру заңдылықтары.

2

1

1




Топтық жұмыс

4

Есептер шығару.

2

2







Жұптық жұмыс

5

Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері.

1

1







Дәріс

6

Дигибридті будандастыру заңдылықтары.

2

1

1




Дәріс

7

Есептер шығару.

1

1







Топтық жұмыс

8

Полигибридті будандастыру.

1

1







Дәріс

9

Есептер шығару.

1

1







Дәріс

10

Т.Морганның тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы.

1

1







Топтық жұмыс

11

Тіркес тұқым қуалау.

1

1







Жеке жұмыс

12

Есептер шығару.

1

1







Топтық жұмыс

13

Цитоплазмалық тұқым қуалау.

1

1







Дәріс

14

Генетикалық карта құру.

1

1







Жұптық жұмыс

15

Гендердің өзара әрекеттесуі.

2

1

1




Ұжым

дық жұмыс



16

Жыныс генетикасы.

1

1







Сауалнама

17

Адам генетикасы.

1

1







Дәріс

18

Медициналық генетика.

1

1







Дәріс

19

Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары.

1

1







Дәріс

20

Өзгергіштік. Модификация.

1

1







Дәріс

21

Мутациялық өзгергіштік.

1

1







Дәріс

22

Генетикалық және эволюциялық теория.

1

1







Топтық жұмыс

23

Қорытынды сабақ.

1

1







Сайыс

24

Селекцияның генетикалық негіздері.

1

1







Пікірлесу

25

Өсімдік селекциясының қазіргі жетістіктері.

1

1







Дәріс

26

Жануарлар селекциясы.

1

1







Әңгіме

27

Микроорганизмдер селекциясы.

1

1







Дәріс

28

Ең жаңа сұрыптау әдістері. Гендік инженерия.

1

1







Әңгіме

29

Биотехнология табыстары.

1

1







Сайыс

30

Қорытынды – сынақ сабақ.

1




1




Ұжымдық


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет