10 Су буы. Су буының энтропиялық диаграммалары..
Техникалық термодинамикада нақтылы жүмыстық дене ретінде су буы және ылғал ауа кеңінен пайдаланылады. Сол себепті, су буы жэне ылғал ауаның термодинамикалық ерекшеліктерін зерттеудің іс жүзіндегі мәні үлкен.
БУ ТҮЗІЛУ ПРОЦЕССІ. НЕГІЗГІ ТҮСНІКТЕМЕЛЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Жылу техникалық кондырғыларында жұмыстык дене ретінде су буы жиі колданылады. Ауыл шаруашылығында су буын үйлерді жылытуға және желдетуге; жеміс-кекеніс, қорғалған жер ғимараттарын микроклиматпен камтамасыз етуге; сүтті пастерлеу мен мал азығын дайындауға жэне тағы да басқа технологиялық процесстерде пайдаланады.
Бу деп, қолдану барысында сұйық түрге ауысуға кабілетті кез келген нақтылы газды айтады. Мүндай газ тектес заттардың аумалы температурасы өте жоғары болады .
Сұйықтың буға айналу процессін булану немесе бу түзілу деп айтады. Бүл процесс кайнау немесе булану аркылы болуы мүмкін. Қайнау-бу түзілудің бүкіл сұйыктың көлемінде көпіршік пайда болу арқылы жүретін қарқынды процессі.
Булану-сүйықтың тек кана еркін бетінен бу пайда болуы. Бүл процесс сұйықтың кез келген температурасында, тіпті төменгі температурада да жүреді. Бу түзілу каркындылығы сұйыктың физикалық ерекшеліктеріне байланысты және оның температурасының жоғарылауымен көбейеді. Судың буға айналу процессі ңаныгу немесе қайнау температурасы деп айтылатынтемпературамен түракты қысымда(Р-const) жүреді. Ылғалмен қаныкқан будың күйі будың қысымы Р температурасы (tK) жэне құргақтық дәрежесімен (X) анықталады. Ылғал будың құрғактык дэрежесі деп күрғақ бу массасының (Мқб) ылғал бу қүрамындағы қаныккан будың массасына (Мқб +Мс) қатынасын немесе ылғал бу құрамындағы қаныққан қүрғақ будын массалық үлесін айтады
(1)
Қүрғақ бу үшін X =1, сү_йык зат үшін X =0, ылғал бу үшін X нольмен бірдің арасында болады 0<Х<1.
Ылғалдық дәрежесі деп - ылғал бу қүрамындағы сүйық фазасының массалық үлесін (1- X) айтады. Сонымен қаныққан ылғал бу қүрғақ будан тек кдна ылғалдық дәрежесімен ғана өзгешеленеді. Құрғақ буға қысымын өзгертпей жылу беру процессін одан әрі жалғастыратын болсақ, онда будың температурасы жоғарылайды да, ол аса қызған бу күйіне ауысады.
Сонымен аса қызган бу дегеніміз-бірдей қысымда температурасы қаныққан қүрғақ бу температурасынан жоғары болатын бу.
Сұйыктык пен бу үлесті көлемдері теңелетін нүкте шегіне жеткен нүкте деп аталады . Газ бен сұйыктық өзара тығыздығы (немесе үлесті көлемі) арқылы гана байланысты болғандықтан, шегіне жеткен нүктеде сүйықтық пен газдың (будың) ерекшеліктері де бірдей болады. Судың шегіне жеткен нүктедегі параметрлері мынадай:
Қысымның мөлшері - Рк = 221,3 -105 Па, Температураның шамасы- tK =374,15 °С,Үлесті көлемі - Vк = 0,0032 м\кг.
Достарыңызбен бөлісу: |