Оқытуды ұйымдастыру
Оқытудың қалыбы – бұл оқушылардың оқу-білу қызметін түрлі жағдайда (сыныпта, жүзеге асыруда, т.б.) өткізілуіне орай, оқытушының тәрбиелік оқыту процесінде пайдаланылатын етіп ұйымдастыру болып табылады.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың ұйымдастыру қалыптары, үй тапсырмаларын жеке орындау, оқушылардың жеке топ немесе топ болып ж.ұмыс атқаруы, экскурсиялар, сынптан тыс болған жұмыстардан тұрады.
Оқу бағдарламасы МБС негізінде бекітілген мемлекеттік құжат болып, оның орындалуы мәжбүри болып саналады. Бастауыш сыныптар табиғи– математикалық білім мемлекеттік стандарт талаптарының оқушылар жағынан орындалуы олардың қажетті білімдерді, біліктілік пен дағдыларды иелеуіне, білім алуына жақсы қатынаста болуының қалыптасуына көмек береді:
а) оқушыларды айналадағы табиғи жағдайға сәйкестендіру, жаңа әлеуметтік статустағы оқушыны қалыптастыру;
ә) қызметтің алуан түрлерін: оқу, еңбек, қатынасты иелеу;
б) өз-өзін бақылау және бағалауда рейтингді анықтауға үйрету;
в) белгілі жалпы табиғи–ғылыми қабілеттің белгіленген деңгейі және оның кейінгі дамуының сипаттамасы.
Сонымен бастауыш сыныптар табиғи–математикалық білім стандартының оқу-білім процесіне енгізілуі оқу пәндеріне тиісті табиғиғылыми білім, дағды және біліктіліктерді ғана емес, тұлғаның белгілі негізгі қызметінің жиынтығы еңбек, оқу-білу, коммуникативтік-ақылақтық және дене құрылымына сай келетін қасиеттердің қалыптасуын да қамтиды.
Сынып – сабақ жүйесі 300 жылдан бері бар. Сабақта оқушылар тек оқып, білім алмай, топпен жұмыс істейді, қатынас жасау қағидаларын үйренеді және әрқайсысы жеке үйреніп жатқан затқа, бір-біріне, оқытушыға өздерінің жақсы қатынасын білдіреді.
Тақырып бойынша жоспарлаудың негізінде оқытушы әрбір сабаққа жұмыс жоспарын түзеді.
Заманалық математика сабақтарында тәлімдік, тәрбиелік және санасын дамытуға тиісті тапсрмаларды орындайды.
Дәптер, өлшеу құралдары және өлшеу ережелерімен жұмыс жүргізу, тақтада жәна дәптерде сызбалар сызу, жылдам жазу және оқу, бір-бірін және өзін-өзі бақылау іскерлігін сіңдіру, т.б.
«Бір таңбалы сандарды ондықтан өтіп қосу» тақырыбын үйренуде жалпы білімдік тапсырмалардың жүзеге асырылуына тиісті мысалды алайық. Осынша қосамыз, кейін қалғанын қосамыз, есептеймін: 9-ға 1-ді қоссақ 10 болады, және 1-ді қосамыз, 11 болады. Тақтада мысалдар берілген:
19+2 39+2 19 + 2 26 + 7
29+2 49+2 / \ / \
1+1 4+3
Оқытушы: «осы өрнектерде жоғарыдағы тәсілді қолданыңдар», – деп тапсырма береді.
Сосын мынадай мысалдар беріледі:
109+2 119+2 129+2 139+2 149+2 т.б.
Оқытушы сабақта пайдаланатын тәсілдерді осы мысалмен толық көріп шығылады.
Достарыңызбен бөлісу: |