4- сабақ. Ауызша номерлеу және бастапқы үш сабақта пайда етілген білім мен біліктілікті нығайту.
5- сабақ. 2-ондықтағы жазбаша номерлеу: сандарды цифрмен өрнектеу тәсілі және сандарды оқу. Мұнда оқушыларға жаңа сандарды номерлеу үшін жаңа сандар енгізуді талап етілмеуі, оңнан солға қарай оқуда бірінші кезекете бірлікті, екінші кезекте ондықты жазуды келісіп азайтуды ұқтыру қажет. Мұнымен орындарға қарап цифрлардың мәнінің өзгеруін үйрету мүмкін.
6- сабақ. 2-ондық сандарды оқу және жазу үшін жаттығулар орындау. Өтілген сабақтардан алынған білім нығайтылады. Мұнда сандарды нығайтуға тиісті жаттығулар да өте пайдалы саналады. Мысалы, “туры салыстыруды пайда ету үшін таңдалған белгіні қойыңыз: 13...14, таңдалған сандарды қойыңыз: 15>..., 11>...,12..., 2 ондық... 1 ондық 2 бірлік....)”.
7- сабақ. Номерлеу білімдерін негізделе отырып, қосу және азайтуды орындау. Егер алдынғы сабақтарда 13+1, 14-1, 10+2, 17-7, 17-10 сияқты өрнектердің мәндерін ауызша тапса, енді мұндай мысалдарды жазба түрде орындауға қол жеткізеді.
8 және 9 - сабақ. 2-ондық сандарды ауызша және жазбаша цифрлаған білімдерді нығайту, жалпыландыру және бір жүйеге салу.
10 - сабақ. 2-ондық сандарды номерлеу туралы білім, біліктілік және дағдыларды тексеру.
Мұндай жүйедегі сабақтар бір-бірімен байланысқан түрде бір идеяға біріктірілген, бұл сабақтың әрбір түсініктерін қалыптастыру жалпы мәселелердің бір бөлігін шешкен болады. Оқушыларға пайда етілген білімдерді нығайтуға қатысты түрлі мәселелерді орындауға енгізіледі.
Математиканы оқытудағы жұмыстар
Математиканы оқыту процесінде оқушылардың белсенділігін арттыру және математикаға деген қызығушылығын дамыту тәсілдерінің бірі – оқушылармен жүргізілетін өзіндік жұмыстар.
Математика сабақтарында өзіндік жұмыстар жаңа материалды үйренуге дайындық жасауда, жаңаша түсініктермен таныстыруда, оқу мен дағдыларды нығайтуда, сондай-ақ білімдерді бақылауда жүзеге асырылады.
Өзіндік жұмыстарды шартты түрде екі түрлі көріністе ұйымдастыру мүмкін:
1. Сабақ процесінде ұйымдастырылатын өзіндік жұмыстар. Оған: 1) сабақта шешілетін мысал мен мәселеге ұқсас болған, шарттары да бірдей, бірақ шартындағы сандармен немесе әріптерімен ерекшеленетін тапсырмалар өзіндік жұмыс ретінде беріледі. 2) тест немесе жазба жұмыстар өткізу. 3) өтілген тақырыптар бойынша үлестірмелі қағаздарға жазылған тапсрмаларды орындату. 4) тақтада тапсырмалар орындау, т.б.
2. Сабақтан тыс орындалатын өзіндік жұмыстар, яғни үй жұмысы. Үй жұмысы – оқушылардың сабақтан тыс уақытында өзіндік, жеке жұмыстарын ұйымдастырудан тұрады.
Үйге тапсырма беруде төмендегілер есепке алынуы қажет:
1) үйге берілген тапсырмалар оқушылардың білімі мен күшіне сай келуі тиіс. Ол сабақта орындалатын тапсырманың басқаша түрі болып, оны көпшілік оқушылар орындай алатын болуы тиіс. Үй жұмысы үшін оқытушы тақтада үлгі көрсетуі керек;
2) Үйге тапсырманы жүйелі түрде беру тиіс;
3) Үй тапсырмасының көлемі математика сабағында орындалатын жұмыстың 30-40%-нен аспауы керек;
4) Барлық үй жұмысын да оқытушы тексерген болуы керек;
5) Үй тапсырмасының көрінісі, орындалуы, талаптары түрліше болуы қажет;
6) Үй жұмысын жеке орындатыуға қол жеткізу тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |