1. Желі сөзіне анықтама беріңіз.
2. Компьютерлік желі деген не?
3. Желі түрлерін атаңыз?
4. Біррангылы желілерге анықтама беріңіз.
5. Ерекшеленген сервер негізіндегі желілерге анықтама беріңіз.
6. Желілер топологиясын атаңыз?
7. Компьютерлік желі түрлеріне өмірде мысал келтіріңіз.
8. Глобальды желіге қатынауды қалай іске асыруға болады?
9. Компьютерлік желі перифериялық құралдарын атаңыз.
10. Желілерді қолдану артықшылықтарын атап шығыңыз.
Желі- бір ортақ кабель арқылы біріктірілген бірнеше компьютердің жиыны және де мәліметтерді компьютерлер арасында жеткізу құралдарымен біріктірілген компьютерлердің жиынтығы.
Компьютерлік желі – пайдаланушылар арасында ақпаратты құруды, сақтауды, тасымалдауды және алмасуды қамтамасыз ететін аппараттық құрылғылардың (дербес компьютерлер, цифрлық құрылғылар, серверлер, байланыс жабдықтары және тағы басқа) жиынтығы
Желі түрлері Желілік инфрақұрылымдар келесі критерийлер бойынша айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін.
Жабын ауданының мөлшері
Қосылған пайдаланушылар саны
Қол жетімді қызметтердің саны мен түрлері
Жергілікті желі (Local Area Network, LAN) — бұл шектеулі кеңістікте, мысалы үйде, мектепте, кеңсе ғимаратында немесе ғимараттар кешенінде пайдаланушыларға және соңғы құрылғыларға қол жетімділікті қамтамасыз ететін желілік инфрақұрылым. Ол ішкі және аралық құрылғыларға жоғары жылдамдықты қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Ғаламдық желі (Wide Area Network, WAN) — бұл бір-бірінен едәуір қашықтықта орналасқан жергілікті желілерді, мысалы, қалалар, облыстар, аймақтар, елдер немесе континенттер арасында байланыстыратын желілік инфрақұрылым.