Қабылдаған: Жабаев Ермахан Орындаған: Саржанқызы Жұлдызай Алматы 2023 Жоспары



бет1/3
Дата17.10.2023
өлшемі149,27 Kb.
#186241
түріПротокол
  1   2   3
Байланысты:
сож1 Жулдызай ббажж Жабаев (1)


Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті



СОӨЖ 1
Тақырыбы:PhET Interactive Simulations - Виртуалды зертханасы
Қабылдаған:Жабаев Ермахан
Орындаған:Саржанқызы Жұлдызай

Алматы 2023


Жоспары:
1. ТСР протоколына анықтама беріңіз.
2. Жүйе аралык өзара әрекеттердің протоколын атаңыз.
3. IP-aдрес дегеніміз не?
4. IP aдрестің формaттaры қандай боле керек?
5. IP- aдресті тaңдaу ережесін атаңыз.
6. Желі арқылы мәліметтер жіберуге қатысатын компонентті атаңыз.
7. Барлық жұмыс станциясы мен нақты біріккен сервер, компьютерлік локалды желінің конфигурациясы қалай аталады?

TCP (ағылш. Transmission Control Protocol) – бұл транспорттық деңгейдің ең кеңінен таратылған түрі. ТСР ең маңызды функциясына бұрыннан қолданылып келе жатқан IP (ағылш. Internet Protocol) хаттамасымен салыстырғанда, мәліметтерді жоғалтпай жеткізуі болып саналады. Хабарламаны жеткізу үшін процесс – жіберуші мен процесс – алушының арасын алдын – ала жалғайды. Бұл құрылған жалғау дейтаграмманың нақты түрде жетуін қамтамасыз етеді. ТСР хаттамасының бүлінген немесе жоғалған пакеттерді қайталап жіберу мүмкіндігі бар. Хабарламаның нақты түрде жеткізілуіне белгіленген функциялар өңдеушілерді қосалқы бағдарламалардан және дейтаграмманы басқару амалдарынан босатады. Хаттама жіберуші мен алушы арасында мәліметтер жіберілуін қамтамасыз етеді. ТСР жалғауды қондыруға бағытталған болғандықтан, дейтаграмманы алған адресат жіберушіге алғаедығы туралы хабар беруі керек. Жалпы жіберуші мен алушы арасында виртуальды канал қондырылады, ол жерде олар хабарламамен алмасады және алғандығы туралы хабар жіберіледі.[1]
ІP протокол (Іnternet Protocol) — жүйеаралық өзара әрекеттердің протоколы. Ол паектті адресіне жіберу және қажет пунктіне беру жолында тұрған бірнеше жүйелерден өту мүмкіншілігін жасауға жауапты протокол.
TCP/ІP протоколы бойынша ақпараттарды жіберу схемасы мынадай: ТСР протоколы ақпаратты пакеттерге бөліп, оларды нөмірлейді; одан соң ІP протоколының көмегімен барлық пакеттер қабылдаушыға тапсырылады, сол жерде барлық пакеттердің қабылданғаны жайында ТСР протоколының көмегімен тексеріледі; барлық пакeттер қабылданып болған соң ТСР протоколы оларды қажетті тәртіп бойынша орналастырады және бір тұтас етіп жинайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет