7 зертханалық жұмыс. Тақырыбы



Дата26.08.2020
өлшемі282,41 Kb.
#76901
түріСабақ
Байланысты:
7 зертханалық жұмыс ҮДН


7 зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Есеп беруді құру, көпкестелік есеп берулерді ұйымдастыру
Зертханалық жұмыстың мақсаты: MS Access ортасында деректер қорында сұраныстар құруды, есептелетін өрістер құруды меңгеру

.

Зертханалық сабақты орындау үшін әдістемелік нұсқау:



Жиынтық кесте және диаграмма құру
Жиынтық кестелер (сводные таблицы) және диаграммалар –түрлі құрылымдағы және көлемдегі мәліметтерді интербелсенді талдауға арналған. Олар қарапайым және ыңғайлы құралдармен мәліметтерге салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді. Жиынтық кестелер көп өлшемді болып табылады және бұл мәліметтерді топтастырып әртүрлі координаттармен ұсынуға мүмкіндік береді.
1. Мәліметтер базасы кестелері үшін жиынтық кестелер құру.

«Журнал» кестесін жиынтық кесте режімінде қарастырамыз.Бұл кестені осы режімде ашу үшін, оны мәліметтер базасы терезесінде таңдап, «Открыть» батырмасын басыңыз, сосын кесте режімінен жиынтық кесте режіміне ауысу үшін тақтайшадан «Сводная таблица» режімін таңдаңыз.



Оны жұмыс алаңына алғаш ашқанда, кестенің ешқандай өрістері қосылмаған (сурет 53).

Сурет 53. «Журнал» жиынтық кестесінің бос макеті және жазбалар деректері өрістерінің тізімдері


Айталық әрбір күні (белгіленген кезеңдегі) әр дәрігердің көрсеткен қызметтерінің санын санау қажет. Егер осы кестенің өрістер тізімі көрсетілмесе, онда саймандар тақтасындағы пиктограмманы басыңыз.
Өрістер тізімі

Дәрігерлер тегінің айрықша мәні жол тақырыбын (атауын) құрайды. Осы аймаққа Дәрігер ТАӘ өрісін әкеліңіз (сүйреп).


Бағандар аймағына Қабылдау уақыты өрісін әкеліңіз.
Айталық біздің мысалымызда сүзгілеу (фильтрация) лауазымы бойынша болсын. Сүзгілеу аймағына – Дәрігер лауазымы өрісін әкеліңіз (сурет 54).

Сурет 54. Дәрігерлер тегімен және қабылдау мерзімімен жиынтық кесте




  • Қорытынды мәнді санау үшін мәліметтер аймағында тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, «Автовычисления – Сумма»таңдаңыз (сурет 55).


Сурет 55. Қорытынды мәндерді қалыптастыру




  • Нәтижесінде қорытынды мәні және осы мәндердің қосынды шамалары бар кестені аламыз (көрсетілген қызметтер саны, 56-сурет қараңыз).


Сурет 56. Есептелетін өрістері бар жиынтық кесте


ӨЗДІГІМЕН.«Дәрігер лауазымы» өрісін қолданып, «Барлығы»(Все) немесе жекеленген лауазымдарды таңдап, лауазымы бойынша нәтиже шығаратын мәліметтерді сүзгілеуді орындаңыз.

Сонымен бірге кесте бойынша саймандар тақтасынан «Сводная диаграмма» таңдап, жиынтық диаграмманы да алуға болады(сурет 57)


.

Сурет 57. «Журнал»кестесі жиынтық диаграмма режімінде


2.5 Есеп беруді құру
Есеп беру кестедегі ақпараттарды компьютер экранында да, қағаз бетінен де жеңіл оқылатын өңделген түрінде кескіндеу үшін қолданылады.

Есеп беруді үш режімде көрсетуге болады:



  • Есеп берудің сыртқы бейнесін және макетін өзгертуге жол беретінконструктор режімінде,

  • Дайын есеп берудің барлық элементтерін қысқа түрде қарап шығу мүмкіндігі бар үлгіні қарап шығу режімінде,

  • Алдын-ала қарап шығу режімінде.

Есеп беруді конструктор және шебер режімінде құруға болады.

Шебер көмегімен есеп беруді құру.



  • «Штаттық кесте» кестесін және Лауазымы, Жалақы, Өтем ақы өрістерін таңдаңыз.

  • «Дәрігерлер» кестесінен Дәрігер коды,Дәрігердің ТАӘ, Көрсетілетін Қызмет Түрі өрістерін таңдап, «Далее» батырмасын басыңыз.

  • Келесі сұхбат терезесінде «Вид представления данных» жолында бірінші кесте, яғни біздің мысалдағы «Штаттық кесте» таңдалынатын болады. «Далее» батырмасын басыңыз.

  • Бағыттауыш көмегімен мәліметтерді ұсыну деңгейі Лауазымы өрісін қосыңыз.

  • Келесі терезеде есеп беру дизайнын таңдап, <Готово> басу.

Дайын есеп берудің мысалы 58-суретте көрсетілген.

Сурет 58. Есеп шығару беті


2.6 Макростар құру
Макростар бұл AccessМББЖ тіліндегі макрокомандалық шағын программалар. Олар белгілі бір анықталған командалар тізбегінен тұрады (бір немесе бірнеше макрокоманд). Макростар Access нысандарын автоматтандырудың қарапайым құралы болып табылады. Макростарды құру жеңіл және ол үшін программалау тілдерінің синтаксисін білудің қажеттілігі жоқ екенін атап кеткен жөн болады.

Макростарды құру үшін, конструктор режімінде бас пішімді ашып, батырмалар қосыңыз. Айталық жаңадан құрылған батырманың көмегімен стоматология кәсібі бойынша есеп беруді ашу қажет болсын. Тышқанның оң жақ батырмасын өрісте шертіп және «Обработка событий – Макрос» таңдаңыз.



Макростар конструкторының терезесі ашылады.

Сурет 59. Макрос құру терезесі


Бұл терезеде тізімнен көрінген макрокоманданы ашу батырмасын шертіп таңдау керек. Тізімде 50 тарта түрлі макрокомандаларды орындау үшін әрекеттер қарастырылған.

Біздің мысалымыз үшін: «Открыть отчет» таңдаңыз.


Сурет 60. Есеп ашу режіміне макрос құру


Сосын есеп беру атын және режімін таңдаңыз: Просмотр.

Макросты сақтаңыз.



  • Барлық құрылған макростар Макросы қатпаршасынан көрінеді.

ӨЗІНДІК ТАПСЫРМА. Қалған батырмаларды сәйкес командалармен макростармен қосыңыздар.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет