Біррангілі желілер - түйіндік қосылыстардың біртекті құрылымы бар желілер. Біртекті желілердің өкілдері жазық торлар және көлемдік торлар болып табылады. Мұндай желілердің түйіндері кәдімгі торда орналасады, ал байланыстар кеңістікте локализацияланған және топтастырылған
Біррангілі желілер - біррангілі желіде барлық компьютерлердің қҧқығы бірдей болады, яғни компьютерлер арасында иерархия және ерекшеленген сервер жоқ. Әдетте әрбір компьютер сервердің де, клиенттің де рөлін атқара береді; басқаша айтқанда барлық желі үшін жауапты жеке компьютер жоқ. Пайдаланушы өз компьютеріндегі ортақ пайдалануға болатын мәліметті анықтауды өзі шешеді.
Ерекшеленген сервер - деп тек сервердің рөлін атқаратын, ал клиент немесе жұмыс станциясы рөлінде пайдаланылмайтын серверді айтады. Сервер желілік клиенттерден тҥсетін сұранысты жедел өңдеу және файлдар мен каталогтардың қорғалуын арттыруға арналған. Сервер негізіндегі желілер өндірістік стандарттар қатарына жатады.
Желі топологиясы (ағылш. network topology) — есептеу желісіндегі машиналардың физикалық конфигурациясы, яғни қандай түйіндер жұбы өзара байланыса алатынын көрсететін физикалық жалғастыруды (немесе түйіндер арасындағы логикалық байланысты) бейнелеу; желілер жолдары мен тораптарын, олардың жол үзындығы, тораптар қуаты төрізді сипаттамаларын ескермей, жалғастыру қүрылымын зерттейтін қолданбалы ғылым.
Бүтақтар төрізді топология (Топология типа "дерево"; tree topology) — тораптары бұтақтар тәрізді тармақты құрьілымда орналасқан желі топологиясы.
Желі топологиясы (Топология сети; net-work topology) — территориялық, әкімшілік жөне ұйымдастырушылық факторларды ескере отырып, тораптардың нақты орналасулары мен жалғастыруларын көрсететін желінің жалпы схемасы.
Жұлдыз тәрізді топология(Топология типа "звезда"; star topology) — барлық тораптары орталық бір тораппен жалғасқан желі топологиясы.
Сақина тәрізді топология (Топология типа "кольцо"; ring topology) — әр торап басқа екі тораппен қосылған және барлық тораптар бірге сақина құрайтын желі топологиясы.
Шина тәрізді топология (Топология типа "шина"; bus topology) — барлық тораптары жалпы бір сызықтық ақпараттық арнаға қосылған компьютер желісінің архитектурасы.
Нақты өмірде байланыс желілерінің мысалдары телефон желісінің коммутаторлары арасында сигнал беруді қамтамасыз ететін кабель және күшейткіштердің бөлімдерін қамтиды. Байланыс желілері негізінде байланыс арналары салынады.
Байланыс арнасы әдетте абоненттер арасында ақпараттың берілуін қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар мен байланыс желілерінің жүйесі деп аталады. «Арна» және «линия» ұғымдарының арақатынасы былайша сипатталады: байланыс арнасы бірнеше гетерогенді байланыс желілерін қамтуы мүмкін, ал бір байланыс желісін бірнеше арналар пайдалана алады.