«100 жаңа кітап» студент санасында серпіліс жасайды Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында әлемдегі ең үздік 100 оқулықтың қазақ тіліне аударылатынын айтып, жастардың дүниежүзіндегі таңдаулы оқулықтар негізінде білім алуына мүмкіндік жасау керектігін міндеттеген болатын.
12-сәуір күні Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі жаңа оқулық" жобасы аясында шыққан алғашқы оқулықтардың тұсаукесерінде бұл бастаманың маңыздылығын атап өтіп, "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасының бірнеше бағытын орындап келе жатырмыз. Онда бес сала қамтылған. Соның ішіндегі ең маңыздысының бірі - жүз кітапты қазақ тіліне аудару. Бұрын-соңды мұндай болған емес. Менің жұмыс столымда кітаптың бәрі жатыр", - деген болатын.
Осыған орай, 18-сәуір күні Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінде студенттердің ақпараттық сауаттылығын дамыту, кітап оқуға деге сүйіспеншіліктерін арттырып, «100 кітап жобасын» насихаттау және оларды есте сақтауға арналған «100 жаңа кітап» студент санасында серпіліс жасайды» деген атпен Құрманалина Шалқыма Хайроллақызымен кездесу өтті.
Кездесу барысында Ш.Хайроллақызы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы барлық жобалардың ішінде «100 жаңа оқулық» жобасы нақты нәтижелі тиімділігі анық байқалатындығын және жақсы іс жалғасын тауып, сапалы да құнды оқулықтар ұрпағымызды ұлы істерге бастай берсін»,- деген ұстаздық тілегін білдірді.