91. Бала иығының дистоциясының антенаталды себептерін анықта
баланың макросомиясы (ірілігі), әйел жамбасындағы ауытқулар
ананың қант диабеті, семіздігі
күні асып туылған ер жынысты бала
алдыңғы босануда дистоцияның болуы
барлығы
92. Бала иығының дистоциясының интранаталды себептерін анықта
босанудың І, ІІ кезеңінің ұзаққа созылуы
күні асудан - толғақ шақыру, әлсіз толғақтан - толғақ күшейту
Шапшаң, тез босану
Кристеллер әдісін, қынаптық операциялар (вакуум, қысқыш) қолдану
барлығы
93. Бала иығының дистоциясының диагностикалық белгілерін анықта:
Бас туылған соң, мойынның вульвамен қысылып қалуы
Бала иығы кері ішке қарай тартылып, екіаралықты төмен басуы
Басынан тартқанмен, иықтың симфизге кептеліп, шықпауы
Барлығы
94. Бала иығы дистоциясы кезінде көрсетілетін көмек мақсатын анықта:
Балаға төнетін жарақат қаупін азайта отырып иықты шығару
Қағанақ сының ерте кетуін алдын-алу
Бала кіндігін қысылудан қорғау
Екіаралық жыртылысын болдырмау
Баланың мүшеаралық бейімделісін сақтау
95. Бала иығы дистоциясы кезінде жүргізілетін іс шараны анықта
Екіаралыққа эпизиотомия жасап, баланың шығу жолын кеңіту
Әйел аяқтарын тізе-жамбас буындарында толық бүгіп, кеудеге барынша қысу;
Екі ассистент бүгілген аяқтарды кеудеге итере басу;
Жоғарғы иықты симфиз астынан шығару үшін, басты төмен қарай ұзақ тарту;
Барлығы
96. Ауыр преэклампсия кезінде алғашқы көмек қай жерде көрсетіледі?
Реанимация бөліміне жеткізген соң
Босану бөліміне жеткізген соң
Әйел орналасқан жерде
Операция бөлімшесінде
Неврология бөліміне алып
97. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз ажырауында қан кету ерекшелігі қандай?
Әйел іші аурады
Әйел іші қатайған
Сыртқа қан кетпеуі де мүмкін
Геморрагиялық шок белгілері айқын
Барлығы
98. Плацентаның мезгілсіз ажырауында әйелде геморрагиялық шок белгілері дамыса, жедел жәрдемде қандай іс шара жүргізіледі?
Екі тамырға катетер орнатады
Кеткен қан шығынына 1:3 қатынаста физ ертіндінің 1 литрін 15 минут жылдамдықпен құяды
Әйелден кеткен қан мөлшерін, гемодинамикасын бағалайды
Қуыққа катетер орнатады
Барлығы
99. Екі аралық жыртылысының болу қаупін білдіретін белгіні анықта
Екіаралық керіліп, көгереді
Екіаралық бозарып жылтырайды
Екіаралық ісінеді
Екіаралық қатты керіп аурады
барлығы
100. Жатырдың жыртылу қаупін білдіретін белгілерді анықта
Толғақ қатты, үзіліссіз
Зәрдің өздігінен шығуы жоқ
Жатыр пішіні құмсағат тәрізді
Әйел жатыры тонуста, өзі үрейлі
Барлығы
Достарыңызбен бөлісу: |