1 тапсырма:
Педагогтың мақсаты: Кеңістікті бағдардай отырып зейінін, қисынды ойлау әрекетін дамыту.
Балалардың мақсаты: Зейін қоя отырып іс-әрекет жасау кезінде ережелерді сақтау.
Педагог пен баланың өзара әрекеттестігі: Бірінші торкөздегі өрнекті мұқият қара, енді екінші торкөзге көшір
1 төмен деңгей
1.
2 орташа деңгей
2.
3 жоғары деңгей
3.
2 тапсырма:
Педагогтың мақсаты: Алгоритммен таныстыра отырып ереже бойынша жұмыс істеуге дағдыландыру. Қисынды ойлауына ықпал ету.
Балалардың мақсаты: Тапсырманы шешу кезінде ойша немесе фишкамен жұмыс істегенде ережені сақтау.
Педагог пен баланың өзара әрекеттестігі: Әр ойыншы фишканы төменгі сол жақ бұрыштан оң жақ жоғары бұрышқа жылжыта отырып мынадай ережені сақтау керек. Әр торкөзден тек оңға және жоғары қарай жылжуға болады.
О – оңға
Ж – жоғары
Мысалы: ООЖОЖ
Мүмкін болатын жауаптар
ООЖОЖ 6. ОЖОЖО
ОООЖЖ 7. ЖООЖО
ЖОООЖ 8. ООЖЖО
ЖЖООО 9. ОЖООЖ
ОЖЖОО 10. ОЖООЖ
Төмен деңгей - 2-3 жауап (нұсқа)
Орташа деңгей – 5-7 жауап (нұсқа)
Жоғары деңгей - 7-10 жауап (нұсқа)
Сандарды анықта
(Ойын-тапсырма жұппен орындалады)
Педагогтың мақсаты: Топтастыру, сөзге дыбыстық талдау жасау барысында таным процестерін дамыту.
Балалардың мақсаты: Сөздердің бірінші дыбыстарына байланысты ажырату топтарға бөлу.
Педагог пен баланың өзара әрекеттестігі: Балалар қазір біз мына тұрған сиқырлы сандықты ашуымыз керек. Ал оны ашу үшін ашу кодын табуымыз қажет.
Төменгі деңгей: Суреттерді белгілерін анықтай отырып топтарға бөл де артық суретті тап. Мысалы: аю, алты, қоян. Артық алты саны, ал аю мен қоян жабайы аңдар.
Орташа деңгей. Сөздердің бірінші дыбыстарының дыбысталуына байланысты «Артық сөзді тап». Мысалы: бақа, екі, бес. Екі сөзі артық себебі бақа, бес – «б» дыбысынан басталады. Ал екі «е» дыбысынан басталады.
Жоғары деңгей. Сөздердің бірінші дыбыстарын қосып жаңа сөз құра. Мысалы: үйрек, шар, үш. Сандықтың ашу коды: 6,2,3.
Жетіспейтін пішінді тап
(Әр баламен жеке түрде ойналады)
Педагогтың мақсаты: Көзбен көре отырып ойша пайымдай отырып талдау жасауға үйрету. Өз әрекетін дәлелдей білуге жаттықтыру.
Балалардың мақсаты: Тапсырманың шешу жолдарын іздеу.
Педагогпен баланың өзара әрекеттестігі: Суретке мұқият қарап заңдылықтарды бұзбай тігінен де көлденеңде қайталанбайтын шарды тауып сұрақ белгісінің орнына қой.
Төменгі деңгей : пішініне байланысты
?
Жоғары деңгей: шарлардың пішіні және түсі бойынша
?
Орташа деңгей: шарлардың пішіні жіптерінің бағыты бойынша
?
Банкаларды ретімен қой
(Тапсырма 3-5 баладан құралған үш топпен ойналады)
Педагогтың мақсаты: Балалардың қисынды ойлау, қабілеттерін, зейінін дамыту. Топтық жұптық, жеке жұмыстар арқылы терең ойлау, салыстыру, дәлелдеу, талдау сияқты қабілеттерін дамыту.
Балалардың мақсаты: Тапсырманың шартына талдау жасау және оны шешу жолдарын іздеу.
Педагог пен баланың өзара әрекеттестігі: Балалар суы бар банкалармен суы жоқ банкалардың орнын ауыстыру арқылы банкалар қатарын құру керек. Яғни суы бар банкілер мен бос банкілерді кезектестіріп ретімен қою. Қабілетті балалар үшін 6 банка ұсынылса. Ал енді бағдарлама негізінде даму деңгейі жас ерекшелігіне сай балалар үшін 4 банкі ұсынылады. Осы жерде төмен деңгейдегі балаларға 3 банка ұсынуға болады.
Төменгі деңгей :
Жоғары деңгей:
Орташа деңгей:
Жасырынған есім
(Жұппен орындалады)
Педагогтың мақсаты: Дыбыс, әріп, сөз жайлы білімдерін кеңейтіп, алынған білімдерін кез-келген жағдайларда қолдануға жаттықтыру. Қисынды ойлау қабілеттерін дамыту.
сөздік қорларын кеңейту
пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Балалардың мақсаты: Әр бала деңгейіне қарай қыздардың, ұлдардың есімін құрайды.
Төмен деңгей: «Ребус шешу»
+ ❀ = Айгүл; + , = Айша
Ж + = Жанар
Орташа деңгей: «Домино»
Жоғары деңгей: «Анаграмма». Орны ауысқан әріптерден ұлдардың, қыздардың есімін құрап жаз.
СЕТӘ; АТҚАН; САНОД; ЛЕУӘС; АНЖАЙ.
Шарларды боя
(Жекелей және жалпы топпен ойнауға болады)
Педагогтың мақсаты: Балаларды ой еңбегіне үйрету. Өздігінен еңбектену дағдыларын жетілдіру. Талдау кезінде салыстыру, қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. (өзінің ойын дәлелді айтып беруге дағдыландыру)
Балалардың мақсаты: Өзінің ойын дәлелді айтып беруге дағдыландыру. Педагог пен баланың іс-әрекеті:
Төменгі деңгей:
Кішкентай шардың оң жағында қызыл шар, ал сол жағында көк шар тұратындай етіп боя.
Орташа деңгей:
Кішкентай шар, қызыл шар мен сары шардың ортасында болсын, ол көк шар сары шардың жанында болатындай етіп боя.
Жоғары деңгей:
Кішкентай шар көк пен қызыл шардың ортасында, ал қызыл жасыл шардың жанында болардай етіп үлкен шарларды боя
Қарап алда есіңе сақта
(Барлық балалармен толық ойналады)
Педагогтың мақсаты: Балалардың қабылдау, түсіну, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Балалардың мақсаты: 10 секунд ішінде суреттерге қарап тұрып олардың тұсындағы нөмірлерге сәйкес суреттерді естеріне сақтау.
Педагог пен баланың өзара әрекеттестігі: 10 секунд ішінде мына суреттерге қарап тұрып, олардың тұсындағы нөмірлерге сәйкес есте сақтауға тырыс. Содан кейін оң жақтағы бос орынға тиісті нөмірлер тұсына суретті қайталап сал.
Балық
Жалау
Жұлдыз
Көбелек
Қайық
Төменгі деңгей: Орташа деңгей Жоғары деңгей
1. 5. 2.
2. 4. 4.
3. 3. 6.
4. 2. 5.
5. 1. 1.
2.
Тармақты толтыр
(Жекелей ойналады)
Педагогтың мақсаты: Талдау, салыстыру, дәлелдеу әрекеттері арқылы зейінін, ойын дамыту, ойын-сабаққа деген оқу-танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Балалардың мақсаты: Бейнелердің логикалық байланысын анықтау
Педагог пен баланың өзара әрекеттестігі: Әрбір бала деңгейіне қарай тармақтағы бейнелерді бірдей етіп толтырады.
Төмен деңгей:
Орташа деңгей:
Жоғары деңгей:
Машиналарды штрихтау
(Жекелей ойналады)
Педагогтың мақсаты: Балалардың зейінін, логикалық ойлау мен қол икем машықтарын дамыту.
Балалардың мақсаты: Берілген үлгі бойынша машиналарды штрихтау.
Педагог пен баланың өзара әрекеттестігі: Сол жақта орналасқан үлгілерге сәйкестендіріп машиналарды штрихта. Қалай ойлайсың кабинасы мен қорабын бірдей етіп штрихтауға болама?
Төмен деңгей:
Орташа деңгей:
Жоғары деңгей:
«Танграм» ойыны
(Жұппен ойналады)
Педагогтың мақсаты: Ойын арқылы баланың қисынды ойлау операцияларын тыңдау, зейінін жетілдіру. Іс-әрекетін болжап, жоспарлай білуге үйрету.
Балалардың мақсаты: Берілген силуэт – пішіндерден қоянның, қаздың, иттің бейнесін құрастыру.
Педагог пен баланың іс-әрекеті: Балалар алдарыңдағы қоянның, қаздың, иттің силуэттерін зейін қойып қарап, қандай пішіндерден құралғанын және құрауға болатынан анықтап құрастыр
Ойын: «Танграм» Төмен деңгей:
«Қоян» - үлгі бойынша
(7 бөлік)
Орташа деңгей: Жоғары деңгей:
Жүгіріп бара жатқан қаз Қарап отырған ит
(7 бөлік) (14 бөлік)
Достарыңызбен бөлісу: |