Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
№106 «Қарлығаш» мектепке дейінгі мекемесі
Рецензент: №106 «Қарлығаш» мектепке дейінгі
мекемесінің меңгерушісі, п.ғ.к. Атыманова К.Ж.
Кеңесші: «Қарлығаш» мектепке дейінгі мекемесінің
Әдіскері Каримова Ж.К.
Автор құрастырушы: «№106 «Қарлығаш» мектепке дейінгі
мекемесінің т
әрбиешісі - Алимбетова К.У.
КІРІСПЕ
Мектеп алды даярлық бағдарламасының негізгі мақсаты таным үрдістері дамыған, білімдік, іскерлік қасиеттері жан-жақты дамыған еркін ойлы, тілі жетік, ерік жігерлі, өзіне сенімді, қисынды ойлау қабілеті жақсы дамыған баланы келесі білім сатысына – мектепке дайындау болып табылады. Қисынды ойлау балаларды белсенділікке тәрбиелейді, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, сондай-ақ балаларды икемділік пен шеберлікке баулиды.
Қазіргі заман талабына сай мектептер 1-ші сыныпқа келетін балалардың білім мен білік, танымдық әрекеттерінің дамуының жоғары көрсеткіштерін талап етеді. 1 сыныпқа қабылданатын балада белгілі білім қоры болып қана қоймай, жаңа білімдерді қабылдауға дайындығы, проблемалар қойып, оны шешу, тапқырлыққа, оқу әрекетінің негізгі компаненттерін қалыптастырудың алғашқы даярлықтары болып табылатын қиял-шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беру керек. Сонымен қатар, берілетін білім мөлшері танымдық процестерінің даму деңгейі мен баланың танымдық әрекетіне және оның дамуының жақын аймағына негізделуі қажет.
Дидактика тұрғысында баланың қисынды ойлау қабілетін әр түрлі тапсырмалар мен дамытпалы ойындар арқылы қалыптастыруға болады. Қисынды ойлау балалардың тек танымдық қызығушылықтарын оятып қана қоймай, ерік, зейіндерін тұрақтандырып шығармашылық қабілеттерін дамытады. Бүгінгі жұмысымның нәтижесі ретінде жоғарғы топ балаларына арналған «Қисынды ойлауды дамытатын тапсырмалар жинағын» ұсынамын. Жинаққа енгізілген тапсырмалар:
танымды;
коммуникативтік қабілетті (тілдік қатынас);
шығармашылықты
дамытуды көздеп алынды.
Жинақтың ерекшеліктері:
Жинаққа енгізілген тапсырмалар балалардың қабілетіне қарай деңгейлене отырып алынды.
Әрбір тапсырманың негізінде балалардың және педагогтың алдына қойған мақсаты, педагог пен баланың өзара әрекеттестігі айқындалып көрсетілген.
Тапсырмаларды топпен, шағын топтармен, жұппен, жекелей жүргізуге болады. (Олар арнайы әрбір тапсырмаларда көрсетілген)
Жұппен, шағын топтармен жүргізілетін ойын-тапсырмаларда мысалы: «Банкаларды ретімен қой», «Жасырынған есім» педагог балаларды қабілетіне қарай бөледі де тапсырманың шарты мен ережесін түсіндіре отырып, материялды таратып береді. Әрбір топ, жұп балалары өз бетінше ақылдасып тапсырманы орындайды. Ал педагог бақылап жетекші сұрақтар арқылы бағыт-бағдар беріп тұрады.
Кейбір тапсырмалар мысалы: «Қарап алда есіңе сақта», «Себебін тап», «Бұрын кім, не болды?» тікелей педагогтың қатысуын талап етеді. Бұл жерде әр баламен қабілетіне қарай жекелей жұмыс жүргізіледі.
Жинаққа енгізілген тапсырамладың кейбіреуі жүйелі түрде жүргізілетін жұмысты талап етеді. Себебі оларды бірден ұсынуға келмейді, өйткені тікелей ұсынылған тапсырма балалрдың орындауына қиыншылық туғызады. Мысалы: «Жасырынған дөңгелек», «Дөңгелектерді бейнеге айналдыр», «Суреттен ирек сызықтарды тап», «Пішіндерді бейнеге айналдыр».
Осы ойын тапсырмаларды пайдалану негізінде балалардың қисынды ойлауының өсу деңгейін В.Т. Кудряцовтың әдістемелік блогы арқылы анықтап отыруға болады. Олар:
бүтінді бөліктен бұрын көре білуі;
образдарды елестетіп, жинақтап сөзбен, не сурет арқылы жеткізу;
өз іс-әрекетін ойша жоспарлауы және оны жүзеге асыруы;
қайшылықты шеше отырып берілген бүтінді өзгерте білу қабілетінің деңгейін анықтау.
ТАНЫМДЫ ДАМЫТАТЫН ОЙЫН ТАПСЫРМАЛАР
Қарап алда есіңе сақта
(Тамсырмаға барлық топ балалары қатысады)
Педагогтың мақсаты: Балалардың зейінің, есте сақтау қабілетін дамыту тілдік қатынасқа түсе білуге тәрбиелеу.
Балалардың мақсаты: Суреттерді естеріне сақтай отырып тәрбиешінің сұрақтарына жауап беру.
Педагог пен баланың өзара әрекеттестігі. Педагог балаларға суретті көрсетіп, суреттерге мұқият, зейін қойып қара. Әрбір суреттің қай жерде орналасқанына, пішініне, көлеміне көңіл бөліп есіңе сақта. Суреттің беті жабылып балалардың деңгейлеріне байланысты сұрақ қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |