Қойылатын сұрақтар
Суреттерді есіңе түсір
Төмен деңгей.
Бірінші қандай сурет болды? Суретін сал
Ең соңғы сурет қандай болды? Суретін сал
Орташа деңгей.
Қашаның артында не өсіп тұр? Суретін сал
Кубикте неше саны жазылған? Санды жаз
Жоғары деңгей.
Барлығы неше сурет болды? Санды жаз
Аюдың жанында не бар? Суретін сал
Ешкінің себетінде не болды? Суретін сал
Сиқырлы таяқшалар
(Әрбір баламен жекелей ойналады)
Педагогтың мақсаты: Зейін қою қабілетін – мақсаттылық, табандылықты дамыту. Өз бетімен ойлануға, тұжырым жасап бір шешімге келуге, шығармашылық ойын дамыту.
Балалардың мақсаты: Барлық күш-жігерін бір бағытқа бағыттау. Қиындықты жеңу.
Педагог пен баланың өзара әрекеттестігі: Балалар берілген үлгіге қарап, дәл сондай 5 шаршыдан тұратын пішін құрастырады.
Төмен деңгей.
5 шаршының 4 таяқшасын алып тастай отырып 2 тең емес шаршы қалдыр.
Орташа деңгей
5 шаршының 4 таяқшасын ала отырып 3 шаршы қалдыр.
Жоғарғы деңгей
5 шаршының 3 таяқшасын ала отырып 3 бірдей шаршы қалдыр.
Ережені сақта
(Әрбір баламен жекелей ойналады)
Достарыңызбен бөлісу: |