Алкадиендер немесе диен көмірсутектері деп молекуласындағы көміртек тізбегінде екі қос байланысы бар қанықпаған көмірсутектерді айтады. Алкадиендер молекуласында екі қос байланыс болғандықтан, оларда алкендерге қарағанда 2 атом сутек кем болады. Диен көмірсутектерінің жалпыформуласын былай өрнектеуге болады: СnH2n-2, мұндағы n≥3.
Диен көмірсутектерінде қос байланыстардың өзара орналасуы әртүрлі болуы мүмкін. Соған байланысты диендер үш топқа бөлінеді:
4
Алкедиендердің номенклатурасы алкендерге ұқсас, бірақ айырмашылығы – қос байланыстың саны екеу болғандықтан – ен жұпнағының алдына оның саны көрсетіліп – диен деп аталады. Тізбектегі көміртек атомдарын қос байланыс жақын орналасқан жағынан бастап нөмерлеп, қос байланыстардыңорнын санмен белгілейді:
Симметриялық диендерді атауда олардың екі радикалдан құралғанын ескереді, мысалы, дивинил CH2=CH─CH=CH2 немесе бутадиен - 1,3