Педагогтар, әсіресе беделді адамдар тарапынан, соның ішінде басшылар мен ата-аналар тарапынан берілғен бағаны түсінуте бейім. Жағымды баға педагоггы ынталандырса, жағымсыз бағалау өзінің қызметін, кәсіптік позициясын, өзгелермен қарым-қатынасын қайта қарауына алып келеді. Сондықтан педагогикалық ұжымдағы қатынас өзара сыйластық, талапшылдық және ниеттестік сипатта болуды талап етеді. Әлеуметтік-психологиялық климаттың тұлғаға ықпал жасауының басты механизмі – еліктеу, өзге адамдардың сезімін, ойларын тікелей қолдану, пайдалану. Өзара әрекеттестіктің екінші жағы жеке тұлғаның ұжымдағы климатқа ықпалын сипаттайды. Обал, сауапты білетін, принципті, іске жауапкершілікпен қарайтын, төртіпті, кепшіл, қайырымды, әдепті педагогтар ұжымда жағымды климат қалыптастыруға елеулі ықпал жасай алады. Ал керісінше, тоғышар, әдепсіз, тәртібі тиянақсыз ұжым мүшесі жағымсыз климат орнықтыруға ықпал жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |