Әлеуметтік қажеттіліктер. (ұжымға қабылдануы,олардың қадірлеуіне және қуаттауына, адамдардың жылы лебізді қатынастарына ие болу).Осы топқа адамдардың күшті, өзіне сенімді, қабілетті, бәрі жайлы хабардар болуы, сонымен қатар оны басқалардың қабылдауы, түсінуі, қолдауы – осы қажеттіліктердің барлығы жатады. Адамдар оларға қатты әсер ететін осы қажеттіліктері арқылы көшбасшы (лидер) болуға немесе міндеттерді шешуде пайдалы, беделді болуға ұмтылады.

Құрметке ие болу қажеттілігі.(кәсіпорын үшін өзінің қажеттілігі мен маңыздылығын сезіну, айналасындағылардан құрмет көру тілегі, әлеуметтік жоғары мәтебиеге ие болу). Адамның өзін — өзін сыйлауы, жеке басының жетістіктері, басқалардың көрсетін қызметі мен құрметін жатқызуға болады.
Өзін — өзі көрсете білуге деген қажеттілік. ( өзінің қабілеттерін ашуға, шығармашылыққа, дамуға, өз өмірінің мәнін түсінуге деген ұмтылыс).Бұл топ адамның өзінің білімін, қабілеттілігін, біліктілігін анағұрлым толығымен қолдануға тырысатын қажеттіліктер жиынтығын біріктіреді. Бұл қажеттіліктер басқа қажеттіліктерге қарағанда көбінесе жеке сипатта болады, себебі адамдар өзінің потенциалдық мүмкіндіктерін пайдалануға ұмтылады және тұлға ретінде дамуына мүмкіндік туады. Осы қажеттіліктері бар адамдар көбінесе, өзін және басқаларды қабылдауға ашық, бірнәрсе жасағыш, ойлаптапқыш және тәуелсіз болады. Осындай адамдарды басқару барысында оның қабілеттіліктерін толығымен іс жүзіне асыруға мүмкіндік беретін ерекше тапсырмаларды берген дұрыс.