Кирхгофтың екінші ережесі күрделі тізбектен бөліп алған кез келген тұйықталған контурға арналған. Омның жалпыланған заңына жатады. Бұл ереже былай оқылады: кез келген тұйықталған контурдағы кернеу түсуінің алгебралық қосындысыосы контурға қосылған ЭҚК-тің алгебралық қосындысына тең болады.
(12)
(12)-ші теңдеуді құрастырғанда мына ережелерді ескерген жөн:
А: өз еркіңмен контурды айналып өту бағытын табу керек;
В: егер алған бағытпен І токтың бағыты сәйкес болса, кернеу түсуі IR оң таңбамен (сәйкес келмесе теріс) алынады;
С: ЭҚК Е-нің алдына оң таңба қоямыз, егер контурды айналып өткенде ток көзінің ішінде теріс таңбалы қысқыштан оң таңбалыға жүрсек, басқаша айтқанда, контурды айналғанда потенциал өсетін болса.
(12)-ші теңдеуді тарамдалған тізбекте ойша бөліп алған барлық тұйықталған контур үшін құрастыруға болады, тек олар қайталанбауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |