Химиялық қасиеттері:
- 4NH3 + 5 O2 → 4NO + 6H2O (kat: Pt, Cr2O3)
- 2NH3 + 3CuO → 3Cu + N2 + 3H2O
- NH3 + HCl → NH4Cl
- NH3 + HNO3 → NH4NO3
- Ag2O + 4NH3 + H2O →2[Ag(NH3)2]OH
- 2NH3 + 3Br2 → N2 + 6HBr
- NH3 + H2O → NH4OH
- 2NH3 + H2SO4 → (NH4)2SO4
Қолданылуы
Аммиактан
минералдық тыңайтқыштар,
дәрі-дәрмектер,
қопарылғыш заттар, азот қышқылы және нитраттар өндіріледі, аммоний тұздары алынады. Аммиак төменгі қысымда (0,7—0,8 мПа) оңай сұйылады, ол буланғанда көп жылу сіңіретін қасиетіне сәйкес тоңазытқыш
қондырғыларда
Аммоний
реагент
нитраты мен
ретінде қолданылады.
аммоний сульфаты, аммоний
гидрофосфаттары тыңайтқыш ретінде кеңінен қолданылады. Аммоний хлориді: дәнекерлеуге, гальвани элементін даярлауға, ал аммоний гидрокарбонаты: кондитер, тамақ өнеркәсібінде қолданылады. Аммоний нитраты NH4NO3 мен алюминий және көмірдің коспасынан аммонал деп аталатын копарылғыш зат жасалынады.
Қазақстандағы аммиак өндірісі.КазАзот ҚазАзот АҚ– Қазақстанның кешенді өнеркәсіп орындарының бірі. Аммиак (сутегі нитриді, NH3) — NH3 формуласы бар химиялық қоспа, қалыпты жағдайларда – өзіне тән өткір иісі бар түссіз газ. Аммиактың 10 % сулы ерітіндісі мүсәтір спирті ретінде белгілі. Техникалық сұйық аммиак – минералды тыңайтқыштарды және құрамында азот бар көптеген өнеркәсіптік заттектерді өндірудегі негізгі шикізат болып табылады. Ол химия өнеркәсібінің негізгі өнімдерінің бірі болып табылады. Оның дүниежүзілік жыл сайынғы өндіріс көлемі – 180 млн. тоннадан асады. Аммиак қауіпті заттектерге жатады, және оны сақтау және тасымалдау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтамау аммиактың төгілуіне, сөйтіп адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан аммиакты өндіріс аумағынан өз күштерімен алып кетуді емес, оның тұтынушыға дейін жеткізіп беруді өндірістік циклымыздың ажырамас бөлігі деп есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |